Мамандығы: 6В01401 – Музыка Тобы: В006 Орындаған: Қалимұратқызы Амина



бет1/4
Дата22.09.2022
өлшемі4,7 Mb.
#39861
  1   2   3   4
Байланысты:
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН және оның қазіргі заман оқушыларға

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН және оның қазіргі заман оқушыларға жаңа бағытында музыкалық тәрбие берудегі рөлі

Мамандығы: 6В01401 – Музыка

Тобы: В006

Орындаған: Қалимұратқызы Амина

Тексерген: Сұлтанова М.С.


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жоспар:

  • Музыкалық тәрбие
  • Дербес мемлекет болып қалыптасқалы оқушылардың эстетикалық тәрбиесі
  • Халық музыкасы
  • Музыкалық фольклор халықтың музыкалық мұрасы
  • Балаларға тәрбие берудегі тиімді құрал

Музыкалық тәрбие

  • Балаларға музыкалық тәрбие беру – музыкалық өнер арқылы баланың музыкалық ынтасын, қажеттілігін қанағаттандыра отырып қабілеттілігін, музыкаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.

Дербес мемлекет болып қалыптасқалы оқушылардың эстетикалық тәрбиесі

Еліміз егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы оқушыларымыздың эстетикалық тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлінуде.Баланың жан-жақты болып өсүінде музыканың орының ерекше. Бала сәби кезінен бастап музыканы тыңдап,сезіне біледі. Мектепте тәрбиенің басты мақсаты баланы өнер түрлерімен соның ішінде әсем саз арқылы өз халқының музыкалық мәдениетімен таныстыру.Туған елін,ана тілін,табиғатын қадірлейтін,аялайтын,жанын салып қорғайтын көкірегі ояу,көзі ашық азамат тәрбиелеуде музыка өнерінің орны ерекше. Сондай-ақ музыка пәні мұғалімдерінің негізгі міндеті-жас ұрпақты қазақ халқының рухани қазынасы,ұлттық мәдениеті,әдет-ғұрпы,салт-дәстүр негізінде тәрбиелеп оқыту. Музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың эмоциялық сезімдерін оятып,баланың ой-өрісін,көркем ойлау қабілетін,талғампаздығын,есту қабілетін арттыру. 

Халық музыкасы

Халық музыкасы адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңару,жаңғыру даму үстінде.Ұлттық музыкада ежелден ұлттың бейнесі,тұрмысы,еңбегі,халықтың намыс,ерлік,батылдық туралы көзқарастары,жылдамдық,шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері,шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылық,ептілік, тапқырлық,жеңіске жету талпынысы қамтылған. Қазіргі заманда өз оқушыларымызды жан-жақты терең білім алуына,ол білімдерін келешекте өздігінен қажет болатын іскерліктер жүйесімен қамтамасыз етуге,танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытуға,өздігінше шығармашылық тұрғыдан ойлайтын тұлға ретінде тәрбиелеуіміз тиіс.Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру негізінде халықтың ауызекі өнері,жұмбақ,жаңылтпаш,ұлттық ойындар,ән-күй тыңдату,өнер қайраткерлерінің шығармаларымен,музыкалық аспаптармен таныстыру мақсаты көзделеді. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің қалыптасып,дамуына халық композиторларының шығармашылығы ерекше орын алады.Халық композиторларының күйлері ұлы оқиғаларды,өмір шындығын,қазақ жерінде болған айтыс-тартысты,жорықтарды,той-думанды,елдің тұрмыс-тіршілік салтын суреттеген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет