Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»


Дәріс 15. Білім беру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруді зерттеу



бет21/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Лекция 2

Дәріс 15. Білім беру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруді зерттеу



  1. Таным ұғымы

  2. Танымдық іс-әрекет

  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру

Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы.
Т.И. Шамованың пікірінше танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұны мен үрдісіне, іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін меңгерудегі талпынысына, оқу-танымдық мақсаттарға жетудегі адамгершілік және еріктілікті жұмсауға, танымдық қызығушылықтың бағытылығы мен тұрақтылығына қатынасынан көрініс табатын тұлға іс-әрекетінің сапасы.
Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер Г.И.Щукинаға тиесілі. Оның анықтауынша оқушыныңтанымдық іс-әрекетін белсендендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үрдіс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:

  1. Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.

  2. Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.

  3. Оқытудағы ізденістік тұғыры.

  4. Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.

  5. Оқытудағы дифференцияциялау.

  6. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет