Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет38/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
- Қысыр дәмемен қалың бөрік арасынан әкемнің төбесін іздеймін...

- Бір мұрынбоғын бүгін де ертіп келді...

- Тырақай арық тәпелтек бала еді…

- Кәне, көрсетші маған тың қопарған қаһарманыңды, миын тауық шоқыған еркексымағым, - деп тепсіне келді сыры кетпеген сырлы аяқтай сұлуша әйел (С. Бердіқұлов).

Осы мысалдардағы қимамыздың қышуы қанып, қысыр дәмемен, бір мұрынбоғын, тырақтай арық, миын тауық шоқыған еркек сымағым деген сөз тіркестері әрі эмоционалды-экспрессивті сөздердің, әрі дисфемизмдердің қызметін бірдей атқара алады. Демек, бұл сөздер екеуіне де ортақ қасиеттің барлығын ғылыми негізде дәлелдей түседі. Дисфемизм мен эмоционалды-экспрессивті сөздердің өзара ортақ белгілері:

1. Дисфемизмдер мен эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады;

2. Ақын-жазушылар, стильдік мақсатын діттеп көркем шығармада кейіпкерлердің бейнесін айқындай түсетін тілдік құрал ретінде пайданылады;

3. Публицистикалық стильде, күнделікті баспасөзде өте сирек кездеседі;

4. Эмоцияналды-экспрессивтік сөздер мен дисфемизмдердің қолданыс аумағы кең емес. Екеуі де мағынаны анықтамайды, жазушының немесе айтушының айналадағы заттар мен құбылыстарға, адамға берген бағасын анықтайды;

5. Екеуінде жек көру, ұнатпау мәні бар. Демек, екеуіне ортақ интенсионал мағына бар деген сөз;

6. Эмоцияналды-экспрессивті сөздер мен дисфемизмдерге көп мағыналық пен ауыспалы мағынада қолданылу ерекшелігі тән;

7. Тура (номинативті) мағынасы бар сөздер көп жағдайда екеуіне де ортақ болып келеді;

8. Ауызекі тіл мен әдеби тілді тығыз байланыстырады. Яғни, екеуінің ортасындағы дәекер сөз болып табылады.

Адам өз айналасында болып жатқан құбылыстарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймай, оған өз көзқарасын да білдіріп, баға беріп отырады. Сөйтіп әр ұрпақ өз кезінде қоғамда болып жатқан өзгерістерді өзінше бағалап, оны кейінгі ұрпаққа қалдырады. Бұл адамзат тарихында қайталанып отыратын немесе үздіксіз процесс. Тілдегі сөздер табиғатына қарай алуан түрлі екендігі анық. Белгілі бір сөздер тобы өзінің негізгі мағынасында қолданылып түсінілсе, кейбір сөздер тобы адамның сезіміне әсер етіп белгілі бір қосымша мағынада жұмсалады. Мысал келтірелік:

- Ылғи бір топас жандармен сонша ұзақ сөйлесіп отыруға да шыдам керек-ақ шығар (Ғ. Мүсірепов).



- Топастың тілегі соғыс пен бүлік (Ә. Әлімжанов).

Ең алдымен мысал ретінде алынған топас сөзінің этимологиясын ашып алалық. Топас. Осы күнгі түсінігімізде бұл сөздің мағынасы - ой-өрісі нашар, надан, ақымақ, кеще. -“Қаншама топас, тас бауыр болса да жақсылыққа жібімейтін адам жоқ” (Ө. Қанахин). Сөздің алғашқы тұлғасы мен мағынасын осы күнгі түркі тілдерінен іздеп табуға болады. Хакас тілінде “тоо” сөзі - біздің түсігіміздегі “тыңдау, тіл алу”, ал “тообас” тұлғасы - еш нәрсемен санаспайтын, тыңдаусыз мағыналарында жұмсалады. Ал, тува тілінде “тоовазы” - тыңдаусыз, “тооваз” - қайрымсыз керенау мағыналарында қолданылады. Қайырымсыздық, тыңдамаушылықтың ақыры - надандық, ақымақтыққа әкеп создырады. Қазіргі біздің тіліміздегі "то“ас"-о”ы -соңғы мағынаны меншіктенген [45, 274 б.]. Бұл сөздің эмоциялық-экспрессивтік реңкімен қоса номинативті мағынасы қатар жүреді. Әдеби тілде бұл сөз білімсіз, надан, ақымақ дегенді білдіреді. Эмоционалды-экспресивті мағыналы сөздердің негізгі лексикалық мағынасы ретінде эмоцияны алуымыз керек, ондай сөздерде эмоция-экспрессия контекстен тыс кезде де, контексте де берілуі керек. Осы типтес сөздердің лексикалық мағынасының өзі адамның көңіл-күймен берген бағасымен байланысты. Эмоциялық мағыналық реңк болса, сөздің лексикалық мағынасымен қатар жүреді де, қосымша мағына ретінде өмір кешеді. Өзіміз талдап өткен топас сөзі эмоционалды-экспрессивті сөз болуымен қатар дисфемизмнің де қызметін атқара алады. Өйткені жоғарыда атап көрсеткендей бұл сөздің номинативті мағыналы сыңары бар. Ал, эмоционалды-экспрессивті сөздердің номинативті мағыналы сыңары бар болса, ол дисфемизм бола алды. Эмоционалды-экспрессивті сөздер мен дисфемизмдердің өзара байланысын осы жерден көруге болады. Дисфемизм ретінде қолданылатын сөздердің барлығы эмоционалды-экспрессивті, ал сөздердің барлығы эмоционалды-экспрессивті бірдей дисфемизм бола алмайды. Өйткені, дисфемизмдердің айшықты мәнді сыңарымен қатар тура мағыналы сыңары жарысып жүрсе, эмоционалды-экспрессивті сөздердің едәуір бөлегінің номинативті мағыналы сыңары бола бермейді. Мысалы: - Бәрін кеңірдекке қылғып салып отырмыз құдай алмаған екі қақпас (С. Бердіқұлов).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет