Ұшпа май қышқылдарын анықтау Ұшпа май қышқылдарын еттен су моншасымен бірге айыру жолымен анықтайды. Ет фашына ұшпа негіздерін байланыстыру үшін және ұшпа май қышқылдарын алу үшін концентрирленген күкірт қышқылын қосады. Бұл талдауды жүргізу үшін дөңгелек жұмыр шынылы айырушы аппарат, мұздатқыш, бу жасаушы, дистиллят жинағы үшін жұмыр шыны болуы қажет.
Дөңгелек жұмыр шыныға 25 г жентекті салып 150 мл 2% күкірт қышқылы ерітіндісін құяды, жұмыр шынының ішіндегілерін араластырып, құралдардың барлық бөліктерін қосады. Суды бу жасаушыда қайнағанша ұстайды, дөңгелек жұмыр шыныны электірлік плитада қыздырады. Ұшпа май қышқылдарын айыруды жұмыр шыны қабылдаушыда 200 мл дистилят жиналғанша дейін жалғастырады. Содан соң дистиллятқа фенолфталеиннiң 3-5 тамшысы қосылады және берiк таңқурай бояуын пайда болуға дейiн (немесе күйдiргiш қали) зәрлi натрийды 0, 1н ерiтiндiні титрлейдi, бақылау тәжiрбесi параллель қойылады: (етсiз ) қышқылдың 150 мл 2%-тік күкірт қышқылын айдайды , 200 мл дистиллят жинап 0,1 күйдіргіш натрий ерітіндісінде фенолфталеин бойынша қайта титрлейді. Формула бойынша есептейді:
Х = (а - β) × К
2
мұндағы, Х – ұшпа май қышқылдарының саны, мл;
а – 25 г еттен 200 мл айдаудың титірлеуге жұсалғаны;
в – сондай, бақылау тәжірібиесінде;
2 – Күйдіргіш натрийді 0,2 н-ға қайта есептеу
К – күйдіргіш натрий ерітіндісін 0,1 н титрге дұрыстау.
Фенолфталеинмен титрлеу бойынша аминді – аммиакты азоттың санын анықтау Жұмыр шыныға су мен еттен дайындалған 10 мл 1:4 қатынаста фильтрлі қағаз арқылы сүзгіден өткен сығынды құяды. 40 мл дистилденген су және 1%-тік фенолфталеиннің спирттік ерітіндісінің 3 тамшысын қосады. Сығындыны 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісімен әлсіз-қызғылт түске дейін бейтараптайды. Кейін жұмыр шыныға 10 мл фенолфталеин бойынша бейтараптанған формалинді қосады. 10 мл сығындыдағы аминді-аммиакті азоттың барын формаула бойынша анытайды:
Х = 1,4 × а
Мұндағы, а - децинормалы күйдіргіш натрийдің миллилитрлерінің саны.
Сапалы етте 1,26 мг аминді – амиакті азот (үй қоянының етінде 0,98 – 1,82 мг) болады.
Күмәнді балғын етте 1,27-1,68 мг (үй қоянының етінде 1,90 – 2,5 мг).
Балғын емес етте 1,68 – ден көбірек (үй қоянының етінде 2,5 мг асады).