Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет46/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Жақсылар орға жығылса,

Жаманның еш нәрсесі құрымас.

Құрымағаны құрысын,

Сол шіріктер не болғанын біле алмас (Ел аузынан).

- Арақ ішуден басқаны білмейтін мойнына су кеткен шірік, күйеуі бар (О. Сәрсенбаев).

Жоғарыдағы мысалдардағы шірік сөзінің ауыспалы мағынасы намыссыз, яғни шірік. Қазақ халқы қашанда сөзінің мағынасын бұзбай оған терең үңіліп, атау беретіні мәлім. Шірік сөзі де осындайдан туындаған деп түсіну керек. Шірік сөзі (ҚТТС-те) үш қолданымдық қызметте жұмсалып, мағыналары бір-біріне жуық үйлесіп тұрғанын байқаймыз.

Біз тіліміздегі сарықұлақ сөзін де көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдердің қатарына жатқызамыз. Мысалы: -Боқты жепсің маған өтіп кеткен екі сарықұлағың болса мә, ал! - деп жұмарлап ақшамен атты (С. Бердіқұлов). Сары құлақ ұқсату заңына байланысты пайда болған дисфемизм. Басқаша айтқанда, ақшаны құлаққа ұқсатудан туындаған. “Қазақ тілі энциклопедиясында былай делінген: “Адамның санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсатып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, я болмаса атқаратын қызметінде жалпы ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған… [58, 353 б.]. Бұл қағида әрине, сарықұлақ сөзіне де тікелей қатысты деп білеміз. Бұл сөз сын есім мен зат есімнің бірігуінен болған. Сөздің құрамындағы әрбір түбірді жеке алып қарасақ, олардың өздеріне ғана тән мағынасы бар. Сары мен құлақ сөзі құрылымдық тұтастыққа еніп, біртұтас мағына беріп, бір ғана ұғымның атын білдіреді. Т. Қордабаев пен М. Томанов сары сөзінің тарихы туралы былай дейді: “Сары сөзі ескерткіштер (V-VІІІ, ХІ ғ.) тілінде - сарығ. Ол дәуірде -ығ сын есім жасайтын өнімді қосымша болған. Сары не сарығ сөзін сарылу, сарғаю (МК-да: сарғар), сарғалдақ, сарғылт, сарсық (тістің сарсығы) сөздермен бір деңгейде қарағанда, мұның да ортақ түбірі сар (сары да, сарығ та емес) болып шығады. Ал Орта Азиялық ''Тефсир'' тілінде бұл сөздің сарығ, сару сияқты екі варианты кездеседі:.. Тіш сарусын кедәрүр ''(тіс сарысын кетірер)…’’ [70, 123-124 бб.].

Келесі сөз жемтіктес. Мысалы: Жемтіктес болып кәнігіп қалған Қали екеуінің тіл табыса қоюы қиынға түскен жоқ (З. Жәкенов). Мысалдағы жемтіктес сөзінің түсіндірме сөздіктегі мағыналары төмендегідей: 1. Жемтіктес сын. Жемтігі бір. 2. Ауыс. Бірігіп жеген, сыбайлас. Бұл сөздің номинативті тура мағыналы сыңары ортақтас. Көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдердің мағынасын контекст анықтайды.



-Бықсық әдет санамызға сіңіп әбден шеген боп қатып қалған екен” - дейді (Қ. Найманбаев).

- Жоқ революция алдында мұндай былқылдақ саясат пен ымырашыл бықсық әрекет жүгізуге және мұндай қылмысқа басқаларды итермелеуге менің ұжданым бармайды, - деді Дмитриев (Х. Есенжанов).

Бықсық зат. 1) Ыбырсып қалай болса солай жатқан қоқырсық. 2) Тыныс тарылтатын көк түтін. 3) Ауыс. Бітіп болмайтын ұсақ, пасық сөз (ҚТТС, І т., 581). Біздіңше, бұл сөздің бірінші мағынасынан пайда болған үшінші мағынасы ғана дисфемизм болады. Б. Қасым былай дейді: “Егер атау білдіретін ұғымның бүкіл қасиетін ашатын болса, онда келтірінді ауыспалы мағына жасалмаған болар еді. Ауыспалы мағына болмаған жерде, көп мағыналы туынды сөз де (күрделі сөз де) қалыптаспайды. Адамзат әр кезең, уақыт шындығы өмірге алып келген жаңа ұғымды толық игеріп, қасиеттерін толық меңгеріп, түсінік қалыптасқан кезде, сол ұғымға жаңа атау береді, өмірде болған соның қасиетіне байланысы бар, атауларды іздеп, салыстыра отыра, соған жаңа мән бере, сол ұғымды жаңаша қырынан таныту мақсатында жаңа мағыналы сөздерді қолданады” [69, 74 б.].

Тіліміздегі езбе сөзінің де бірнеше мағынасы бар. Езбе сын. 1. Езіліп жатқан, миы шыққан (жер). 2. Ауыс мағ. Көп сөйлейтін мыжыма, мылжың, таңтық. Езбе сөз. Мылжың, мыжыма сөз. Енжарлықтан туатын езбе сөздерді ол айығары жоқ күзгі ақ жаңбырдай сезінеді (ҚТТС, ІІІт., 275), (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөздің тура мағынасы - сөзуар. Езбе деген ауызекі тілімізде көп сөзді адам туралы айтылатын балама.

Сонымен, жоғарыдағы мысалдарды саралай, зерделей келе ана тілімізде көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдердің едәуір екендігіне көз жеткіздік. Олардың негізінен күнделікті өмірдің келеңсіз жағдайларынан туындап, келе-келе қолданысқа енгені байқалады. Ана тіліміздің дүниедегі ең бай тіл ретінде көрінетін жері де тіліміздегі көп мағыналық қасиеті деп білеміз. Туған тіліміз өз табиғатынан ауыспалы мағынада қолдануға және сол тұрғыдан бір сөзді әлденеше мағынасында жұмсауға қашанда бейім тұрады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің негізінде жасалған дисфемизмдердің сан жағынан молдығы, көп мағыналы сөздердің мағыналық аясының кеңдігі деп түсінуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет