Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы


Бірінші қуысты немесе жұмыр құрттар типі (Nemathelminthes). Жұмыр құрттар класы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата02.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бірінші қуысты немесе жұмыр құрттар типі (Nemathelminthes). Жұмыр құрттар класы 

(Nematoda). 

 

Жұмыр  құрттардың  денесі  сегменттелмеген  және  алғашқы  қуысы  болады.  Ішегі 

тарамдалмаған,  аналь  тесігімен  аяқталады.  Ас  қорыту  жүйесі  үш  бөлімнен:  алдыңғы,  орта 

және  артқы  ішектен  тұрады.  Нерв  сақинасы  жұтқыншақты  орай  орналасқан.  Тыныс  алуы 

паразиттік түрлерінде анаэробтық жолмен жүреді. Денесінің ұзындығы бірнеше мм–ден 1,5 

м дейін жетеді. Дара жынысты. Жыныстық диморфизмі айқын байқалады.  

Қазіргі  кезде  ғылымға  жұмыр  құрттардың  12  мыңға  жуық  түрі  белгілі.  Еркін  өмір 

сүретіндері,  әсіресе  өсімдіктердің,  жануарлардың  және  адамдардың  паразит  ауруларын 

түрлері жиі кездеседі. 

Өкілдері: аскарида, острица, трихинелла, Trichosomoides crassicauda, Dracunculus medinensis 

(ришта). 



Аскаридалар.  Жылқының,  шошқаның  және  басқа  да  үй  жануарларының,  сондай–ақ 

адамның  ішегінде  паразиттік  тіршілік  етеді.  Әрбір  түрде  өз  паразитінің  түрі  өмір  сүреді. 

Аналықтары аталықтарымен салыстырғанда үлкен болады (жыныстық диморфизм). Жылқы 

аскаридасының ұзындығы 37 см., шошқада – 30 см, адамда – 20 см,  диаметрі 3-5 мм. Өте тез 

көбейеді:  мысалы,  жылқы  аскаридасы  тәулігіне  200  мың  дана  жұмыртқа  туады.  Іштей 

ұрықтанады.  Ұрықтанған  жұмыртқасының  4  қабаты  оларды  сыртқы  әсерден  жақсы 

қорғайды. 


Острицалар.  Көлемі  2  см–ден  аспайтын  майда  паразиттер,  жануарлар  мен  адамның 

(баланың) тоқ ішегінде тіршілік етеді. 



Trichosomoides  crassicauda  –  көлемі  микроскопиялық  көлемде  болатын  аталықтары, 

аналықтарының жыныс мүшесінде өмір сүреді. 



Ришта  (Dracunculus  medinensis)  –  ұзындығы  100  см–ге  дейін  жететін,  жіңішке,  ақ  жіпше 

тәрізді,  ересектері  адамның  аяқ–қолдарының  терісі  астында  жара  тудыратын  гельминттер. 

Одан  шыққан  өте  майда  дернәсілдері  (личинкалары)  судағы  циклоптарда  (майда  шаян 

тәрізділер) дамиды. Олар адамдарға қайнамаған су ішкенде жұғады. 

 

 

 

 



лекция                              

 

 

Тақырып: Буылтық құрттар типі (Annelida). 

 

Лекцияның жоспары: 

1.

 

Буылтық құрттар типінің классификациясы және құрылысының жалпы сипаттамасы. 



2.

 

Көпқылтанды буылтық құрттар немесе полихеттер (Polychaeta) класы. 



3. Аз қылтанды құрттар немесе олигохеттер (Olygochaeta) класы. 

4. Сүліктер (Hirudinea) класы. 

 

Классификация. Тип 3 класқа бөлінеді: 

  1.  Көп  қылтанды  буылтық  құрттар  (полихеттер)  -  Polichaeta.  Өкілдері:  нереис,  құмқазар, 

теңіз тышқаны. 

2. Аз қылтанды буылтық құрттар (олигохеттер) - Oligochaeta. Өкілі: жауын құрты. 

3. Сүліктер - Hirudonea. Өкілі: медициналық сүлік. 

 

Жалпы  сипаттама.  Басқа  құрттарға  қарағанда  буылтық  құрттар  едәуір  күрделі  болып 

келеді. Негізгі белгілері төмендегідей болады: 

1.  Буылтық  құрттардың  денесі  гомономдық  метамериялы  болады,  яғни  олардың  денесі 

сақиналы сегменттер сияқтанып келеді. 

2. Оларда екінші кезектегі дене қуысы пайда болады. 

3.  Буылтық  құрттарда  бірінші  рет  дененің  алдыңғы  бөлігі  бас  пайда  болады.  Онда  барлық 

сезім мүшелері шоғырланған  (көз, ауыз, иіс сезу т.с.с.). 

4.  Құрттардың  денесіндегі  параподий  деп  аталатын  қосалқы  мүшелері  сегметтердің 

бүйірінде орналасады. 

5. Буылтық құрттардың қан айналу жүйесі тұйық болады. 

6. Буылтық құрттардың көпшілігінде ерекше тыныс алу органдары-желбезектері болады. 

7.  Зәр  шығару  системасы  метамерия  тәртібімен  қайталап  отыратын  сегментарлық  зәр 

түтіктерден құралады. 

8.  Жыныс  системасы.  Олар  метаморфоз  (личинкасы  трохофора  деп  аталады)  немесе  тура 

жолмен өніп-өседі. 

 

Буылтық  құрттардың  басым    көпшілігі  мұхиттарда,  теңіздерде,  тұщы  және  тұзды  суларда 



тіршілік етеді. Кейбір жоғары дәрежеде дамыған топтары (жауын құрттары, сүліктің кейбір 

туыстастары және т.б.) ылғалы мол топырақта тіршілік етуге бейімделген. Олардың ішінде 

жыртқыштар да, өсімдікпен қоректенетіндер де, паразиттер де бар. Ғылымға бұл құрттардың 

17 мың түрі белгілі. 

Құрылысы.    Барлық  буылтық  құрттарға  тән  ортақ  белгілер    денесі  созылыңқы  ұзын 

гомономдық  метамериялы  болады,  демек  денесі  бірінен  соң  бірі  қайталанып  отыратын 

дұрыс, біркелкі (буылтық-буылтық) сақиналардан тұрады. Олар біріне бірі өте ұқсас болады. 


Сондықтан  оны  гомономдық  метамерия  дейді.  Денесінің  тұрқы  тіршілік  еткен  ортасына 

қарай өзгеріп отырады, ұзындығы - 0,5 мм-ден 3 м-ге дейін, көбінесе 10-150 мм аралығында 

болады.  Буылтық  құрттардың  денесі  бас  бөлімінен  (простомиум),  келесі  сақиналардан 

(метамерлер)  және  артқы  бөлімінен  (пигидиум)  тұрады.  Олардың  сақиналары  немесе 

буылтықтары  бір-бірінен  перде  арқылы  бөлініп  жатады.  Дене  сегменттерін  (сақиналарды) 

сыртынан тығыз жамылғы немесе кутикула жауып тұрады. Кутикуланың астыңғы жағында 

бір  қабатты  эпителий  жатады.  Қозғалғанда  жеңіл  болуы,  жауларын  үркітуі  үшін  оның 

терісінде  әртүрлі  шырындар  шығарып  тұратын  бездері  көп  болады.  Көпшілік  түрлерінің 

терісінде  әртүрлі  түс  беретін  пигменттері  бар,  ал  теңізде  тіршілік  ететін  көпқылтанды 

құрттарда және әртүрлі сүліктерде бұл  пигменттер өте әсерлі және  ашық  болып  келеді. Су 

түбінде немесе топырақта тіршілік ететін түрлерінде пигменттер болмайды. 

 Нерв  жүйесі.  Орталық  нерв  жүйесі  бас  ганглиясынан    (ми)  жұтқыншақ  маңындағы  нерв 

сақинасы мен мидан шыққан нерв тізбегінен тұрады. Құрсақ тізбегінің нерв түйіндері, әрбір 

буылтыққа  бір  түйіннен  жіберіп  жалғасады.  Түйіндер  бір-бірімен  көлденең  комиссуралар 

арқылы  қосылып  тұрады.  Нәтижесінде  әрбір  құрсақ  тізбегінің  ганглиясы  буылтықтын 

мүшелері  қоздырғыш  әрекетті  жеткізіп  отырады.  Бас  гинглиясы  бүкіл  ішкі  органдарды 

нервпен қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіне байланысты әртүрлі сезім мүшелері пайда болады. 

Олар негізінде дененің алдынғы бөлімінде жинақталған. Сезім мүшелері қармалағыштардың 

ішіндегі  нерв  клеткаларының  ұшымен  қабылданады.  Тамақ    (азық)  іздеп,  оны  табуда  ауыз 

айналасында  орналасқан  сезгіш  химиялық  тітіркендіргіштер  зор  роль  атқарады.  Жарық 

сезгіш  клеткалар  бүкіл  денесінің  үстінде  орналасқан  (терісінде).  Көпшілік  теңізде  тіршілік 

ететін көпқылтанды буылтық құрттарда және көпшілік сүліктерде құрылысы әртүрлі кездері 

болады. Көпшілік көпқылтанды буылтық құрттарда тепе-теңдік мүшесі болады.          

Қозғалу  жүйесі.  Тері-ет  қапшығының  құрылысы,  жалпақ  және  жұмыр  құрттармен 

салыстырғанда  күрделі  болады  және  құрылысы  жөнінен  өздеріне  тән  белгілері  болады.  

Эпидермистің  астында  жақсы  жетілген  сақиналы  бұлшық  еттер,  ал  оның  астында  қалың 

қабат ұзын салалы бұлшық еттер орналасады. Бұлшық еттердің бұлардан басқа да топтары 

кездеседі. 

Буылтық  құрттардың  көпшілігінің  буылтықтарының  әрқайсысында  бір  жұп,  қылтанмен 

жабылған  дене  өсіндісі  болады.  Бұл  қозғалу  мүшесі  параподиялары.  Параподиялары  қатты 

органикалық  заттардан  хитиннан  түзіледі.  Әрбір  параподия  екі  тармақтан  тұрады:  арқа 

жағындағы тармақ және құрсақ жағындағы тармақ деп атайды. Арқа жағындағы тармағында 

сорайып  тұрған  буда-буда  мөлдір  қатты  тікендері  болады.  Сөйтіп  буылтық  құрттарда  ең 

бірінші  рет  қозғалуына  мүмкіндік  беретін  ерекше  дене  өсіндісі  пайда  болады.  Денесінің  

бунақтарға  жіктелуі  құрттардың  икемділігін  арттырады,  тамақ  іздеу  кезінде  судың  түбіне 

немесе  топыраққа  тереңірек  кіруге,  жауларынан  қорғануға  мүмкіншілік  туғызды.  Сонымен 

қатар, параподиялар қозғалу, жүзу қызметін атқарумен қатар сезу мүшелерінің қызметін де 

атқарады. 

Дене  қуысы.  Буылтық  құрттар  үшін  екінші  қайтара  пайда  болған  дене  қуысы  (целом)  тән. 

Целом  қуысында  дене  сұйықтығы  және  ішкі  мүшелер  (зәр  шығару,  жыныс  мүшелері  т.б.) 

орналасқан.  Целом  (дене  қуысы)  тек  қана  сүліктерде  жоқ,  ал  қалған  буылтық  құрттардың 

бәрінде болады.  

      Буылтық  құрттардың  екінші  ерекшелігі  әрбір  дене  буылтықтарындағы  қуыстар  бір–

бірінен  перделермен  бөлінген  және  екінші  қатарда  пайда  болған  дене  қуысы  көптеген  зәр 

шығару тесіктері арқылы сыртқа ортаға ашылады.        Қан  айналу  жүйесі.  Ең  бірінші  рет 

жануарлар  дүниесінде  қан  айналу  жүйесі  буылтық  құрттарда  пайда  болады.  Оларда  қан 

айналу  жүйесі  жақсы  дамыған  арқа  және  құрсақ  қан  тамырларынан  тұрады.  Қан  айналу 

жүйесі  тұйық.  Арқа  қан  тамырлары  жиырылған  кезде  қан  алға,  бас  бөліміне  қарай,  сақина 

тәрізді    қан  тамырлары  арқылы  құрсақ  тамырына  өтіп,  содан  соң  құрсақ  қан  тамырының 

бойымен артқа қарай жүреді. Қан плазмасында қанға қызыл түс беретін гемоглобин болса, 

қаны  қызыл  болады.  Кейбір  құрттардың  қанында  жасыл  пигменттің  болуына  байланысты 

қаны жасыл түсті болады. 



Тыныс алу жүйесі. Буылтық құрттардың көпшілігі қан жүретін капиллярға бай терісі арқылы 

тыныс  алады.  Ал  теңізде  тіршілік  ететін  кейбір  түрлерінде  желбезектері  де  болады. 

Желбезегінде  суда  еріген  оттегі  мен  қандағы  көмірқышқыл  газы  алмасатын  өте  ұсақ  қан 

тамырлары  болады.  Кейбір  түрлерінің    арнайы  тыныс  алу  мүшелері  болмайды,  мұндай 

жағдайда тыныс алу терісі арқылы іске асырылады. 

       Зәр  шығару  жүйесі.  Негізгі  зәр  шығару  жүйесі  метанфридиялы  құрылысты. 

Метанефридияның  тұйық  болмай  ашық  болуы,  оның  протонефридиядан  негізгі  ерекшелігі 

болып табылады. 

Ас  қорыту  жүйесі.  Тіршілік  ерекшеліктеріне  және  тамақты  тез  қорытуына  байланысты 

буылтық құрттарда ас қорыту жүйесі басқа құрттарға қарағанда әлдеқайда жақсы жетілген. 

Соған  сәйкес  ас  қорыту  жүйелері,  атқаратын  қызметіне  қарай  жеке  бөлімдерге  жіктелген. 

Олар  мынадай  бөлімдер:  ауыз  қуысы,  жұтқыншақ,  кеңіп  жемсауға  айналатын  өңеш,  етті 

қарын,  ортаңғы  ішек    (ұзын  болады),  артқы  ішек  (қысқа  болады)  және  денесінің  артқы 

жағында  аналь  тесігі  болады.  Артқы  ішекте  де    қорытылған  тамақтың  және  судың 

қалдықтары қанға сіңіріледі. Бірақ  бүл  ішектің негізгі  қызметі  денеде қорытылмаған тамақ  

қалдықтарын  аналь    тесігі  арқылы  сыртқа  шығару.  Буылтық  құрттардың  негізгі  қорегі 

омыртқасыз  жануарлар  мен  әртүрлі      жануарлардың  тамақтарының  қалдықтары. 

Көпқылтанды    құрттардың  көпшілігі  жыртқыштар.  Олар  ұсақ    шаяндармен, 

моллюскалармен, басқа буылтық құрттармен т.б.  қоректенеді. Басқа түрлері өсімдіктермен 

қоректенеді. Бұл типте нағыз  паразиттік тіршілік ететін өкілдері аз кездеседі.  

Көбеюі.  Буылтық  құрттардың  кейбіреулері  жыныссыз  және  жынысты  жолдармен  көбейсе, 

екінші    біреулері  тек  қана  жынысты  жолмен  көбейеді.  Жыныссыз    көбею  бөліну  арқылы 

болады.  Көпшілігі  жынысты  жолмен  көбейеді.  Жыныс  мүшелерінің  құрылысы  әртүрлі. 

Теңізде  тіршілік  ететін  көпқылтанды  буылтық    құрттар  дара  жынысты  және  жыныс 

мүшелерінің  құрылысы  қарапайым.  Жыныс  клеткалары  целомның    қабырғасында  дамып, 

жетілген соң жыныс клеткалары толған буылтықтың қабырғасы жарылып суға түседі немесе  

метанефридиялар    арқылы  сыртқа  шығарылады.  Ұрықтану  судың  ішінде    болады.  Тұщы 

суларда  және  ылғалы  мол  топырақтарда  тіршілік  ететін  азқылтанды  буылтық  құрттар 

(жауын  құрты)  мен  тұщы    және  теңіз  суларында    тіршілік  ететін  барлық  сүліктер  қос 

жынысты  (гермафродиттер).  Жыныс  мүшелерінің  құрылысы  күрделі  болып  келеді.  Еркек 

жыныс  мүшелері  бір  жұп  еннен  (аталық  безі),  ұрық  жолынан,  ұрық  өткізетін  жолдардан 

және 15-ші сегментте ашылатын жыныс тесіктерінен тұрады. Аналығының жыныс мүшелері 

бір  жұп  жұмыртқадан,  жұмыртқа  жолынан,  сыртқа  ашылатын  жыныс  тесіктерінен  тұрады. 

Одан басқа ұрықтану кезінде сперманы қабылдайтын тұқым қабылдағыштары болады. 

Дамуы. Көпқылтанды құрттар түрленіп (метаморфоз), ал азқылтанды құрттар тура дамиды. 

Суға  түскен  ұрықтанған  жұмыртқадан  көпқылтанды  құрттардың  трохофора  деп  аталатын 

личинкасы шығады. Аз қылтанды құрттар қос жынысты (гермафродит) болғанымен өзін-өзі 

ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ересек құрттар шағылысу кезінде бір–біріне (9 және 10–

сақиналардың тұсында) түйісіп ұрық қабылдағыштарын жақындатады. Екі ересек құрт еркек 

жыныс тесігінен (15-сақина) белгілі бір мөлшерде спермалар бөледі. Осы сәтте сақиналардан 

шырын  бөлініп,  “белбеуше”  тәрізденіп  тоңазиды.  Спермалар  дененің  “астауша”  тәрізді 

жерімен жылжи отырып әрбір құрттың жеке “белбеушесіне” жеткізіледі де, екінші құрттың 

ұрық  қабылдығышына  кіреді.  Содан  кейін  екі  құрт  бір-бірінен  ажырасады.  Осының 

нәтижесінде әрбір құрт бір-біріне спермаларын беріп ауыстырады. Құрт бұлшық ет арқылы  

“белдеушенің” бөлген шырынынан пайда болған “муфтаны” басына қарай жылжыта береді. 

“Муфта”  жылжи-жылжи  аналық  жыныс  тесігіне  (14-сақина)  келеді,  сол  жерде  жыныс 

тесігінен  “муфтаға”  аналық  жұмыртқа  жабысады.  “Муфта”  алға  қарай  жылжи  бергеннің 

нәтижесінде  9-сақина  тұсындағы  ұрық  қабылдағышында  жатқан  басқа  құрттың  спермасы 

қосылады  да  жұмыртқа  ұрықтанады.  “Муфта”  одан  әрі  жылжып  құрттын  басынан 

сыпырылып  түседі.  Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  оның  ішінен  бірнеше  (3-10)  кішкентай 

құрттар шығады. 


Буылтық  құрттардың  маңызы.  Теңіздерде  және  мұхиттарда  көпқылтанды  құрттардың 

өкілдері  көптеп  кездесіп,  олармен  кәсіптік  маңызы  бар  балықтар  қоректенеді.  Өткен 

ғасырдың  30-шы  жылдары  ғалым  Л.А.Зенкевичтің  басқаруымен  бір  топ  совет  ғалымдары 

көпқылтандылардың өкілі нерейсті  бұрын болмаған Каспий теңізіне жерсіндірген. Бірнеше 

жыл ішінде олар көбейіп, өте бағалы балықтарға, әсірісе, бекіре  балықтарға таптырмайтын 

азықтың  көзі  болды.  Тұщы  су  балықтары  сүліктің  әр  түрлерімен  қоректенеді.  Жауын 

құрттары өздерінің жер қазып әрекет жасауымен топырақтың қасиетіне, ондағы өсімдіктерге 

және  топырақта  болып  отыратын  процестерге  жақсы  әсер  етеді.  Топырақтың  ішінде  қара 

шірік түзетін органикалық  заттарды көбейтіп, оның құнарлылығын арттырады.  

Адамдар әртүрлі аурулардан емделу үшін сүліктерді ерте кезден пайдаланып келеді. Әсіресе, 

медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis)  сілекей бездерінен бөлінген белокты зат гирудин 

қанның ұйымауына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде сүліктер сорғанда қан ұйымайды. 



 

Көпқылтанды буылтық құрттар немесе полихеттер (Polychaeta) класы 

Бұл  класқа  жататындардың  көпшілігі  теңіздерде  тіршілік  етеді,  тек  аздаған  түрлері  ғана 

тұщы  суларда  таралған.  Ғылымға  13000  түрі  белгілі.  Олардың  ерекше  белгісі  – 

пароподийлері  болады.  Жақсы  жетілген  тері-ет    қапшығы  бар.  Дара  жынысты,  жыныс 

мүшелерінің  құрылысы  қарапайым.  Жетілген  гаметалар  сыртқа  шығады.  Ұрықтану  сыртта 

болады. Көп қылтанды буылтық құрттар да даму түрленіп трохофора деген личинка арқылы 

өсіп өнеді. Ас қорыту жүйесі бірнеше бөлімнен құралған түтік түрінде болады. Қан айналу 

жүйесі  дамыған  және  тұйық  болады.  Тыныс  алу  жүйесінде  желбезектері  болады.  Кейбір 

түрлері  терісі  арқылы  тыныс  алады.  Зәр  шығару  жүйесі  метанефридия  түрінде  болады. 

Сайып келгенде бұл класты өкілдерінің құрылысы жалпы типке берілген сипаттамаға сәйкес. 

Көпқылтанды  құрттарды  көпшілігі  жыртқыштар.  Олардың    ішінде  өсімдіктермен 

қоректенетіндері  де  бар.  Отырып  тіршілік  ететін  көпқылтандылар  ұсақ  организмдермен, 

өсімдіктермен  қоректенеді.  Аздаған  түрлері  паразиттік  тіршілік  етеді.  Паразит  түрлері 

балықтың әртүрлі мүшелеріне жабысып, олардың қанын сорып қоректенеді. Сайып келгенде 

көпқылтанды  құрттардың  көпшілігі  пайдалы  жануарлар  екені  сөзсіз,  өйткені  кәсіптік 

балықтар  мен  басқа  теңіз  жануарларының  негізгі  қорегі  осы  көпқылтанды  құрттар  болып 

саналады. Өкілдері: нереис, серпула, пескожил, морская мышь и т б.  

 

 



Аз қылтанды құрттар немесе олигохеттер 

(Olygochaeta) класы  

Аз  қылтанды  құрттар  түрге  бай  класс.  Ғылымға  шамамен  3500  түрі  белгілі.  Көпқылтанды 

құрттармен  салыстарғанда,  бұлардың  құрылысында,  тіршілік  әрекетінде  көптеген 

айырмашылықтар бар. Көпшілігі тұщы суларда, одан аздауы  ылғалы мол топырақта, аздаған 

өкілі  теңіздерде  тіршілік  етеді.  Бас  жағында  қармалағыштары  мен  мұртшалары, 

параподиялары  болмайды.  Жыныс  мүшелері  күрделі,  гермафродитті,  дамуы  басқа  түрге 

айналмай  тура  дамиды  (метамарфозсыз).  Ұрық  пілләнің  ішінде  дамиды.  Піллә  ішіндегі 

жұмыртқа  жас  құртқа  айналады.  Аз  қылтанды  құрттар  негізінен  өсімдік  текті  қорекпен, 

әсіресе, өсімдіктердің шіри бастаған бөлігімен қоректенеді. 

Аз  қылтанды  құрттардың  негізгі  өкілі  –  жауын  құрты.  Ол  әртүрлі  топырақты  мекен  етеді, 

әсіресе  бау-бақтардың,  егістіктердің  топырақтары  олардың  мекендеуіне  өте  қолайлы.  Ауа 

райы  дымқыл  жерлерде  жауын  құрттары  көп  болады.  Тері  бездерінің  көп  болу  ерекшелігі 

терісі арқылы тыныс алуды, топырақ арасында жүруін жеңілдетеді, терісін басқа заттардың 

бүлдіруінен  қорғайды.  Топырақ  жеп  қоректенуі  де  жер  астында  тіршілік  етуімен 

байланысты.  Қатты  тығыз  топырақты  ішіне  жұтып  алып,  ішегінен  шығарып  жер  бетіне 

шығаруы, топырақ құнарлығын арттырады. 

Суық  түсісімен  жауын  құрттары  індерін  тереңдетіп    қазып,  топырақтың  төменгі  жылы 

қабаттарына қарай ауысады.  Бұл түрге жататын жауын құрттарының ұзындығы 15-20 см, ал 

тропикалық түрлерінің ұзындығы 3 м-ге дейін жететіндігі белгілі. 


 

Сүліктер (Hirudinea) класы 

Сүліктер  тобына  денесінің  целом  қуысы  (екінші  реттегі  іш  қуысы),  параподиясы  және 

қылтандары  жоқ  буылтық  құрттар  жатады.  Бұларға  тән  белгілері  алдыңғы  және  артқы 

сорғышының  болуы.  Ғылымға  шамамен  400  түрі  белгілі.  Сүліктердің  көпшілігі  тұщы 

суларды - өзендерді, көлдерді, кеуіп қалатын қақтарды мекендейді. Тек бір тұқымдасы ғана 

теңізде тіршілік етеді. Олар уақытша жануарларға сорғыштарымен бекініп, оның қанын және 

шырынын  сорады.  Сүліктердің  ішінде  паразит  түрлері  аз.  Көпшілігі  жыртқыштық  тіршілік 

етеді.  Дене  мөлшері  құбылмалы,  ұзындығы  0,5  тен  бастап  15-20  см жететін  ірі формалары 

болады.  Дене  пішіні  сүліктерге  тән  ерекше,  әдетте  олар  жалпақтау  болады.  Денесінің  арқа 

жағы  томпақтау,  бауыр  жағы  –  жалпақтау  келеді.  Денесі  цилиндр  пішінді  формалары  да 

кездеседі. Көпшілігінің түсі қара, қоңыр, жасыл т. б. болып келеді. 

Жауын  құрты  сияқты,  сүліктің  денесі  де  бірсыпыра  сақиналарға  (бунақтарға)  бөлінген. 

Сақиналардың  саны  сүліктердің  барлық  түрінде  бірдей  –  33,  бірақ  сақиналардың  сыртқы 

ойықтары ішкі шын сақиналарға қарағанда көп болады. Нерв жүйесі күрделі: ол жұтқыншақ 

маңындағы  нерв  сақинасы  мен  бауыр  жағындағы  нерв  тізбегінен  тұрады.  Бұл  түйіндерден 

бүйірлік  нервтер  шығып,  жан-жағына  қарай  тарайды.  Сезім  мүшелері  жақсы  дамыған. 

Медициналық сүліктің көздері пигментті бокал түрінде болады. Буылтық құрттардың ішінде 

бұлшық еттері жақсы дамығаны - сүліктер. Мысалы, жауын құртының  денеснің 29,7 пайызы 

бұлшық  ет  болса,  сүліктерде  65%  болады.  Сүліктерде  қан  түссіз  немесе  гемоглобинмен 

қызыл түске боялған болады. Тыныс алу жүйесі болмайды. Газ алмасу жаңадан пайда болған 

қалың  қан  тамырларымен  жабдықталған  тері  арқылы  болып  отырады.  Зәр  шығару  жүйесі 

метанефридиялар. Олар метамерлі орналасқан. Медициналық сүлікте ол он жеті жұп болады.  

Ас  қорыту  жүйесі  қан  сорғыш  түрлерінде  өзі  қанын  соратын  жануарлардың  терісін  тесуге 

бейімделген.  Сондықтан  олардың  біреуінде  етті  тұмсығы  болса,  екінші  біреулерінде  жақ 

сүйектерінің  майда  тістері  болады.  Сілекей  бездерден  бөлініп  шыққан  ерекше  секреттер 

сүліктің сорып алған қандарының ұйып қалуына кедергі жасайтын, гирудин деп аталатын зат 

бөлінеді. Ауыз қуысы жұтқыншаққа айналады, жұтқыншақтын артында кең жемсау болады, 

мұның  бүйір  қалталары  бар.  Жемсау  ас  қорыту  қызметін  атқармайды,  тек  қана  ұсталған 

қоректі,  мысалы,  медициналық  сүліктерде  сорылған  қанды  сақтайтын  ыдыс  ретінде 

пайдаланылады. Күшті жетілген жемсау – сүліктердін ерекше белгісі. 

        

Сүліктердің  барлығы  қос  жынысты.  Аталық  жыныс  мүшелері  метамерлі  арналасқан 

түқым  бездерінен,  тұқым  жолынан  тұрады,  оларда  шағылыс  мүшесі  болмайды, 

сперматозоидтар  сыртқа  сперматофораның  ішіне  шығарылады.  Ашылған  сперматофордан 

шығып  тұқым  аналық  жыныс  тесігіне  енеді.  Аналық  жыныс  мүшелері    бір  жұп  жұмыртқа 

жолы    мен    қынаптан  түрады.  Ұрықтануы  іште  болады.  Ұрықтанған  жұмыртқаларын 

сүліктер  пілләнің    ішіне  салады.  Тура  дамиды.  Олардың  еркін  тіршілік  ететіндерінде 

личинкалары болмайды. 

Сүліктердің  бәрі  де  жыртқыштар,  бірақ  олар  бірте-бірте  паразитизм  жағына  жағына  қарай 

бейімделуде.  Кейбір  сүліктер  жылы  қанды  жануарлардың  жұтқыншағы  мен  кеңірдегінің 

түптеріне  еніп  алып  эндопаразиттік  тіршілікке  көшкен.  Мысалы,  жылқының  кеңірдегіне 

кіріп алатын лимнатис нилотика (Limnatis nilotica) сүлігі сондай.  

  

Сүліктер класы үш отрядқа бөлінеді. 



І-отряд.  Қылтанды  сүліктер.  Бұл  отрядқа  қылтанды  сүлік  (Acanthobdella  reledina)  деп 

аталатын бір ғана түр жатады. Алдыңғы сорғышы жоқ, тек қана артқы жабысқақ сорғышы 

бар. Денесі 30 сегменттен (сақинадан) тұрады. Лосось балықтарының паразиті. Олар  Онега 

көлінде және Енисей өзенінде кездеседі. 

2–отряд. Тұмсықты сүліктер. 

Бұл отрядтың өқілдері балық сүлігі (Fiscicola geometra) көл, өзен, тоспа суларды мекендейді. 

Көптеген түрлі балықтардың (шортан, алабұға, налим және т. б.) эктопаразиті. Үйректердің, 

сұңсыр  үйректердің,  сол  сияқты  моллюскалар  мен  құйрықтардың  қанымен  қоректетін 

сүліктердің түрлері бар. 


3–отряд. Жақты сүліктер. 

Сүліктің  бұл  түрлерінің  ауыз  қуысында  жақ  аппараттары  болады.  Бұл  отрядтың  өкілдері 

медицина  сүлігі  (Hirudo  medicinalis).  Жылқы  сүлігінің  жағы  нашар  жетілген.  Сондықтан 

адамның,  жануарлардың  денесін  жарақаттап,  қанын  сора  алмайды.  Олар  моллюскалармен, 

құрттармен,  насекомдардың  личинкаларымен  қоректенеді.  Медициналық  сүлік  тек  қана 

омыртқалы  жануарлардың  қанымен  қоректенеді,  ол  үшін  әуелі  денеге  жұлдыз  тәрізді  үш 

жара салып, сол жерден қанды сора бастайды. Бұл сүлік Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен-

суларда, Сырдария бойында көп кездеседі. 

Медицина сүлігінің құрылысындағы ерекше айырмашылық ортаңғы екі  бүйірінде көптеген 

тұйық  қалталарының  болуы.  Ондай  қалталар  бірден  көп  мөлшерде  әртүрлі  омыртқалы 

жануарлардың  қанын  сорып,  ұзақ  уақыт  үнемдеп  пайдаланып,  қоректенбей  жата  беруіне 

мүмкіндік  береді.  Осы  ерекшелігіне  байланысты  оны  медицинада  қан  қысымы  көтерілетін 

(гипертония)  ауруларға,  қысымды  төмендету  үшін  пайдаланады.  Сонымен  қатар  оның 

сілекей безінен емдік маңызы бар гирудин алынады.  

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет