Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Қарапайым сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер



бет41/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
2.5 Қарапайым сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер

Қазақ тіліндегі дисфемизмдердің көпшілігі қарапайым сөздердің негізінде пайда болған. Белгілі тіл маманы Ә. Хасенов қарапайым лексика туралы мынадай пікір білдіреді: “Жалпылама лексиканы қарапайым лексика деп те атай береді. Жалпылама немесе қарапайым лексика ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілде де бірдей қолданылады. Олардың кейбірі, сырттай қарағанда, дөрекілеу сияқты көрінеді. Бірақ ондай лексиканың көбінде эмоционалды-экспрессивті бояу болады, кейбірі ұлттық ерекшеліктері (реалий) айқын білінетін, экзотикалық мәнді болып келеді; қатын, кемпір, отағасы, ақсақал, қарақожалақ, оспадар, жүгірмек, жалмауыз, жалаңбұт, жалаң аяқ, сұмырай, суық қол, сумақай, әпенде, суайт, сұғанақ т.б. Орыс тілінде лексиканың мұндай түрінде балбес, барахольщик, долбать, жрать, левак, баба, барахлить, батенька, безалаберный, карапуз, ладно, лакомка, лехач т.б жатқызып жүр [1, 128 б.].

“Қазақ тілінің стилистикасы” деген оқу құралының авторлары былай деп жазады: “Көбінесе сөйлеу тілі стилінде айтылып, ал әдеби тіл стильдерінде сирек ұшырасатын белгілі бір сөздер бар. Олар тұрпайы мағыналы сөздер -ара-тұра көркем әдебиет стилінде белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Жастау жігіт қойнынан бүктелген қағазды шығарып, Камилаға қарай күлімсіреді: Мынаған доңғал басыңды басып жіберші-деп. -Жоқ, жолдас кеңсеге бар, мөрді қалтаға салмаймын, кеңседе болады деп Камила жауапты қысқа қайтарды (Б. Майлин). - Ескендір сияқты судырлар елдің үрейін ұшырып (Сонда). Осы мысалдардағы доңғал бас (мөр), судырлар (белсенділер) қарапайым сөздері кейіпкер тілінде айтылып тұр. Мұндай стильдік мақсаттағы қарапайым сөздер, негізінен кейіпкер тілінде қолданылады” [58, 144 б.]. Жоғарыда авторлар қарапайым сөздерді тура мағыналы сыңарларымен бірге көрсеткен. Ал, тура мағыналы сыңардың болуы дисфемизмдерге ғана тән қасиет. Қарапайым сөздердің барлығының бірдей мағынасы анайы, дөрекі болып келмейді. Сондықтан да олардың көбінің тура мағыналы сыңарлары бола бермейді. Мұны біз қарапайым сөздер мен дисфемизмді өзара ажырата білу үшін қажетті шарт деп түсінеміз.

Қазақ тілі энциклопедиясында: Қарапайым сөздер - сөйлеу тілінде сөздің мазмұнын тұрпайыландыра, теріс айналдыра түсу мақсатымен қолданылатын тілдік құралдар. Қарапайым сөздер лексикасы қарапайым, тұрпайы, дөрекі, анайы сөздер (какофемиздер), варваризмдер, жаргон сөздер мен кейбір диалектизмдер, тұрпайы мәнді фразеологизмдер т.б. енеді (шикіөкпе, қараборбай, төмен етек, боқмұрын, сұмырай, сүмер, сен тұр мен айтайын, бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп ұшырайды, - делінген [59, 235 б.].

Орыс тілінің мамандары қарапайым лексикаға былайша сипаттама береді: “Просторечие является мощным отрицательным фактором… Влияние просторечия часто заключается в модификации слов нормативного языка” [34, с. 10]. “Просторечная лексика отличается от разговорной большей степенью грубости, употребление слов просторечной лексики даже в бытовой речи считается неудобным. В художественной литературе просторечная лексика употребляется в редких случаях: в авторской эмоциональной речи для выражения резко отрицательного отношения к чему-либо; в речи персонажей для их речевой характеристики. Например: брехать, брехня, важнецкий, засыпалься (попался), колошматить и др.” [60, с. 29].

Орыс тілшілерінің осы тұжырымы қазақ тіліндегі дисфемизмдерге тікелей қатысты деп білеміз. Бұл жерде айта кететін жайт, тілшілер тек қана дисфемизмдерге қатысты мінездеме беріп, қарапайым лексиканың басқа түрлеріне мүлдем тоқталмаған. Қарапайым сөздердің мағыналары мен қолданылуы туралы академик Р. Сыздық былай дейді: “Қарапайым сөздердің мағыналары көпшілікке таныс боп келеді, сондықтан ол келеке, сықақ жанрындағы немесе үніндегі туындыларында белгілі бір стильдік мақсатпен еркін қолданылады. Бұларды да уәжді қолданыстар деп атау керек” [30, 150 б.]. Бұл пікірлерден қарапайым сөздердің мән-мағынасы жалпы халыққа түсінікті болатынын білуге болады.

Қай халықтың болмасын өзіне тән дәстүрі, тіл өнері болады. Көркем шығарманың тілі - жалпы халықтық тіл өнері ретінде өз жалғасын тауып, дамып келеді. Мысалы:

- Енді бүгін көргенімде, Дальден Пушкинді біреу атып өлтіруінің мәнісін сұрағанымда, ол жыраудың қатыны көрерге көз керек хор қызындай әдемі еді, сол сайқалдың кесірі, - деген де қойған (Б. Майлин).

- Мәселе былай, жігітте,р - деп төтеден бастап еді, Бақытжанда тыныш отырмай, бір қысыр сөзді бықсыта жөнелді (О. Бөкеев).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет