Бас-таңба препараттардымикроскопиялау Жүргізу әдістемесі Препараттарды дайындау үшін фламбирленген заттық шынының беткі қабатына еттің беткі қабатын жабыстырады және шыныда таңба қалдырады.
Препараттарды тереңінен таңба алып дайындау үші 4×3×4 см өлшемді еттің кесегін алады екі рет спиртпен күйдіреді, беткі қабатын залалсыздандырады, зарарсыздандырылған пышақпен осы үлгіден 2,0×1,5×2,0 см кесегін кесіп алады, және кесілген жағымен фламбирленген шынының үстіңгі қабатына жанастырады. Таңба препараттарын ауада кептіреді, қарындашпен оның шыныдағы орналасқан аймағын белгілейді, кейін спиртовка жалынында бекітеді. Осындай әдіспен терең жағынан екі рет таңба – препаратты дайындайды. Таңба препараттарын Грамм бойынша бояйды, бекітілген препаратқа генцианвиолет бояуды құяды, 2 минут ұстап тұрады.
Кейін Люголь ертіндісін тамызады 2 минут ішінде, оны таңба – препараттың қараюына дейін ұстап тұрады, одан кейін Люгольді төгіп тастайды, үстіне 90% спирт құйып 30 минут ұстайды, содан кейін жұғындыны дистиленген сумен жуып тастау қажет. Кейін таңба препаратты 2 минут ішінде бояуды фуксин Пфейфермен жалғастырады. Фуксинді сумен шаяды және таңба препаратты фильтр қағазбен кептіреді.
Алғашында таңба препараттың жуаныдығына бояудың қарқындылығына көңіл аударады, кейін бактериялардың санын және морфологиясын ескере отырып оны микроскоптайды.
Балаусалық дәрежесінің бағалауы келесі әдіспен жүргізеді. Балауса еттен алынған таңба-препараттарда микрофлораны таппайды немесе көзге жекелік кокктар және таяқша тәріздес бактериялар көрініп тұрады, және ұлпалардың қалдықтары болмайды. Таңба препараты шыныда нашар байқалады, және нашар (қарқынсыз) боялған.
Күмәні балғын еттен алынған таңба-препараттарда орташа есеппен 30 микроб табады, көзбен қарағанда ұлпа түсу байқалады, таңба препаратты жақсы боялған болады.
Балаусыз еттін таңба препаратта 30 - дан көп микроб, таяқшаларды анықтайды. Ұлпаның түсуіне байланысты таңба-препараты жуан, шыныда анық көрінеді және қарқынды боялған.
Тапсырмалар Еттің орташа сынама үлгісін алу ережесін меңгеру.
Ет үлгісінің органолептикалық көрсеткішін зерттеу.
Микроскопияны өткізу.
Зерттелген ет үлгісінің балғындылық дәрежесіне қортынды жасау..