Мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған


Архив қорлары аумағында архив құжаттарын сыныптау



бет4/14
Дата24.03.2023
өлшемі46,72 Kb.
#75983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Архивоведение - каз

6. Архив қорлары аумағында архив құжаттарын сыныптау. Құжаттарды сыныптау мәселелері. Сыныптау белгілері. Сыныптаудың архив құжаттарын тиімді орналастыру мен пайдалану үшін маңызы. Б.И.Анфилов, Г.А. Князев, И.С. Назин, З.Н. Доброва, Н.А. Фомин, М.Ф. Петровская және басқа да архивистердің ғылыми және әдістемелік жұмыстарының архив құжаттары қорлар бойынша сыныптаудың қалыптасуы үшін маңызы(қорландыру теориясы).
Архив қоры аумағындағы құжаттарды сыныптаудың теориялық негіздері. Архив қоры аумағында құжаттарды жинақтау және құжаттық ақпараттарды іздеу үшін сыныптаудың маңызы. Архив қоры құжаттарын сыныптаудың теориялық және әдістемелік негіздерін Н.А. Фомин, К.Г. Митяев, М.Ф. Петровский, К.И. Рудельсон сынды ресейлік архивистердің дамытуы.
Архив қоры аумағындағы құжаттарды меншік түрі, тасымалдаушы түрі, ақпаратты бекіту тәсілі мен техникасы бойынша ұйымдастыру.
Құжаттарды құндылық дәрежесі мен қолжетімділік категориясы бойынша ұйымдастыру. Қордағы істерді сыныптау бірліктері.
Қордағы істерді жүйелеу сұлбасы. Архив қоры көлемінде сақтау бірліктерін топтау белгілері. Істі қалыптастыру барысында құжаттарды сыныптау.
7. Архивтанудағы ақпарат теориясы. Архивтану үшін ақпарат теориясының маңызы: сипаттау, қорландыру, құндылығын сараптау және мұрағат құжаттарын пайдалану барысында, ескіру түсінігі, ақпараттың релевантылығы, құжаттың түрі. Архив ісінің практикалық қызметіндегі ақпарат теориясы: ақпараттың тығыздығы, қорлар мен құжаттардың мазмұнының көпқырлылығы, ақпараттық қажеттілікті анықтау, құжаттаманың таралу және өсу заңдылықтары. Ақпарат түрлері: өзектілігі және потенциалдығы, байланыстылығы және еркінділігі. Ақпарат теориясы және архив ақпараттық ортасы түсінігінің анықтамасы.
8. Қорландыру теориясы. Архив құжаттарын қорландыру мәселелерінің отандық әдебиетте зерттелуі. Қорландыру теориясының негізгі түсініктері.
Архив қорларының түрлері және қорландыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қорлардың хронологиялық шеңбері. Қорландыру кезіндегі тарихи анықтама және оның рөлі. Заңды тұлғалардың құжаттық кешендерін біріктіру белгілері. Бірлескен архив қорлары және жеке тектік қорларды құру. Архив коллекцияларын құру. Жеке жинақтарды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет