А. Қазақ тілі сөзжасамының, стилистиканың, шешендік өнердің теориялық негізін айқындай отырып, оны оқытудың ғылыми негізін түсінеді.
В. Аталған тілдің салаларының білім беру құжаттарында берілуі, тақырыптардың жүйеленуіне анализ жасап, ұсыныс білдіреді.
C. Аталған тіл салаларын оқытуға арналған ғылыми методикалық еңбектерге шолу жасап, тиімділігін айқындай алады.
D. Осы салаларды оқытуға арналған зерттеу еңбектеріне байланысты өзіндік ойларын білдіреді.
E. Онлайн платформаларда жұмыс жасап, білім беру процесінде кері байланыс орнатады.
Әдебиеттер: Негізгі: Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграцилық білім мен интеллектуалдық әлеуеттің сабақтастығы.-Алматы: «Нұрай», 2014.- 240 б.
Рахметқызы С.Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалымдеріне арналған. 2-басылым. Алматы: «Атамұра», 2011.- 224б.
Жахина Б.Б.Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі сөзжасамын тереңдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: п.ғ.д.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 2009
Авакова Р.Ә.Фразеология теориясы. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 292 б.
Б.Б.Жахина. Сөзжасамды оқытуға қосымша. А., 2006 ж.
Б.Б.Жахина. Сөзжасамның тарау болу, соған сай терминдердің тұрақталу, тілдік тақырыптардың жүйелену мәселесі. Көкшетау, «Келешек-2030», 2006 ж.