Маликова Ш.Б.
1
, Маликов Д.Б.
2
,Омарова А.Б.
3
1
заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті
Алматы қ.,
Қазақстан, e-mail:Sholpan.Malikova@kaznu.kz
2
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқутышысы,
Алматы қ.,
Қазақстан
3
заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті,
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: omar_17@mail.ru
Виктимизацияның басты факторлары туралы
Бұл мақалада авторлар қылмыстардың виктимологиялық алдын алуда маңызды
орын алатын виктимизациялану процессіне көңіл бөлген.
Осы мақаланың мақсаты – виктимизациялану факторларын зерттеу.
Қылмыскерліктің құрамдас бөлігі ретінде виктимизация өзіндік арнайы
көрсеткіштер мен сапалық белгілерге ие. Виктимизацияның қылмыстылықтан
айырмашылығы, виктимизация қылмыстың құрбаны болу үдерісінің жиынтығын
білдіреді. Бұл мақалада авторлар құрбан болудың жасырындылығына назар аударып,
оның себептерін талдауға талпыныс жасаған.
Осы мақалада алынған нәтижелер білім беру үдерісінде, оқулықтар немесе оқу
құралдарын жазу және осы тақырып бойынша мақалаларды жариялау үшін пайдаланылуы
мүмкін. Мақала AP 05135833 «Виктимологическая политика государства и защита жертв
преступлений» атты жоба аясында жазылған.
Түйінді сөздер: қылмыскерлік, виктимизация, виктимділік, қылмыс құрбаны.