Макроэкономика


Экономикалық циклдің заманауи теориялық тұжырымдамалары



бет76/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
treatise137692

9.3 Экономикалық циклдің заманауи теориялық тұжырымдамалары
Экономикалық циклдардың заманауи теориясы әр түрлі моделдермен берілген. Негізгілерін бөлейік. Көп уақыт бойы Артур Берсонның және Уэлси Клер Митчеллдің моделдері көпшілікке танымал модель болатын. Бұл модель АҚШ экономикалық зерттеулерінің Ұлттық бюросымен бірнеше онжылдықтар бойы жүргізілген үлкен масштабты зерттеулер шегінде, XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың ортасына дейінгі мерзімдегі АҚШ-тағы іскерлік циклдарының даму механизмдерінің ортағын табуға тырысты. Өз зерттеулерінің нәтижелерін олар 1946 жылы «Бизнес-циклдардың талдауы» атты монографиясында жариялады. Олардың ойынша, іскерлік белсен­діліктің циклы ұзақмерзімдік ұлғаюшы трендтің айналасындағы ауытқуларды (уақытша ауытқушылықтар) білдіреді, яғни шығару мен жұмысбастылықтың уақытша салыстырмалы тұрақты қозғалы­сын анықтаушы үрдістер (9.4. сурет). Авторлардың пікірінше, тренд – бұл, ұзақ мерзімді экономикалық өсуді (еңбек ресурстарының өсімі, жинақтардың деңгейі, технологиялық жылжуы және т.б) негіздейтін, факторлар әрекетінің нәтижесі. Циклды анықтаушы факторлар, ұзақмерзімді трендтің қалыптасуына әсер етпейді немесе аз әсер етеді.

Ғалымдар (Р.Уолкс, Э.Прескетт, Д.Кемпбелл, Г.Мзнкью) осыдан кейін, басқа идеяны ұсынды. Бұл идеяға сәйкес, шығарудың ауытқуы ұзақмерзімді трендтен уақытша ауытқудың нәтижесінде емес, тұрақты шоктардың әсерінен қалыптасады. Олардың ойынша, егер кездейсоқ шоктың әсерінен шығарылым берілген жылда жоғарыласа, онда кейінгі жылдардағы тренд та жоғары болады (9.5 сурет). Бұл шығаруға кездейсоқ әсерінің салдарының уақытқа тұрақтылығын куәландырады.


9.4-сурет. А.Бернсен мен 9.5-сурет. Іскерлік

У.Митчеллдің белсенділік циклы
Іскерлік циклдарды зерттеу үшін екі негізгі әдісін – детерминистикалық және стохастикалық қолданады. Детерминистикалық әдіске сәйкес, циклдардың себебі іскрлік белсенділіктің тербелісі макроэкономикалық динамиканың тұрақты заңдылығына айналатындықтан, болжанған факторлар болып табылады. Макроэкономикалық динамиканың орталық қайнар көзі, экономикалық субъекттер шарттардың немесе жағдай­дың өзгерісіне кейбір іркілістермен жауап беретіндіктен, жүйелік сипаттағы іркілістер болып табылады.

Стохастикалық циклдардың негізінде, уақыттағы кездейсоқ шоктардың өзгеру процесін көрсететін «импульс-тарату» механизмі жатыр.

Шоктар (дүмпу), немесе импульстар, әр түрлі ұзақтықты және амплитудалы циклдарды тудырады. Шоктпрдың үш типін ажыратады:


  • ұсыныс шоктары;

  • жеке сектордың сұранысындағы шоктар;

  • саяси шоктар.

Ұсыныс шоктары – шикізаттағы әлемдік бағаның тербелісі; табиғи катаклизмалар; маңызды өнертабыстар мен ашулар.

Жеке сектордың сұранысындағы шоктар – экономи­калық субъекттердің күтулерінің өзгерунен (кәсіпкерлердің немесе тұтынушылардың көңіл-күйі) болған инвестициялық немесе тұтынушыдық шығындардың өзгерісі.

Саяси шоктар макроэкономикалық саясаттың шараларын (ақша ұсынысындағы өзгерістер, фиксалды және валюталық саясат) қолдану нәтижесінде туындайды.

Цикл теориясындағы стохастикалық әдіске сәйкес, циклдар іскрлік белсенділіктің тербелісін тудыратын кездейсоқ, бірақ қайталанатын экзогенді шоктардың салдары болып табылды.

Самуэльсон-Хикстің экономикалық цикл моделі

Самуэльсон-Хикстің моделі – айнымалылар уақытта қарастырылатын әдеттегі кейнсиандық динамикалық модель; жай модель өзіне екі экономикалық субъекттер: үй шаруашылығы және фирмалар, берілген тек игіліктер нарығын қосады. Экономикалық субъекттердің мінез-құлықтары статикалық күтулер схемасы бойынша қалыптасады. Модельде баға деңгейі мен пайыз қойы­лымы тұрақты деп алынады. Модельде жалпы сұраныстың ауытқу механизмі акселерация қағидасы мен мультипликатор моделінің көмегімен түсіндіріледі.

Ағымдағы мерзімдегі тұтыну көлемі алдағы мерзімдегі табыспен анықталады, яғни үй шаруашылығының тұтынуын сипат­тайтын формулаға уақытша іркіліс енгізілген:
Сt =C0 + Cy Yt-1 ,

мұндағы C0 – үй шаруашылығының автономды тұтынуы; Cy –- тұтынуға шекті бейімділік; Yt-1 – мерзімнің табысы.

Акселерация қағидасына сәйкес, инвестициялау көлемі соңғы өнімге сұраныстың өсуіне тәуелді:
Iин = a(Yt–1 — Yt–2),

мұндағы Y – соңғы өнімге сұраныс; t-1, t-2 – уақыт мерзімдері.

Формуладан, жаңа инвестициялар шығарылымның өзгеруі­нің нәтижесі болып табылатындығы, яғни t-1 мерзімде орны болған, бірақ уақыттық іркілістің болуынан t-2 мерзімінде жүзеге асыры­латын табысты көрсетеді.

Сұраныс пен ұсыныстың тең болу шартынан мынау шығады:


Yt = Ct + ,

мұндағы Ct – үй шаруашылықтарының сұранысы; It – бұл автономды (Іаt) және жеке (Іинt) инвестициядан тұратын бизнестің сұранысы.

Ct және It мәндерін 9.3 теңдеуге қойып мынаны аламыз:
Yt = Co + Cy Yt–1 + Iин+ Iа.
формуланы өзгертсек:
Yt= Cy Yt–1+a (Yt–1— Yt–2) +Аt,

мұндағы Аt – үй шаруашылығы мен фирмалардың автономды шығындары.

Экономикалық жүйенің мінез-құлықтары Cy-пен a-ға тәуелді. Хикс бойынша, бұл параметрлердің шамалары сонша­лықты, олар жарылыстар емес тербелістер тудыра алады, өйткені шектеушілерге кезігіп қалады. Толық жұмысбастылық деңгейі жоғарғы шектеуші болып табылады, төменгісі – амортизациялық жарнаның көлемі.

Хикстің тұжырымдамасы екі басты элементтерге негіз­деледі:



  • табыстың ұлғаюы мен құлдырауының жалпы процес­терінің шексіздікке дейін жалғасуына мүмкіндік бермейтін жоғарғы кедергінің, немесе «шектің», және төменгі кедергінің, немесе «еденнің» болуы.

  • табыс «шекке» немесе «еденге» жеткен кез келген уақыттарда, оның кері бағытта қозғалуы.

Бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары

ХХ ғасырдың 70-ші жж. бастап бизнес-циклдің талдауында неоклассиктердің моделдері басым бола бастады. Өздерінің теория­лық көзқарастарында олар нарықтық механизмнің кемелденуі туралы және бағалар мен жалақының икемділігі туралы жағдай­лардан шығады. Экономиканың қызмет етуінің осы жағдайларында шығарудағы және жұмысбастылықтағы циклдық тербелістердің себебі жалпы сұраныстың өзгеріне әкелетін шоктар болып табылады.

Бизнес-циклдың неоклассикалық теорияларында экономи­ка­дағы циклдық тербелістерді түсіндіруші екі әдіс көрсетілген:


  • кемелденбеген ақпарат теориясы;

  • нақты бизнес-цикл теориясы.

Кемелденбеген ақпарат теориясы

Жалпы сұраныстың өзгеруіне үкіметпен жүргізілетін ақшалық экспансия импульс болуы мүмкін. Номиналды жалпы сұраныстың , баға деңгейінің және номиналды жалақының өсуі мұндай саясаттың нәтижесі болады.

Қалыптасқан экономикалық ситуацияда өндірушілер жеткілікті ақпарат болмаса, өз өнімдеріне қатысты бағаның немесе жалпы баға деңгейінің қаншалықты өскенін нақты анықтай алмайды. Бұл сұраққа дұрыс жауап беруден өндіріс көлемі тәуелді: бірінші жағдайда фирмалар өндіріс көлемін ұлғайтумен қызықса, ал екіншісінде олай болмайды. Кемелденбеген ақпарат жағдайында өндірушілер бағалар тек олардың өнімдеріне жоғарылады деп ойлап, қателік жіберулері мүмкін. Шындығында бағаның жалпы деңгейі өскен. Белгісіздік – нақты ақпараттың жоқтығы жағдайында кәсіпкерлермен қабылданатын барлық шешімдердің ерекшелігі. Бұл жағдай Р.Лукасқа әр жеке тауардың нарығын, тұрғындары тек қана аралда болып жатқанды ғана біле алатын аралмен салыстыруға мүмкіндік берді.

Нарықтың қатысушылары да «аралдықтар» сияқты басқа нарықта-«аралда» не болып жатқандығынан бейхабар. Ақырында нарықтың қатысушылары («аралдықтар») олардан тыс жерде не болып жатқандығын біледі, бірақ кешігумен (іркіліспен).

Жұмысшылар ағымдағы жалақы мөлшерінен хабардар болғанымен, елдегі бағаның жалпы деңгейінен бейхабар болуы мүмкін. Бұл нақты жалақыны анықтауды проблематикалық етеді. Егер жұмысшылар номиналды жалақының өсуін нақтының өсуі деп қабылдаса, онда олар еңбек ұсынысын арттыруға дайын. Бұл фирманы өнім көлемін арттыруға ынталандырғанымен, нақты өмірде қатысты бағалар мен нақты жалақы өзгермеген.

Егер экономикалық субъекттердің мінез-құлықтары рационалды күту схемасы бойынша қалыптасса, онда, Р.Лукастың ойынша, жеке нарықтағы өзгерістер жартылай бағаның жалпы деңгейінің өсуін бағаласа, жартылай тауардың қатысты бағасының ұлғаюын бағалайды. Жалпы сұраныстың шогы экономикалық субъекттермен жалпы ұсыныстың ұлғаюына әкеледі. Ұсыныс функциясына сәйкес:

Y = Y* + b(P - Pe)

мұндағы Y* - өнімнің потенциалды көлемі; Pe – күтілетін бағалар.

Егер Р > Pe болса, онда әрбір жеке өндіруші тауардың қатысты бағасы өсті деп санайды. Егер барлық агенттер экономиканың қызмет ету механизмін түсінсе және олардың күтулері рационалды болса, онда экономикалық субъекттердің болашаққа жасаған болжаулары барлық қол жетімді ақпараттарды, үкіметтің экономикалық саясаты туралы ақпаратты қоса, ақпаратты өңдеудің ең тиімді варианты ретінде қалыптасады.

Саяси шоктар бизнес-циклдар үшін импульстің қайнар көзі ретінде

Кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдер қабылдаудағы белгісіздігіне негізделген бизнес-циклдың кейнсиандық теориясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамыған елдердің нақты экономикалық динамикасына қайшы келді. Экономистердің бір бөлігі экономикалық конъюнктураның тербелістері негізінен мемлекетпен жүргізілетін ақша саясатының нәтижесінде пайда болатын саяси шоктардың себебінен болуы мүмкін деген тоқтамға келді. Бұл көзқарас теориялық дәйектеме және практикалық дәлдеуді М. Фридменнің – монетаризмнің басты теоретигі және оның ізінен ерушілердің еңбектерінен тапты.

Милтон Фридмен мен Анна Шварцтің «АҚШ-тағы моне­таризм тарихы (1867-1960)» еңбегінде статистикалық мәліметтер негізінде, АҚШ-тың шығару циклдарына көбінесе айналымдағы ақша мөлшерінің айтарлықтай өзгерісінің сәйкес келетіндігі туралы тоқтамға келді. Монетаристер мынадай тоқтамға келді – 1929-1933 жж. Ұлы дағдарыс «Вашингтонда жасалынды» және көбінесе ақша базасының күрт қысқаруына жол берген, экономиканың рецессия сатысындағы жағымсыз құбылыстарды күшейткен ФРС-ның қате ақша саясатымен түсіндіріледі. Ғалым-монетаристердің пікірінше, айналымдағы ақша массасының өсу қарқыны циклдық схема бойынша өзгереді және бизнес-циклдің динамикасын басқарады. Сонымен, ақша ұсынысының өсу қарқыны өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетеді және іскрлік циклдің шыңының басына жеткенше баяулай бастайды және оның түбіне жеткенше жылдамдайды. Осылайша, ақша факторымен номиналды ЖҰӨ арасындағы бай­ланыс инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы байланысқа қарағанда, айтарлықтай дәлірек және тұрақтырақ. Егер ақшаның айналымдағы өсу қарқыны құлдыраса, ЖҰӨ-нің өсу қарқыны төмендеуіне ықтималдық бар.

Осы жағдайда ЖҰӨ-нің өсу қарқыны төмендеген сайын, шығарудың құлдырауы да соншалықты көп. Егер айналымдағы ақшының өсу қарқыны ұлғайса, қарама-қарсы процесс байқалады.

Жоғарыда айтылғандардан М.Фридмен мынадай қоры­тынды жасады – іскерлік циклді жеңілдетудің мақсаты ФРС, оның ұсынған, «ақша ережесін» жүргізуге міндетті. Бұл ережеге сәйкес, мемлекет айналымдағы ақша массасының тұрақты негізделген өсуін сақтауы қажет.

М.Фридменнің теңдеуі ақша массасының өсу мөлшерін анықтайды:
ΔM = ΔP + ΔY

мұндағы ΔM – ақша өсімшесінің орташажылдық қарқыны,% ұзақ мерзім үшін; ΔY – ЖҰӨ өсуінің орташажылдық қарқыны, % ұзақ мерзім үшін; ΔP – күтілетін инфляцияның орташажылдық қарқыны, % ұзақ мерзім үшін.

Ақша ережесі ақша массасының жылына 3–5% шегінде тұрақты және біркелкі өсуін тұжырымдайды. Ақша саясатының өзі саяси бағыттың ауысуы нәтижесінде өзгеруі мүмкін. Экономика жағдайын жақсартуға бағытталған шараларға елдегі жақындап келе жатқан сайлау әсер етуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардан шығатыны – саяси іскерлік цикл макроэкономикалық саясат шараларын қолданудың нәтижесін көрсетеді.

Нақты бизнес-цикл теориясы

Бұл теория іскерлік белсенділіктің тербелісін ұсыныс тарапынан болатын шоктармен түсіндіреді (Джон Донг, Чарльз Плоссер, Эдвард Прескотт).

Теорияның негізі болып келесі жағдайлар табылады:


  • қысқа мерзімдегі бағалар мен жалақының икемділігі;

  • қысқа мерзімге дихотомияның классикалық принципі ауыстырылады. Осыдан, нақты көрсеткіштердің өзгерісі (нақты ЖҰӨ, жұмысбастылық деңгейі) номиналды көрсеткіштердің мөлшерінің өзгерісіне тәуелді емес (ақша ұсынысы, бағалардың деңгейі), ал экономикадағы болып жатқан жылжулармен түсіндіріледі;

  • икемді бағалармен IS–LM моделі.

Кейнсиандық IS–LM моделінен нақты бизнес-циклдың жасаушылары мынадай қорытындыға келді – өндірісті эконо­микадағы толық жұмысбастылыққа сәйкес келетін потенциалды деңгейінде сақтап қалу тек қана тиімді сұраныс пен потенциалды ЖҰӨ-нің теңдігі шартында мүмкін болады. Бұл тепе-теңдік икемді бағаларды қамтамасыз етеді.

9.6-суретте LM қисығы IS пен AS(E0) ұзақмерзімді қисықпен қиысу нүктесі арқылы өтеді. Мұнда пайыз қойылымы E0 нүктесіндегі тепе-теңдікті қамтамасыз ететін r* деңгейінде белгіленеді.



9.6-сурет. Икемді бағасы бар 9.7-сурет. Нақты жалпы

жалпы сұраныстың IS-LM моделі сұраныс және нақты ұсыныс


Егер ақша нарығында өзгерістер болса, бағалар игіліктер және ақша нарығындағы тепе-теңдік сақталатындай етіп жауап береді, себебі нақта параметрлер экономикалық динамиканың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып өзгеріссіз қалады.

Сондықтын жалпы ұсыныстың нақты көлемі еңбек ұсы­нысы мен шығарылымының, өндірістің әрекет етуші технология­лары мен капиталының арасындағы тәуелділікті көрсетеді, онда тепе-теңдіктің бұзылуы осы үш құрам бөліктердің өзгерісімен туындауы мүмкін.

Еңбек ұсынысының ұлғаюы 2 себепке байланысты: еңбек төлемі (W) және пайыздың нақты қойылымы (r). Нақты бизнес-цикл теориясының өкілдерінің пікірінше, еңбекті төлеудегі мардымсыз өзгерістің өзі шығарылым деңгейі мен жұмысбастылықтағы үлкен тербелістерге әкелуі мүмкін. Бұл тербелістер мынаған себеп болады:


  • жалақы динамикасына қатысты еңбек ұсынысының жоғары икемділігі;

  • жұмысшылардың бизнес-цикл уақытындағы жалақының көтерілуі уақытша құбылыс екендігін түсінуі.

Себебі еңбек ұсынысының өсуімен өндіріс көлемі ұлғаяды, онда жалпы ұсыныс қисығы көтеріліп келе жатқан сипат алады (9.7 сур.).

9.8-суреттен егер мемлекет мемлекеттік сатып алулар көлемін ұлғайтатын болса, онда AD қисығы оңға жоғары жылжиды. Бұл жағдайда өндіріс көлемі мен нақты пайыз қойылымы көбейеді (Y1, r1).


9.8-сурет. Мемлекеттік шығындардың өсуі


Технологияның күрт өзгерісі олардың тұрақтылығына немесе уақытшалығына байланысты екі бағыт бойынша әсер етеді. Алғашқылары сұранысқа, ал екіншісілері – ұсынысқа әсер етеді (9.9, а және б сур.).

9.9. а сурет. ADr қисығы ASr қисығына қарағанда көп көлемге жылжиды. Өндіріс көлемінің өсуі (Y0-дан Y1-ге дейін) және пайыз қойылымдары (r0-ден r1-ге дейін).



9.9 ә сурет. ASr қисығы ADr қисығына қарағанда көп көлемге жылжиды. Өндіріс көлемінің өсуі (Y0-дан Y1-ге дейін), пайыз қойылымдарының (r0-ден r1-ге дейін) төмендеуі.

9.9.а-сурет. Сұранысқа басымырақ 9.9.ә-сурет.Ұсынысқа

әсер ету басымырақ әсер ету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет