мұндағы, Р- малды азықтандыруға қажетті ӛнімділігі тӛмен жайылымның ауданы;
0,025- шӛбін табындағы бір бастың бір күнде азық ететін жайылымның ауданы, га;
Г- табындағы мал басы;
Д- далалық аймақтағы жайылымдық кезеңнің ұзақтығы (130-150 күндей);
n– мал жаю циклдерінің саны (табиғи жайылымда –2).
Ӛнімділігі жоғары (түбегейлі жақсартылған) жайылымдардағы табын учаскелерінің ауданы келесі формула бойынша анықталады:
Н*Г*К
Р=----------------, (15)
У* n
мұндағы, Р- малды азықтандыруға қажетті ӛнімділігі жоғары жайылымның ауданы;
Г- табындағы мал басы;
Н– жайылымдық кезеңде 1 мал басын азықтандыру нормасы,
ц;
К- жайылымдық айналым коэффициенті (1,3 – 1,2);
У– 1 га жайылымның өнімділігі, ц;
n - мал жаю циклдерінің саны (түбегейлі жақсартылған жайылымда –3).
Қорада ұсталатын мал басы үшін оларға ферма маңынан учаске бөлінеді. Ол 1 басқа 0,3 га есебінен анықталады.
Кесте 17 – Жайылатын мал топтарына жайылымдарды бекіту
4.2.3. Мал жайылатын (табын) учаскелерін орналастыру
Бір табын мал басын ұстау үшін қажетті жайылым ауданын және малды айдау радиусын ескере отырып, әрбір мал тобына жайылымды бекіту жӛнінде шешім қабылданады.
Әрбір табын үшін табиғи немесе жақсартылған жайылымдардан учаскелер бӛлінеді. Олардың ауданы 17 кестеге жазылады. Жайылым жеткіліксіз болған жағдайда мал басы қорада ұсталып, жыртылған жердегі ауыспалы егістерде отырғызылған кӛпжылдық шӛптер егістігі есебінен кӛк азықпен азықтандырылады.
Мал жаятын учаскенің конфигурациясы мүмкіншілікке қарай ықшамды болуы тиіс. Олардың межелері әдетте анық кӛрінетін топографиялық контурлармен (табиғи урочищалар немесе жасанды қоршаулар, мысалы, бұрыннан бар жолдар) сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар бұрыннан қалыптасқан межелерді максималды түрде сақтау қажет. Бұл учаскелердің максималды параметрлері, яғни ені мен ұзындығы берілген мал басын суару пункттеріне айдау радиусына сәйкес болуы тиіс. Суару пунктіне малды айдау радиусы сиырлар үшін - 2,5км, 1
жасқа дейінгі м.і.қ. тӛлдері – 1км, 1 жастан асқан м.і.қ. тӛлдері – 4км.
Жайылымдық айналым саны және кезекті мал жаю схемасы анықталады.
Жайылымдық айналым әрбір табын учаскесіне ұйымдастырылады және бір мал тобына немесе малды айдау радиусын сақтай отырып, бірнеше топқа бекітіледі.
Жайылымдық айналым схемасы жайылым типіне байланысты таңдалады. Далалық аймақтағы табиғи жайылымдарда 3-4 танапты, жақсартылған жайылымдарда 3-6 танапты жайылымдық айналым ұйымдастырылуы мүмкін (қосымша Ж).
Жайылымдық айналымның ішкі территориясын реттестіру
жайылымдық айналым танаптарын жобалау;
жазғы лагерлерді (суару пункттерін) жобалау;
мал айдайтын жолдарды жобалау.
Жайылымдық айналым танаптары мүмкіндікке қарай тең ауданды және дұрыс конфигурациялы жобаланады. Әдетте олардың танаптарын орналастырудың радиалды немесе коридорлы схемасы қолданылады (сурет 11). Жазғы лагерлер жайылымдық айналымның немесе мал жайылатын учаскенің ортасына орналастырылады. Олар әдетте суару пункттерімен біріктіріліп, малдың 2-3 тобы үшін жобаланады.
Ауылшаруашылық дақылдар егістігі және табиғи жер оттылығы малмен тапталмас үшін, мал айдайтын жолдар жобаланады.
Мал айдайтын жолдар жазғы лагерь, су кӛздері және жайылымдық айналым танаптары арасында байланыс жасау үшін жобаланады және танаптардың межелері бойымен орналастырылады. Мал айдайтын жолдардың бұрылыс бұрыштары доғал болуы тиіс. Радиалды схемада мал айдайтын жолдар жобаланбайды, ӛйткені жазғы лагерьден әрбір танапқа ӛтуге болады (сурет 11а).
Жайылымдық айналым және танаптардың ауданы 18 кестеге жазылады.