Мамандығы: 6В01401 – Музыка Тобы: В006 Орындаған: Қалимұратқызы Амина

Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

бет3/4
Дата22.09.2022
өлшемі4,7 Mb.
#39861
1   2   3   4
Байланысты:
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН және оның қазіргі заман оқушыларға

Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді. Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат. Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. «Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орын-дау үшін бшіаның жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек.

Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:

  • 1) музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы);
  • 2) өз бетінше қатысуы;
  • 3) музыканы кездейсоқ тыңдауы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді» т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет