Макроэкономика



бет55/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
Байланысты:
treatise137692

ҚР төлем балансы

млн. АҚШ долл7



Шоттар

2015

2016

І

ІІ

ІІІ

IV

А. Ағымдағы шот

-5142,1

-1216,1

-2595,06

-1842,93

-2863,7

Сауда балансы

12671,4

2668,0

1886,3

2409,3

2468,3

Экспорт

46515,9

8463,8

8721,4

9692,2

10423,8

Импорт

33844,4

5795,8

6835,1

7282,9

7955,5

Қызмет көрсету балансы

-5106,3

-990,8

-900,8

-1527,3

-1332,8

Экспорт

6476,0

1517,9

1581,7

1660,6

1549,5

Импорт

11582,2

2508,7

2482,5

3187,9

2882,3

Еңбекақы балансы

-1650,9

-285,6

-328,7

-335,6

-353,6

Инвестициялық табыс балансы

-9646,0

-2529,8

-3200,5

-2357,1

-3553,6

В. Капиталмен жəне қаржымен операциялар шоты

131,7

5,7

23,3

190,3

50,2

6.1 кестеден көрініп тұрғандай 2015-2016 жж. аралығында ағымдағы операциялар шотының тапшылығы орын алғанымен де, 2016 ж. соңында тапшылық екі есе азайып тұр. 2016 жылдың соңғы тоқсанында сауда балансы 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе азайған, ол 2,4 млрд. АҚШ долл. тең оң сальдомен қалыптасты. 2016 жыл аралығында тауарлар экспорты өсіп, 10,4 млрд. АҚШ долл. болды. Тауарлар импорты өткен жылы 8,0 млрд. АҚШ долл. бағаланады. Жалпы айтқанда, негізгі номенклатураның тауар топтары бойынша импорттың ұлғаюы байқалады. 2016 жылда 2015 жылмен салыстырғанда, қызмет көрсету балансының дефициті 1,3 млрд. АҚШ долл. көрсетті, бұл көрсеткіш алғашқы жартыжылдықта азайғанымен, 3-ші тоқсанда күрт өсті. Еңбек ақы балансы мен Инвестициялық табыс баланстары бойынша – екі көрсеткіште де тапшылық байқалып тұр. 2015-2016 жж. аралығында капиталмен жəне қаржымен операциялар шоты бойынша нетто-ағын көп азайған – 131,7 млн АҚШ долл. 50,2 млн АҚШ долл. дейін..


6.3 Шағын ашық экономика моделі
Шағын ашық экономика әлемдік нарықтың кішкентай үлесін иемденеді және өздігінен әлемдік пайыз қойылымына аса аз әсерін тигізеді, әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізе алады, яғни осы елдің үкіметі халықаралық қаржыландыру мен несиелендіруге кедергі келтірмейді.

Шағын ашық экономика моделінің алғышарттары:



  1. Y шығарылым көлемінің деңгейі сол кездегі өндіріс факторларымен және өндірістік функциямен белгіленген: .

  2. қолдағы бар табыс Y-T көлемі артқан сайын, C тұтыну көлемі де артады: C↑=C(Y-T)↑;

  3. нақты пайыз қойылымы r жоғарылаған сайын, инвестиция I көлемі төмендейді: I↓=I(r)↑;

  4. ішкі пайыздық қойылым әлемдік пайыз қойылымына тең: r=r*.

Енді ұлттық шоттың негізгі теңдігін келесі түрде жазуға болады:
NX = S - I

NX = (Y-C-G)-I
Алғышарттар ескерілген жағдайда:
(6.4)
Бұл теңдеу жинақ пен инвестицияның, сәйкесінше капитал қозғалыс шоты (I-S) мен төлем балансының ағымдағы шотын (NX) не анықтайтынын көрсетеді. Жинақ көлемі бюджет-салық саяса­тына (G және T) тәуелді: мемлекеттік сатып алулардың аз көлемі немесе жоғары көлемдегі салықтар ұлттық жинақтың деңгейін жоғарылатады. Инвестиция көлемі нақты әлемдік пайыз қойылы­мына тәуелді: пайыздың жоғары қойылымы кейбір инвестициялық жобаларды тиімсіз етеді. Сәйкесінше, капитал қозғалыс шты мен ағымдағы операциялар шоты бюджет-салық саясатының және әлемдік пайыз қойылымының ықпалымен қалыптасады.

Капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шотының сальдосы ішкі жинақ пен әлемдік пайыз қойылымы деңгейіндегі инвестицияның айырмасы ретінде анықталады.



Ішкі бюджет-салық саясатының ықпалы. Егер мемлекет шығындарын G көбейтсе, не салықтарды T азайтса, онда ұлттық жинақ мөлшері азаяды. Себебі S=Y-C-G. Сонда, инвестиция жинаққа қарағанда көбейеді. Бұл өз кезегінде капитал қозғалыс шотының оң сальдосын тудырып, шетелден қаржыландыруды арттырады. Бұл 6.2 суретінде көрсетілген.

6.1-сурет. Ішкі бюджет-салық саясатының төлембалансына әсері


6.2-сурет. Ішкі бюджет-салық саясатының ықпалы
Сыртқы бюджет салық саясатының ықпалы. Егер шетел мемлекеті өзінің мемлекеттік шығындарын көбейтсе немесе салықтарын азайтса, онда әлемдік жинақтар кемиді де, әлемдік пайыз жоғарлайды.

Әлемдік пайыздың жоғарлауы кіші ашық экономикада инвестициялардың төмендеуін қалыптастырады. Жинақтар артады да, экспорт көбейе бастайды. Себебі. NX=S-I, I төмендеуі NX көбейтеді. Сонда, шетелдегі жинақтардың төмендеуінен кіші ашық экономикада ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы пайда болады (6.3 сурет).



6.3-сурет. Сыртқы бюджет-салық саясатының ықпалы
Инвестицияға сұраныстың өзгеруі. Егер жоспарланып отырған инвестициялар жоғары көтерілсе, не болатынын көрейік. Мұндай жағдай мемлекет тарапынан ішкі инвестицияларды қолдау мақсатында салық жеңілдіктері берілген жағдайда ғана болады (6.4 сурет).


6.4-сурет. Инвестицияға сұраныстың өзгеруі
Жинақ мөлшері өзгерсіз қалғандықтан, инвестициялар шетелден қаржыландырылуы керек. Сонда капитал қозғалыс шотының оң сальдосы пайда болады.
6.4 Үлкен ашық экономика моделі
Модель келесі теңдеулерден тұрады:

  1. Шығарылым көлемі белгіленген еңбек пен капитал көлемі және өндірістік функцияға тәуелді: .

  2. Шығарылым көлемі тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың сомасы болып табылады: Y = C + I + G + NX.

  3. Тұтыну қолдағы бар табысқа байланысты: C = C(Y-T).

  4. Инвестиция көлемі нақты пайыз қойылымына тәуелді: I = I(r).

  5. Төлем балансының ағымдағы шотының жағдайы нақты айырбас бағамына байланысты: NX = NX(ε).

  6. Капитал қозғалысы шотының жағдайы ішкі пайыз қойылымы көлеміне байланысты: CF = CF(r).

  7. Капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты бір-бірін теңестіру қажет: NX + CF = 0.

Несие капиталы нарығын қарастырайық. S ұлттық жинақтар Y-C-G ретінде берілген. Ұлттық шоттың негізгі теңдігі:
S = I + NX
NX = – CF болғандықтан, осы теңдеуді басқаша жазуға болады:
S + CF = I
Бұл теңдеуден несие капиталының ұсынысы (ішкі жинақ плюс шетелден келген капитал ағымы) сұранысқа (ішкі инвестициялар) тең екені шығады.

Соңғы теңдікке жинақ, инвестиция, капитал ағымы формулаларын қоятын болсақ, онда келесідей теңдік алынады:


,

(6.5)
Бұл теңдік 6.5 суретінде көрсетілген. Қарыз қаражаттарының ұсыныс қисығы S + CF жоғары бағытталған, себебі пайыздың барынша жоғары қойылымы шетелден капиталдың ағылуын ынталандырады. Қарыз қаражаттарына деген сұраныс қисығы I төмен бағытталған, себебі пайыздың жоғары қойылымы инвестиция көлемінің төмендеуіне алып келеді. Пайыз қойылымының тепе-теңдік мәні сұраныс пен ұсыныс қисық­тарының қиылысу нүктесінде анықталады.




6.5-сурет. Үлкен ашық экономикадағы тепе-теңдік
Экономикалық саясаттардың әсер етуін талдайық. Бюджет-салық саясаты. Бүкіл әлемді бір бүтін үлкен жабық экономика ретінде қарастыруға болады. Тепе-теңдіктің шарты – инвестициялардың қорларға деген тепе-теңдікте анықталады. 6.6 суретте S̃(r) әлемдік жинақтардың және Ĩ(r) әлемдік инвестициялардың қисықтары көрсетілген. Мәселен, инвестиция­лар қисықтары теріс ығысады, ал жинақтар қисықтары оң ығысатыны бізге мәлім. Кейде (бұл жағдайды жеңілдету үшін) жинақтар пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз деп жорамалдайды, және жинақтар қисықты тік сызық ретінде көрсетеді. S̃(r) және Ĩ(r) қисықтардың қиылысуы r* әлемдік пайыз қойылымын анықтайды.

Егер үлкен экономикада кеңейтілген бюджет-салық саясаты жүргізілсе, бұл жағдай ел жинақтарын ғана қысқарта қоймай, S әлемдік жинақтарды да қысқартады. S̃(r) әлемдік жинақтар қисығы S̃1(r) дейін жылжиды. Инвестициялардың жинақтарға тепе-теңдік шартқа байла­нысты әлемдік пайыз мөлшерлемесі r*-r1* дейін ұлғаяды (6.6-сурет).




6.6-сурет. Жабық экономикада бюджет–салық саясатының ықпалы
Мәселен, үлкен ашық экономика кезінде мемлекеттік сатып алуларды қорғаныс күшін күшейту мақсатында ұлғайтты немесе салықтарды қысқартты, IS қисығы оңға жылжиды. Шетелдік валютаның елге ағымының тоқталуы тек ұлттық валютаның қымбаттауына емес, әлемдік пайыз қойылымының қымбаттауны да байланысты. CM қисығы IS қисықтың ығысуымен бірге жоғары қарай жылжиды.. Сондықтан, IS қисығы бастапқы қалыпқа емес, жоғары қарай ығысқан CM қисықпен және LM қисықпен қиылысуынан өтетін ағымды қалыпта қалады. (6.7-сурет).

6.7-сурет. Бюджет-салық саясатының ықпалы.


Ақша-несие саясаты. Ақша жиынының өсуі LM қисығын оңға жылжытады. Ішкі тепе-теңдік пайыз қойылымы төмендейді және шетелге капиталдың ағымы басталады. Капиталдың шетелге ағымы себебінен сыртқы әлемдегі пайыз қойылым төмендейді. Әлемдік пайыз қойылым төмендейді.


6.8-сурет. Ақша-несие саясаттың ықпалы
Шетелге капиталдың ағымы шетелдік валютаға сұранысты қалыптастырады, ұлттық валютаның құнсыздануына және ε нақты айырбас бағамның өсуіне әкеледі. Сондықтан, импорт қысқарады. және экспорт ұлғаяды. Капитал ағымы тоқталғанша IS қисығы оңға жылжиды (6.8 сурет). Бұндай жағдай ішкі пайыз қойылым – әлемдік пайыз қойылымы төмендеген деңгейге жеткен кезде және IS1 LM 1 CM1 қисықтары бір нүктеде қиылысқан кезде іске асырылады.

Сонымен, үлкен экономикада жиынтық сұраныс өседі, пайыз қойылымы төмендейді. Ал, бүкіл әлемде ұлттық валютаның қымбаттауынан жиынтық сұраныс төмендейді.



І Негізгі түсініктер




  1. Төлем балансының капитал қозғалысы шоты.

  2. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты.

  3. Шағын ашық экономика.

  4. Үлкен ашық экономика.

  5. Халықаралық қаржы нарығы.

  6. Протекционизм саясаты.

  7. Бюджет-салық саясаты.

  8. Экспорт. Импорт. Таза экспорт.

  9. Әлемдік пайыз мөлшері.

  10. Әлемдік инвестиция мөлшері. Әлемдік жинақтар мөлшері.


ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?


  1. Ашық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі.

  2. Төлем балансында әрбір операция бір рет жазылады.

  3. Бір жыл аралығында елдер арасындағы барлық экономикалық операциялар төлем балансында тіркеледі.

  4. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты біздің экспортқа айырбасқа алынатын ақша сомасын көрсетеді.

  5. Капитал қозғалысы шоты ішкі жинақтардың ішкі инвести­ция­лардан артықшылығын білдіреді.

  6. Жабық экономикада инвестициялар жинақтарға тең.

  7. Ұлттық жинақтар шамасы ЖҰӨ минус тұтыну минус мемлекеттік сатып алу ретінде есептеледі.

  8. Үлкен ашық экономика әлемдік пайыз мөлшерлемесіне әсер ете алмайды.

  9. Шағын ашық экономика үлкен экономикаға қарағанда әлемдік қаржы нарықтарына шыға алмайды.

  10. Жинақтар мен инвестициялардың өзгеруі төлем балансы­ның ағымдағы шотына әсер етпейді.

  11. Экспорт өскен сайын таза экспорт азаяды.

  12. Ел ішінде өндірістің ұлғаюы импортты ынталандырады, ал шетелдік экономикалық белсенділік экспортты өсіреді.

  13. Егер ішкі тепе-теңдік % мөлшер­лемесі әлемдіктен төмен болса капиталдың сыртқа ағыны басталады.

  14. Ашық экономикада ішкі % мөлшер­лемесі төмендегенде капиталдың сыртқа қарай ағыны орын алады.

  15. Ашық экономикада ішкі % мөлшер­лемесі төмендегенде ел ішіне капиталдың тартылуы орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет