Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет46/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Анықтау әдістемесі. Титірленген қышқылды анықтау үшін жұмыр шыныға 10 мл ет сығындысы құйып, 40 мл дистилденген су қосады кейін 0,1 н NaОН-та фенолфталеин бойынша титірлейді. Тотығуды анықтау үшін жұмыр шыныға 50 мл дистилденген су құяды, 5 мл 0,4н. Күкірт қышқылының және 0,1 н марганцево қышқыл калий 1-2 тамшысын әлсіз қышқыл түске дейін тасытады. Ерітіндіні 40-50°С-да қыздырып, 2 мл ет сығындысын қосады, және бірден 0,1 н марганцевоқышқыл калийімен әлсіз қызғылт түске дейін титірлейді. 10 мл ет сығындысындағы марганцово қышқыл калийінің миллилитіріне есептеу жүргізеді, титірлеген кезде жұмсалғандарын 5-ке көбейтеді. Бірінші көрсеткішті екінші көрсеткішке бөлім, осындай әдіспен қышқылдық-тотығу коэфициентін анықтайды.
Буланған еттің қышқылдық-тотығу коэфициенті 0,15-0,20-ға тең; ал сау жануардың піскен балғын етінде 0,40-0,60; ауру жануардың піскен етінде 0,2-0,4. Егер ет бүліне бастаса онда қышқылдық-тотығу коэффициенті төмендей бастайды.
Бейтарап формалинмен реакциясы (Формолдық сынама)
Жануар бұлшық еттерінде ауыр өтетін инфекцияларда ақуыздық алмасудың аралық және соңғы өнімдері (полипиптидтер және бос аминқышқылдары) жиналады. Бұл реакцияның маңыздылығы осы өнімдерді формальдегидпен тұндыру.
Жүргізу әдістемесі. Ет сынамасын дәнекер ұлпасынан және майдан босатады. Езілген етті пемткпен сылап, жұмыр шыныға өткізеді әне қайнағанша дейін ақуыздардың тұнуы үшін қыздырады. Кейін жұмыр шыныны құбыр суымен суытып және 5%-тік қымыз қышқылын бейтараптау үшін 5 тамшы қосады да оны ішіндегісін түтікшеге төгіп, қағаз фильтр арқылы сүзеді. Лай сығындыны екіншірет фильтірлейді және центрифугалайды. Түтікшеге 2 мл сығынды құяды және 1 мл бейтараптаушы формалин ерітіндісін қосады.Жануар етінің сығындысы, өлген немесе қатту ауыру кезеңінде қатты түйіртпекке айналады; ауру малдардың етінің сығындысында үлпек пайда болады; Сау жануардың етінің сығындысы сұйық болыпқаладй немесе кішкене лайланады.
Бактериологиялық зертхана
Бактериоскопия үшін ірі қара мал ұшасынан екі лимфа түйінін кесіп алады. Шошқа ұшасының жақ асты лимфа түйіндерінен микроскопия үшін препарат дайындайды. Одан басқа бұлшық ет ұлпасынан жағынды, таңба белгі дайындайды. Грамм бойынша бояйды. Микрофлоралардың морфологиясына, микроскоппен қарау аумағындағы микробтарға назар аударады.
Тапсырма
1. Сенсорлық көрсеткіштер бойынша зерттелетін үлгінің балғындылық дәрежесін анықтау.
2. Зерттелетін ет үлгісінің қансыздану дәрежесін визуальді анықтау.
3. Зертханалық әдіспен зерттелетін еттің қансыздану дәрежесін анықтау.
4. Ет үлгісіне бактериоскопияны жүргізу.
5. Ет үлгісіне биохимиялық талдау жүргізу.
6. Зерттеулер нәтежиесі бойынша қорытынды жасау.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет