7.4 Манделл-Флеминг моделі
Манделл-Флеминг моделі – тіркелген және қалқымалы айырбас бағамы кезінде әртүрлі экономикалық саясаттарды жүргізу нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын кіші ашық экономика моделі.
Манделл-Флеминг моделінің шарттары:
Y = C(Y-T) + I(r) + G + NX(e) → IS – тауар нарығы;
M/P = L(r,Y) → LM – ақша нарығы;
r = r*.
Модельде үш эндогенді айнымалы бар: Y, e, r. Екі график тұрғызу ұсынылады. Әр графикте айнымалылардың біреуі константа ретінде қабылданады, ал талдау екі айнымалылардың байланысын зерттеу үшін жүргізіледі.
Манделл-Флемингтің Y–r моделі 7.5.1 суретте көрсетілген.
7.5.1-сурет. Манделл-Флемингтің Y–r моделі
Суретте IS қисығы төмен, ал LM – жоғары бағытталғаны көрсетіліп тұр. Көлденең сызығы әлемдік пайыздық мөлшерлемені сипаттайды.
Графиктің екі ерекшелігі бар:
IS қисығының көлбеуі айырбас бағамының деңгейімен шартталған. Айырбас бағамының жоғарылауы қисықты солға жылжытады;
барлық үш қисық бір нүктеде қиылысады.
Манделл-Флемингтің Y–e моделі 7.5.2-суретте көрсетілген.
7.5.2-сурет. Манделл-Флемингтің Y–e моделі
7.5.2-суретте тігінен айырбас бағамының мәндері, ал көлденең – табыс деңгейі көрсетілген. Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және әлемдік пайыздық мөлшерлемеге тең деп ұйғарылады. Бұл жағдайда графикте екі теңдік көрсетіліп тұр:
Y = C(Y-T) + I(r) + G + NX(e), IS;
M/P = L(r,Y), LM.
Экономикадағы тепе-теңдік екі IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде орын алады. Осы қиылысу нүктесі айырбас бағамы мен табыстың деңгейін сипаттайды.
Манделл-Флеминг моделін талдау мемлекеттің кіші ашық экономикадағы кез-келген экономикалық саясатының нәтижелері тіркелген немесе қалқымалы айырбас бағамымен шартталған. Осылайша, қалқымалы айырбас бағамы кезінде табыс деңгейіне тек ақша-несие саясаты ғана әсер етеді, ал сол кезде валюта бағамының жоғарылауы нәтижесінде ынталандырушы бюджет-салық саясаты әсер етпейді. Тіркелген айырбас бағамы кезінде табысқа тек бюджет-салық саясаты ғана әсер етеді, ал сол кезде ақша-несие саясаты табысқа мүлдем әсер етпейді, себебі ақша ұсынысын өзгерту айырбас бағамын берілген деңгейде сақтап қалу мақсатын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |