Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Халық ауыз әдебиеті үгілеріндегі дисфемизмдер



бет11/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
1.2 Халық ауыз әдебиеті үгілеріндегі дисфемизмдер

Халқымыздың сөз байлығы - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі заманымызға дейін келіп жеткен алтын қазынасы, үлкен мұрасы. Сөз байлығы өз тамырын терең ауыз әдебиетінен алады. М. Қаратаев: “Әрбір халықтың өнері, әдебиеті әуелі бір елдің қоғамдық әлеуметтік тіршілік қалпындағы белгілі шарттарынан туады” [11, 12 б.].

Қай халықтың лексикасы болмасын оның ұзақ уақыт басынан өткен тарихымен, тұрмыс-салтымен, шаруашылығымен тікелей байланысты. Тіліміздегі барлық сөздер халқымыздың өнері мен білімі, ұлттық дүние танымы мен көзқарасы. Халықтық лексикада жағымды-жағымсыз эмоциялар, өкініш пен сүйініш сезімдері жақсы сақталған. Сөз тағдыры да халықтың тағдыры іспеттес талай-талай замандарды басынан өткерген. Ана тіліміздің лексикасы замандар бойы жасалып, танылып, дамып отырады. Осыған орай сөз зергері Ғ. Мүсірепов айтқандай: “Қай халықтың болса да өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы жасаған сайын жасара береді. Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі’’ [12, 151 б.]. “Әдеби тіліміз нәр алып сусындаған сан-салалы бұлақ бар, солардың ішіндегі ең бір сарқылмасы деп халық тілін атасақ лайық”, - деп жазады тілші-ғалым С. Омарбеков. Не ықылым замандар бойы атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған қазақтың халық тілі - әдеби тіліміз дамуының барша кезең-кезеңдерінде де оның қуат алар қайнар көзі болып келгені аян. Қазақ әдеби тілінің өткені мен бүгінгісіне, тарих көгінде ол кешкен ұзын-сонар соқпақтың бүкіл бұралаң-бұлтарысына көз жүгіртіп бақсақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіндегі басты ұйтқы, түп қазық халық тілі екенін айқын сеземіз. Әдеби тіліміздің тұңғыш кескін-кейпін нұсқалаған шебер де, оның жаңа дәуір талабына анық биік бел-белестерге көтерілуіне қозғау салған пәрменді күш те халық тілі. Стильдік өріс-орамы мейлінше кең сөз өнерінің таусылмас қазынасын еншілеген қазіргі әдеби тіліміздің қол жеткен табысы, абзалында, халық тілімен сабақтас. Толғауы тоқсан қызыл тілді шын қастерлеп, оны өнер танып өскен халқымыз сөз жиһазының не тамаша асылын жинап, көкейіне түйе білген, кейінгіге нұсқау қалдыра білген.

Сан ғасырлар бойы халқымызбен егіздің сыңарындай бірге жасасып келе жатқан ана тіліміз ұзақ-ұзақ тарихы бар, ежелден ірге теуіп орныққан дәстүрі бар тіл. Халықтың ауыз әдебиетінің өрен үлгілерінен, өткен-кендегі аты әйгілі ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан, бұлбұлдай сайраған шешендер өнерінен бүгінгі әдеби тіліміз мирас еткен қыруар сөз байлығы, сөз саптау машығы халықтық тілімізде есте жоқ ерте замандардың өзінде-ақ берік дәстүрдің болғандығының кепілі” [13, 3 б.].

Демек, ана тіліміз адам зат қоғамының ұзақ тарихын басынан өткерген, қиында-қилы сәттерден аман-сау қалған қасиетті тіл. Халқымыз өмір сүрген бұрын-соңды замандарда мал мен жан үшін ғана емес, ар-намыс үшін де талай айтыс-тартыстар болған. Халық керекті жерінде тіпті дөрекі, тұрпайы сөздерді де орынды пайдаланып жеңіске жетіп отырған. Адамдардың мінез-бітіміне, тағдыр-талайына, іс-әрекетіне байланысты айтылған дисфемизмдер осындай жағдайларда пайда болған.

Тіліміздегі дисфемистік атаулар көшпелі өмір салтымен, өмір сүру тәсілімен тікелей байланысты. Дисфемизмдер – салтымыздың, әдет-ғұрпымыздың болмысынан шығып, тілімізде көрініс тапқан, ұғымдық атаулар десек те болады. Барлық халықтың жазба әдеби тілі ауыз екі тілден нәр алып, халық ауыз әдебиетінен бастау алады.

Дисфемизмдердің қайнар көздері халық ауыз әдебиетінің маңызы туралы М. Ғабдуллин, Б. Ысқақов былай дейді: “Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту түрінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз” [14, 3 б.].

М. Горький: “Қаһармандардың көркемдік жағынан жетілген, ең терең, ең айқын кейіптері - еңбекші халықтың ауыз әдебиетінде жасалады”, – дейді [15, 179 б.].

Дисфемизмдер халық ауыз әдебиетінде көбірек ұшырасады. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дисфемизмдер ұлтымыздың болмысы мен дүние танымы, руханияты мен мәдениеті, тіршілігі мен тұрмысынан көрініс табады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі дисфемизмдер әр түрлі жағымсыз эмоциялық мән тудыру үшін қолданылған. Дисфемизмдер халық ауыз әдебиетінің барлық түрінде де кездеседі. Дисфемизмдердің жиі ұшырасатын жері – халық мақалдары, аңыздар, эпостық жырлар, айтыстар.

Халқымыздың мақал-мәтелдерінен оның ғасырлар бойы қалыптасқан даналығы көрінеді. Мақал-мәтелдер мазмұны жағынан бай, көлемі шағын, тілі көркем халық шығармасы, белгілі бір халықтың қоғамдық тіршілігінен, табиғат құбылыстарына көзқарасы бейнеленген қысқаша, тәрбиелік мәні зор халық туындысы.

Халқымыздың ерте заманнан бері тырнақтап жиып, сақтап, атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл қазынасының бірі мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің ауыз әдебиетіне жататын жанрлардан өзгешелігі, көне заманның мұрасы ретінде кітапханаларда, мұрағаттарда сақталып жатпай, оның өмір талабына сай жаңарып, толығып отыратындығында және күнделікті өмірге икемділігінде. Мақал-мәтелдер қай кезде болмасын халықты жақсылыққа, адамгершілікке, кішіпейілділікке, өнер-білімге уағыздайды. Бұдан біз мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні зор екендігін байқаймыз. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер тіліміздің лексикалық қорын байытуға өз әсерін тигізеді.

Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем, мағынасы жағынан терең, кең мазмұнды қамтитын, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі екені белгілі.

Халық сөздің тек сыртқы сұлулығына көңіл қоймай, ең алдымен дыбыстарды үйлестіріп, сөз ажарын арттырып, әсерлі ету арқылы сөз мағынасын шебер жеткізу үшін қолданады.

Мақал-мәтелдер – ықшамды түрде айтылатын, көп жағдайды аңғартатын, өмірдегі құбылыстарды тапқырлықпен түйіндеп, шеберлікпен жеткізетін сөз нақышы.

Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бай. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдеріндегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығын қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасын шебер, орынды қолданылуына да назар аударады. Осы ретте мақал-мәтелдерде дисфемизмдер пайда болып қолданысқа түскен.

Мақал мен мәтел – халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылған, тұжырымдалған ой-түйіні және бір ойды ұтымды, өткір етіп жеткізуі кейде дисфемизмдер арқылы да көрініс тапқан.

Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, С. Сейфуллин жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. “Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да, - дейді ол, сол заманның тұрмысының қандай болғанын, тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұқсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет болғанын көрсетеді.”

Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі; Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі” - деген ереже сөздер әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына ол заман тұрмысынан туған мұратына ұқсай туады деген сөзді қуаттайды [16, 295 б.].

М.О. Әуезов: “Мақал-мәтелдердің молдығы тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы - осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы”, - деген [17, 234 б.].

Адамгершілік пен адамдықты мақтай отырып, осы қасиеттерге қарама-қарсы екі жүзділік, арамдық, өтірік-өсек, сөзуарлық, жалқаулық сияқты мінез-құлықтарды сынайды, аяусыз әшкерелейді. Осы ретте халық мақал арқылы өз ойын кейде анайы, тұрпайы түрде де айтып отырған.

Мысалы: Дарақының күлкісі қанбас; Жалқаудың ұйқысы қанбас; Аңқау елге арамза молда; - Жасыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боларсың; Қараша-қауыс, кәрі-құртаңды тауыс; Былшылдамаса мылжыңның іші пысады; Біреу мылжың дей ме деп зәресі ұшады; Ат жаманы тайменен ойнар, қатын жаманы байымен ойнар; - Құдай ошақтың үш бұтынан берсін; Түс - түлкінің боғы (Мақал-мәтелдер).

М. Балақаев пен М. Серғалиев: “Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халық тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың “бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады”, - деп мақал-мәтелдерге үлкен баға береді [18, 94 б.].

Халық тұрмысының айнасы болған мақал-мәтелдерде қоғамдық топтар мен адамдар арасындағы кейбір қарым-қатынастар, тартыстар, қайшылықтар көрінеді және олар дисфемизмдер арқылы айқындала түседі. Жоғарыда асты сызылған дисфемизмдердің номинативті (тура) мағыналы сыңарлары мыналар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет