Хлорлы натрийді анықтау
3 г тұздалған етті өлшеп алып, мұқият араластырып жұмыр шыныға немесе стақанға салады, үстінен 100 мл дистилденген су құйып, жұлу үшін 15 минутқа қояды. Қоспанышыны таяқша мен немесе резіңке ұштықпен араластырады. Кейін таза жұмыр шыныға 20 мл сығынды құйып, 5%-тік хром қышқыл калийін қосады да кірпішті-қызыл түске боялғанға дейін 0,1 н күмісті азот қышқылымен титірлейді. Тұзды формула бойынша анықтайды:
Х = 0,0029 ∙ а ∙ 100 ∙ 100 / В ∙ С
мұндағы, X – азық-түліктегі тұздың мөлшері в г.
0,0029 - ас тұзының мөлшері, г.
а – сығындыны титірлеуге қолданылған күмісті азот қышқылының 0,1 н ерітіндісінің мөлшері, мл.
100 – жұлуға алынған дистилденген судың мөлшері, в мл.
100- 100 г тұздалған етті есептеу
В – тұздалған еттін өлшемі , г.
С – титірлеуге алынған солониннің мөлшері мл.
Бактериоскопия
Сапалы тұздалған етінің жұғынды таңбасы әлсіз боялады. Микроскоптың көру аймағында препараттың үстіңгі бөлігінде микроб денешіктерін көруге болады; терең қабаттардағы жұғындыларда микроағзалар жоқ.
Күмәнді балғын тұздалған етінің жұғынды таңбасы қарқындырақ боялады. Терең қабаттарындағы препараттарында 10-20 кокк таяқшаларын табады.
Балауса емес тұздалған етінің жұғынды таңбасы қарқынды боялады, көру аймағында 20-дан аса микроағзалар, әсіресе таяқшалар табылады.
Тұздықтың сараптамасы
Сапалы тұздалған етінің тұздығы қызыл түсті, мөлдір, көпіріксіз, үлпексіз, жұпар иісті, құрамы сапалы салонинге сай.
Балауса емес тұздалған етінің тұздығы қан – қызыл немесе қоңыр, бұлдыр түсті, көпірігі бар, кей кездерде үлпек болады, борсыған, іріңді, қышқыл иісті.
рН анықтау. Тұздықты түтікшеге құйып, абайлап ақуыздардың қоюланғанына дейін қыздырады (70%). Ақуыздар тұнғаннан кейін оны қағаз фильтір арқылы фильтірлейді, рН – ты еттің сығынды - фильтратындағы сияқты анықтайды. Сапалы тұздалған етінің тұздығында 6,2 көп емес; күмәнді балғын тұздығында 6,3 – 6,8; балауса емес тұздығында 6,9-дан жоғары.
Пероксидазға реакциясы. Бөлінбеген тұздықпен жүргізеді. Орындалу техникасы еттің сығынды – фильтрінікі сияқты. Сапалы тұздығы көкшіл – жасыл түсті; күмәнді балғын тұздығы ақырындап көк-жасылға, және тез арада қоңыр түске ауысады;ал, балғын емес тұздалған етінің тұздығында пайда болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |