Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет10/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


1 Дисфемизмдердің қайнар көздері
1.1 Қазақ тіл білімінде дисфемизмдердің зерттелуі

Қазақ тілі байлығының арқауы болып саналатын осы заманғы лексиканы құрамы мен құрылысы, мағынасы мен қолданымы, тәсілі жағынан бүгінгі өмір талабына сай қарау, зерттеу – ең негізгі міндет. Академик І. Кеңесбаев: “…жазба әдебиетіміздің, оның ауызекі баламаларының, неше қилы ситуацияда қолданылу жай-жапсарына құлақ түре отыру, үңіле зерттеу баршамыздың борышымыз” [2, 227 б.]. Қазақ тіл білімінде басқа сөз топтарына қарағанда ғылыми тұрғыда зерттелуден қалыс қалған сала дисфемизмдер деп айтуға болады. Әлі күнге дейін тілдік құбылыс ретінде оның мағыналық түрлері мен жасалу жолдары қазақ тілінде зерттеу нысаны болған жоқ. Бұл туралы кейбір ғалымдарымыздың айтқан пікірлері де саны жағынан көп емес. Дисфемизмдер туралы алғашқылардың бірі болып құнды пікір айтқандар Ғ. Қалиұлы мен Ә. Болғанбайұлы. Олар дисфемизмге былайша анықтама береді: “Дисфемизм, какофемизм – тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен ауыстырып айту” Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру - сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудың бір жолы. [3, 232 б.]. Белгілі түрколог Б. Сағындықұлы: “Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өз қаһармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды,” – деп жазады. Жалпы тіл білімінде дисфемизмдер жеке алынып зерттелінбесе де, жанама зерттелімдер бар. Қазақ тіл білімінде дисфемизмдер күні бүгінге дейін қарапайым сөздердің құрамында қарастырылып келеді. Т. Пірімбетов қарапайым сөздерді арнайы зерттеді [5, 26].

Орыс зерттеушісі И. Баранникова да қарапайым сөздер турасында қарымды пікірлер айтушылардың бірі. Оны мына бір тұжырымдамадан көруге болады. “Элементы просторечия, т.е. просторечные слова, обычно принимаются как грубые, низкие. Это связано прежде всего с сужением и снижением сферы употребления просторечия, утратой им прежности. Но сама функция просторечия - быть средством обиходно-бытового общения способствовала укреплению в его составе лексики конкретно-бытовой, имеющей оценочный характер, лексики эмоционально выразительной. За свое длительное существование просторечие впитало много ярких, выразительных, образных слов и оборотов, возникших в живой, непринужденной народной речи, которые тщательно отобранные и обработанные писателями придают литературному языку яркость, живость и выразительность” [6, 35].

Дисфемизмдердің эмоциональды-экспрессивті сөздердің де құрамына да кіретіні де бізге мәлім болып отыр. Эмоциональды-экспрессивті сөздер туралы үлкен мәселе көтеріп, сырын ашуға ат салысқан тілші мамандардың бірі Ш. Нұрғожинаның атын атағанды жөн деп санаймыз. Ғалым “Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка” деген тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясында (1989) эмоциональды-экспрессивті сөздерді былайша сипаттайды [7, 15].

Қазақ тілінде сөздердің ауыспалы мағынада қолдануы туралы алғаш рет қазақ тілінің өз табиғи тілдік деректеріне сай, ана тіліміздің өзіндік заңдылықтарына үйлестіре отырып, жүйелі түрде ғылыми талдаулар мен тұжырымдар жасаған ғалым Ш. Мұхаметжанов еді. Сонау 1964 жылдың өзінде-ақ какофемизм деген терминді келтіре отырып, былай деп жазған болатын: “…Эвфемизмге қарама-қарсы сөздердің жағымсыз мағынада қолдануын какофемизм деп атаймыз. Какофемизмдер, әсіресе сатиралық комизмдік мақсатта жазылған шығармаларда стилистикалық тұрғыда көп қолданылады. Бұл да адамға байланысты кемшіліктерді сынау, сықақ ету арқылы тәрбиелік мақсат қою процесіндегі тілдік құрал” [8, 154 б.].

Сонымен қатар дисфемизмдерге байланысты тікелей айтылған көзқарастар мен пікірлерді орыс, ағылшын тілі мамандарының еңбектерінен аз да болса кездестіруге болады. Ағылшын тілінің маманы Э. Мұнатаева: “Дисфемизмы призваны заменить стилистически нейтральные слова и выражения в коммуникативно-прагматических целях на стилистически более сниженные единицы языка. Дисфемизмы существуют во всех языках и образует тем самым языковую универсалию. Он представляет интерес для разных наук: этнографии, лингвистики, этнолингвистики, лингвострановедения, лексикографии, межкультурной коммуникации. Дисфемизм - этнолингвистическое понятие которые занимает определенное место в языковой культуре разных народов. Дисфемизмы является одним из продуктивных способов, обогощающих словарный состав языка с лексико-семантической значимости. Он выполняет особую роль в изменении значения слов и их развития. Слова, которые употребляют с целью дисфемизации выходят из своих прежних значений и приобретают другое значение. Вследствие порождает множество неологизмов”, - деп дұрыс тұжырымдайды [9, с. 15].

Ал, орыс лингвисті О.С. Ахманова дисфемизм туралы былай дейді: “Дисфемизм (дисфемизм, какофемизм исп. dіsfemіsmo). Троп, состоящий в замене естественно в одном контексте обозначения какого-либо предмета более вульгарном, фамилярным или грубым[10, 137].

Жоғарыдағыдай қағидалар дисфемизмдердің сыры мен табиғатын, мағынасы мен жасалу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз. Дисфемизмдердің сан-алуан теориялық мәселелерін жан-жақты зерделеу – бүгінгі күннің талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет