Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет13/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Тантырақтап сөйлейсің

Талға жалғап қайыңды.

Арда күрең астыңда

Ойлатпайды-ау арыңды (Ер Жәнібек).

Жоғарыдағы қонған ит, қазған ит, тантырақтап деген тіркестер нағыз халық адамының өткір ойларын білдіреді. Мысалы, қымыз ішіп қызара бөртіп отырған билердің үстіне бір қойшы келіп қалады. Үй иесі оған қымыз ұсынады. Билер дыбысын шығармай қылтығып отырғанда, қойшы қылық-қылық еткізіп жұтады. Мұны жөн көрмеген бір би:

Мына патшағар түйеше сораптайды ғой, - дейді.

Сонда қойшы жігіт:

Қылғытып жұтатын кілең есектердің ішінде бір түйе болмай ма екен,-депті.

Міне бұл өткір сатиралық реплика шешендіктің, тапқырлықтың үлгісі.

Б. Адамбаевтың сөзімен қорытындыласақ “Ақындық пен шешендік егіз өнер. Әдетте қазақтың ақыны-шешен, шешені ақын” [20, 5 б.].

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - батырлар жыры. Заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезов халық шығармашылығының бұл түріне жоғары баға бере отырып, былай деген: “Бақыт іздеп ғасырлар бойына сахараны шарлап, шарқ ұрған қазақ халқы бізге ең асыл мұра - жыр мұрасын мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі замандардан бастап дарыған ақындық даналығын қапысыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас эпостық дастандарында, сан-сан әр алуан түрлі жырларында бейнеледі” [23, 34 б.].

Мифтік сипат алған, жағымсыз кейіпкерлердің жауыздық іс-әрекеттерін, түр-түсін сипаттауда дисфемизмдер орасан зор қызмет атқарады. Мысалы: -Сол кезде жасы үш жүзге жеткен, ыстық ішкен, сұйық тышқан, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан дамбалы бұтына қатқан, өзін туғаннан құдай атқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпен жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, басы мүйіз, көті киіз бір мыстан кемпір келді (Алпамыс батыр). Осындағы ”сұйық тышқан” дамбалы бұтына қатқан “көті киіз”, “мұрнынан боқ аққан” деген дисфемистік тіркестер өте-мөте тұрпайы.



Жан көкем есен келгенше,

Ел-жүртын көргенше,

Айтып кеткен құдайға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет