- 1. Күш-жігер мен ақыл-ойды белгілі бағытта шоғырландырады.
- 2. Нәтижелерді салыстырып білу үшін қолданатын норматив (өлшем) ретінде қызмет етуі мүмкін;
- 3. Шығындарды тұжырымдау (дәлелдеу) құрамы ретінде қызмет етуі мүмкін;
- 4. Әр адамның және ұйымның ынталану ерекшеліктеріне, құрылымға ықпал жасауы мүмкін. Дұрыс пайдалана білген жағдайда ынталандыру құралы бола алады.
2. Мақсаттардың жіктелуі Ұйым мақсаттары үлкен жүйені құрайды. Мақсаттар жүйесі келесідегідей бөлінеді: - 1. Қажетті деңгейіне қарай- стратегиялық, тактикалық.
- 2. Мазмұнына қарай- технологиялық, экономикалық, өндірістік, әкімшілік, маркетингтік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік.
- 3. Уақыт аралықтарына қарай-ұзақ мерзімді, орта кезеңдік, қысқа кезеңдік.
- 4. Деңгейіне қарай-жалпы, ерекше, операциялық, шұғыл (оперативті).
Мақсаттардың түрлері: - 1.Жеке адам мақсаттары - объективті өмірде жеке адамның орындалмаған (қанағатталынбаған) қажеттіліктерінен туындайтын мақсаттар.
- 2.Ұйым (ұжым) мақсаттары - жеке адам мақсаттарының қоғамдық трансформациясы.
Мақсаттардың қызметтері: Мақсаттардың қызметтері: - 1.Ұйымның заңдылығын, өмір сүруін айқындайды;
- 2.Ұйым мүшелерінің іс-әрекетін реттейді;
- 3.Жауапкершілік пен міндеттер алуды жүктейді;
- 4.Ынталандырушы күш болып саналады, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында олардың іс-әрекеттерін реттейді;
- 5.Белгісіздікті қысқартады;
- 6.Қоршаған ортаға бейімделуге және оны білуге, түсінуге мүмкіндік береді;
- 7.Ұйым мүшелерінің жұмысын бағалайтын стандарт болып есептелінеді;
- 8.Ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз етеді.
3. Басқару мақсаттарына қойылатын талаптар 1.Анық нақтылы болуы керек; 2.Объективті және қол жететіндей болуы керек, яғни шаруашылық мүмкіндігін ескере отырып, оны орындайтындай; 3.Белгілі деңгейде күш-жігер жұмсайтындай болуы керек;
Достарыңызбен бөлісу: |