Мамандығы: Қазақ филологиясы Орындаған: Еркімбек Аяулым Қабылдаған



бет5/8
Дата06.10.2023
өлшемі53,37 Kb.
#113299
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Еркімбек Аяулым СРС

Қазіргі түрік тілінің əліпбиі (Çağdaş Türk Dilinin Alfabesi)
Қазіргі түрік тілі Станбул диалектісі негізінде қалыптасты. Станбул диалектісі көне түркі тіліндегі, əсіресе сөз басындағы қатаң дыбыстардың орнына олардың ұяң сыңарларын қолдануымен, ғ, қ, ң (орнына н) дауыссыздарын қолданыстан шығаруымен жəне т.б. ерекшеленеді. Нəтижесінде сыпайы, жұмсақ айтылуымен ақын-жазушылардың, тілші-ғалымдардың, жалпы зиялы қауымның назарын аударып, қазіргі түрік əліпбиінің жасалуына негіз болды. Жалпы түркі халқының алғашқы əліпбилері – Қазақстан, Орта Азия, Моңғолия, Оңтүстік Сібір территорияларын мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш əріптік жазуы – Орхон руникалық əліпбиі мен Шығыс Түркістандағы түркі халықтары қолданған дыбыстық-əріптік жазу − соғды негізді ұйғыр əліпбиі. Аталған əліпбилер туралы түрлі еңбектерде əртүрлі пікірлер мен аңыздар айтылады. Атақты түркі халқының тілін зерттеуші Н. Аристов Орхон-Енесей жазуы түркі халықтарының рулық таңбаларының негізінде пайда болған деген қорытындыға келеді. Осы зерттеушінің бұл пікіріне негіз болған ой – түркі елінің арасында малға ен салу, əр рудың шеберлері өздері жасаған бұйымдарға өз елінің таңбаларын салудан пайда болған дейді. Сонымен қазақ даласындағы көне жазу үлгілерінің 29 əрпі рулық белгілерге сəйкес келген екен. Сонда баяғы замандарда пайда болған түркі елінің əліпбиін жоғалтып алмас үшін, бір дана əр руға бөліп берген екен деген аңыз бекер айтылмаса керек. Ал əлемде жазу жүйесінің кейбір түрлері кең тараған десек, солардың бірі – араб жазуы, яғни араб əліпбиі. Түрік тілі де, қазақ тілі де кезінде араб əліпбиін пайдаланғаны белгілі. Өйткені араб жазуы қазіргі 20-дан астам араб елдерінде жəне мұсылман діні тараған Иран, Ауғанстан, Пəкістан, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында (ҚХР), Үнді елінің мұсылман аймақтарында қолданылады. Бұрын Малайзия, Индонезия, Түркияда қолданылған. Бұрынғы КСРО-да 20-дан астам ұлттар араб жазуын қолданды. Араб ғылымы мен мəдениетін меңгерген ғұламалар Əбу Насыр əл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, Абай т.б. шығармаларын араб жазуымен жазды. Х ғасырдан ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі аралықтағы түркі халықтарының жазба мұралары осы жазу арқылы жарық көрді. Бірақ профессор Құдайберген Жұбанов: «Араб негізді əліппенің біздің тілімізге үйлесімсіздігін жұрт ертеден-ақ сезе бастаған болатын», – десе, түрік ғалымы Осман Гөкер:''…Arap yazı sіstemіnіn Türk dіlіnіn ses yapısına uymaması meselesі dokuz yüz yıl çözümlenememіştі'', – дейді. (Қазақшасы: «...Араб жазу жүйесінің түрік тілінің дыбыстық үндестігіне бағынбау мəселесі тоғыз жүз жыл өз шешімін таппаған еді»).
Міне, осы себеппен немесе басқа жағдаймен байланысты болсын аталған екі халық та əліпбилерін өзгертті. Бірақ араб əліпбиінің кемшіліктері мен қатар пайдалы жақтарын тілге тиек еткендер де табылды. Мысалы, «Arab alfabesi ise (elifba), Türk fonetiğine uygun değildi: Hem fazla, hem eksik sesler vardı. Aynı harfin dört farklı şekli olabilmesi, büyük harf bulunmaması ve yalnız Kur’an’da ve daha titiz olan eski el yazmalarında bulunan kısa heceler hariç, sadece uzun ünlülerin şekillendirilmesi gibi hataları mevcuttu. Bu alfabenin kaligrafiye, epigrafiye ve taşigrafiye faydalı olan çok zarif şekillere sahip olduğunu da belirtmek gerekir. Türkiye’de bu yazının ortadan kalkması, estetik açıdan ve özellikle yapı (anıt) sanatı açısından bir kayıptır» [1, 9]. (Қазақшасы: Араб əліпбиі де (елипба) түрік фонетикасына ыңғайлы болмайтын. Кейбір əріптердің басы артық болса, кейбір əріптер жетіспейтін. Бір əріптің төрт вариантының болуы, бас əріптің жазылмауы, Құранды жəне аса талғаммен жазылған көне қолжазбалардағы қысқа буындарды қоспағанда, тек созылыңқы дауыстылардың қолданылуы сияқты кемшін тұстары да болатын. Бұл əліпбидің каллиграфияға жəне эпиграфикаға өте пайдалы жақтарын да айта кетуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет