Мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған


Құжаттардың заманауи жүйелері және түрлері



бет7/14
Дата24.03.2023
өлшемі46,72 Kb.
#75983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
4. Құжаттардың заманауи жүйелері және түрлері. Құжаттама жүйелері қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Құжаттамалық жүйелердің тұжырымдамаларын құрастыру.негізгі теориялық проблемалар.Басқарудың түрлі деңгейлеріндегі құжаттама жүйелерінің қалыптасуы мен қызмет етуін зерттеу. Құжаттама жүйелерінің түрлі аспектілерінің қалыптасуы: функционалды, салалық және аймақтық. Біріздендіріліген құжаттама жүйелерін құру бойынша теориялық және әдістемелік зерттеулер. Құжаттама жүйесін құрудың негізгі функционалды принципі. Заманауи құжаттар жүйелері: банктік, кедендік, кәсіпкерлік қызмет құжаттары.
5. Құжаттанудың дамуы. Басқару ойын дамыту ауқымындағы құжаттанулық проблемалар. Отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық зерттеулері. Отандық ғылыми мектептердің қалыптасуы.
Техникалық Басқару Институтының управления (ИТУ) қызметі және оның құжаттармен жұмыс жасаудағы маңызы. Құжаттаманың және құжат айналымының жалпы ережелері. (1931ж.). Әкімшілік құжаттанудың теориялық проблемаларын қорыту: ТБИ мамандарының еңбектеріндегі терминология, құжаттарды біріздендіру, классификациялау мәселелері.
Арнайы әдебиеттерде және арнайы мерзімді басылым беттерінде басқару еңбегін ғылыми ұйымдастыру және іс жүргізу мәселелерінің көрініс табуы.
Құжаттану теориясының құрылуы, оның іс жүргізу мен басқару жүйесін автоматтандырылған ақпараттық базаның мемлекеттік Біртұтас жүйесін қалыптастыру мен енгізуімен байланысы.
Құжаттану мен архив ісінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты (ВНИИДАД) және Мәскеу мемлекеттік тарих-архив институты (МГИАИ) мамандарының құжаттарды біріздендіру және стандарттау саласындағы еңбектерінің маңызы. Құжаттанулық мәселелерді шешудің түрлі бағыттарының ВНИИДАД пен МГИАИ еңбектерінен көрініс табуы. Құжаттаманы біртұтас ақпараттық жүйе ретінде санау көзқарасы.
6. Заманауи құжаттанудың теориялық және тәжірибелік мәселелері. Құжаттанудың әлеуметік-саяси, экономикалық, техникалық және т.б. өзеруі жағдайларында дамуы. Құжаттанудың нысаны мен пәніне заманауи көзқарастар. Құжаттану бойынша дәстүрлі және кешенді бағыттардың отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінен көрініс табуы.
Басым бағыттардағы құжаттанулық зерттеулердің дамуы, соның ішінде электронды құжаттардың құжаттанулық проблемалары, құжаттарды басқару ұйымдағы ақпараттық ресурстарды басқарудың бір бөлігі ретінде, құжаттамалық саладағы халықаралық және ұлттық стандарттау және т.б.
Заманауи проблемалардың конференция материалдарында және «Делопроизводство», «Қазақстандағы іс жүргізу», «Құжат айналымы мәселелері», «Секретарское дело», «Делопроизводство и документооборот на предприятии», «Справочник секретаря и офис-менеджера» және т.б. арнайы мерзімді басылым беттерінен көрініс табуы.
7. Құжаттану терминологиясының дамуы. Термионологиялық жүйе ғылым саласындағы негізгі үрдістердің және түсініктердің көрінісі. Терминологиялық проблемаларды зерттеу. Терминологияны реттеу нәтижелері. Терминологияның құжаттық ортадағы тәжірибелік жұмыстардың тиімділігі үшін маңызы.
Сөздік терминологияны құрастырудағы шет елдік тәжірибе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет