Мамандығы: Қазақ филологиясы Орындаған: Қоңырбайқызы А. Қабылдаған



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі37,72 Kb.
#132897
1   2   3   4
Байланысты:
Айғаным СӨЖ функ грамм

Негізгі бөлім
2.1.Категориялардың ұлттық қолданысына талдау
Халқымызда бірнеше сан атаулары қасиетті болып саналады. Соның бірнешеуіне тоқталсақ:
Қазақ жеті санын қасиетті деп есептеген. Жеті қат көк, жеті ғалам, жеті ғашық, жеті мүше, жеті жұт, жеті амал, жеті қазына деп ата -бабамыз қоршаған ортаны, табиғат жаратылысын, пендеге қатысты құбылыстарды жік-жікке бөліп, əрқайсысына ат беріп, ен тағып кеткен.
1. Жеті қат көкке жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл Жұлдыз (Марс), Юпитер, Сатурн.
2. Жеті ғалам: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан -жоғары ғалам, Жер-орта ғалам, Жер асты -төменгі ғалам.
3. Жеті ғашық: Лəйлі-Мəжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархат -Шырын, Сейпіл-Мəлік- Жамал, Тахир-Зухра, Қозы Көрпеш -Баян Сұлу, Бозжігіт-Ануаз.
4. Жеті мүше: бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
5. Жеті жұт: зілзала,соғыс, өрт, сел, қуаңшылық, індет, ақ қар-көк мұз.
6. Жеті амал: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, Айдың тоғамы.
7. Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ.
Қазақ халқының ескі замандарда атқарып келген салт-дәстүрлері мен заңдық ережелерінде бір бөлімі осындай киелі және қасиетті сандарға бағынып атқарылып келгені рас. Соның ішінде тоғыз санының да атқарған өзіндік дәстүрлік, ырымдық және заң жарғылық рөлі бар екен.

1. Тоғыз саны – қазақтың байырғы салтында қызын ұзатқанда, келін түсіргенде, құдалық жолға қоржын дайындағанда, "Қожын басы тоқ болсын" деп тоғыз киіт салу, шамасы келсе үш тоғыз жиырма жеті киіт сылау деген сыйлықты дәстүрі болған екен.

2. Қазақ ұғымында тоғыз – "Толық сан" деген мағынаны білдіреді. "Тоғызға тоқтамаған, сексен бірге де тоқтамайды" деп қанағатсыздық ұғымның шектеулі жиегі деп қараған. Өйткені бірден басталған санның ең үлкені, тоғыз. Тоғызды тоғызға көбейтсек сексен бір болады. Сексен бірге қанағат етпеген – "Оппа", "Тоғызға тоймаған, өмірінде тоймайды" деп бағалаған. "Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады" деген тәмсіл сөздің арғы алыс астарында тоқпейілден айырылып, тойымсыз болып кеткен аш көздің жаман мінез-құлқын ашып көрсетіп тұр.

3. Алыстан туысшылап, жолаушылап келген туыс-туған, жекжат ағайын адамдар не бір рудан екінші бір рудың ауылына арнайы шақырумен қонақ болып келген сыйлы адамдарды күтіп, қонақ етіп аттандырғанда да, олардың қоржынына "Бір тоғыз", "Үш тоғыз", "Тоғыз тоғыз" сыйлық зат салып, не мал беріп оларды риза етіп аттандыру деген жолды салт болған екен. Ал, келген қонақтарда дәл сондай "Бір тоғыз" ,"Үш тоғыз", "Тоғыз тоғыз" сыйлық әкелетін кездері де бар. Бұл "Сыйға – сый, сыбағаға – бал" деген қарымжы дәстүрі екен. Бұл жерде тоғыз саны – байлықты көрсетіп тұр. Келген елі бай екен, "Тоғыз беріп, тоқ аттандырыпты" деген дархандық пен жомарттықтың белгісін көрсетеді.


Қазақ тілінде сын-сапа категориясының ұғы-мын анықтайтын функционалды-семантикалық өрістің орталық аймағы жəне шеткері аймағына жататын тілдік бірліктерді шартты түрде былайша топтастыруға болады: - дай, дей теңеулік қосымшалар арқылы жасалынады:
Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді. (М. Дулатов). Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құмақ құйрықты, кілең сәйгүлік шабысты жылқы. (І. Есенбер-лин). Жебелерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір (І. Есенберлин). Кейбір көрікті киінгендерінің тақырымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза (І. Есенберлин). Қан су-дай ақты (І. Есенберлин). Баяғы балдай балалық, сағынышты шақ қалған ойпаң көзіне оттай ыстық та, жаудай жат та (Т. Әлімқұлов).

- ша, ше формасы арқылы жасалынады: 1. Аспандағы айдай, айдаһар ақындарым-ай, морт сынып, моншақша шашылып кеттіңдер-ау (Т. Кенеев)! «Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», – деп, қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді (М. Дулатов). 3. Жан даусым шыққанша айғайлап жіберіп, тұра жүгірдім (Ш. Айтматов).-бірдей, сияқты, секілді, тəрізді, барабар, сəйкес, құдды, дəл, тура т.б.лексикалық бірліктер арқылы жасалынады. Мысалы, Қыздың көзі жайнап кетті; оның әлденеге қадалып едірейе қалатын кірпіктері жұп-жұқа шырайға бөлен-ген сұлу бетпен бірге балқып кеткен тәрізді.


Жоғарыда аталған мысалдардың барлығы ұлттық қолданысымызда бұрыннан қалыптасып, тасқа таңба болып жазылған. Біз «әлемнің тілдік бейнесі» деген ұғыммен бұрыннан таныспыз. Сол секілді сапа категориясына келтірілген мысалдардың барлығындағы тілдік бірліктер халықтық ұғымдармен тығыз байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет