“Мамандыққа кіріспе” пәні



бет26/38
Дата31.10.2023
өлшемі2,41 Mb.
#121217
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
Менеджмент

Мақсаттары:

  • 1. Күш-жігер мен ақыл-ойды белгілі бағытта шоғырландырады.
  • 2. Нәтижелерді салыстырып білу үшін қолданатын норматив (өлшем) ретінде қызмет етуі мүмкін;
  • 3. Шығындарды тұжырымдау (дәлелдеу) құрамы ретінде қызмет етуі мүмкін;
  • 4. Әр адамның және ұйымның ынталану ерекшеліктеріне, құрылымға ықпал жасауы мүмкін. Дұрыс пайдалана білген жағдайда ынталандыру құралы бола алады.

2. Мақсаттардың жіктелуі Ұйым мақсаттары үлкен жүйені құрайды. Мақсаттар жүйесі келесідегідей бөлінеді:

  • 1. Қажетті деңгейіне қарай- стратегиялық, тактикалық.
  • 2. Мазмұнына қарай- технологиялық, экономикалық, өндірістік, әкімшілік, маркетингтік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік.
  • 3. Уақыт аралықтарына қарай-ұзақ мерзімді, орта кезеңдік, қысқа кезеңдік.
  • 4. Деңгейіне қарай-жалпы, ерекше, операциялық, шұғыл (оперативті).

Мақсаттардың түрлері:

  • 1.Жеке адам мақсаттары - объективті өмірде жеке адамның орындалмаған (қанағатталынбаған) қажеттіліктерінен туындайтын мақсаттар.
  • 2.Ұйым (ұжым) мақсаттары - жеке адам мақсаттарының қоғамдық трансформациясы.

Мақсаттардың қызметтері:

Мақсаттардың қызметтері:

  • 1.Ұйымның заңдылығын, өмір сүруін айқындайды;
  • 2.Ұйым мүшелерінің іс-әрекетін реттейді;
  • 3.Жауапкершілік пен міндеттер алуды жүктейді;
  • 4.Ынталандырушы күш болып саналады, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында олардың іс-әрекеттерін реттейді;
  • 5.Белгісіздікті қысқартады;
  • 6.Қоршаған ортаға бейімделуге және оны білуге, түсінуге мүмкіндік береді;
  • 7.Ұйым мүшелерінің жұмысын бағалайтын стандарт болып есептелінеді;
  • 8.Ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз етеді.

3. Басқару мақсаттарына қойылатын талаптар

1.Анық нақтылы болуы керек;

2.Объективті және қол жететіндей болуы керек, яғни шаруашылық мүмкіндігін ескере отырып, оны орындайтындай;

3.Белгілі деңгейде күш-жігер жұмсайтындай болуы керек;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет