102.Аяқ артериялары. Сан артериясы, топографиясы, тармақтары. Тақым артериясы, оның топографиясы, тармақтары.Алдыңғы асықты жілік артериясы, аяқ ұшының (басының) сыртқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Артқы асықты жілік артериясы, топографиясы, тармақтары. Аяқ ұшының (басының) артериялық доғалары. Аяқ артерияларының сыртқы проекциялары. Сан, тақым, алдыңғы және артқы асықты жілік артерияларының және басқа артериялардың араларындағы анастомоздар. Адам денесіндегі артериялардың шығатын жерлерімен тармақтануының варианттары. Қан ағуын тоқтату үшін артерияларды сүйекке басатын және тамырдың пульсін анықтайтын жерлер.
103.Веналар.
Веналардың құрылысы, олардың артериялардан айырмашылығы.Веналардың құрылу заңдылықтары. Веналардың жеке бөліктерінің құрылыс ерекшеліктері (вена өрімдері, вена қойнаулары, эмиссарлық веналар). Қанның веналармен жүрекке дейін ағуын қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдар. Артериялардың қасында қатар жүретін және жеке жүретін веналар.
104.Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің веналары.
Өкпе веналары. Жоғарғы қуыс вена, оның құрайтын
құйылыстары,олардың топографиясы, кеуде қабырғаларындағы проекциялары. Мидың веналары. Мидың қатты қабығының қойнаулары. Бассүйектің ішіндегі, сыртындағы веналардың қосылыстары (диплоилық және эмиссарлық веналар). Бас пен мойынның беткі және терең веналары. Ішкі, сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары, олардың құйылыстары, топографиясы, сыртқы проекциялары.
105.Бас-иық веналары, олардың түзілуі, топографиясы. Бұғана асты венасы, оның құйылыстары, топографиясы. Қолдың беткі және терең веналары. Қолтық венасы, оның топографиясы, құйылыстары.
106. Қабырғааралық веналар. Сыңар және жартылай сыңар веналар. Омыртқа бағанасының веналық өрімдері.
107.Төменгі қуыс вена, оның құрылу түбірлері. Аяқтың беткі және
терең веналары. Сыртқы мықын венасы. Ішкі мықын венасы. Төменгі қуыс венаға құятын висцеральды және париетальды веналары. Аяқтың терең және беткей веналары. Жоғарғы және төменгі қуыс веналарға құятын анастомоздар - кава-кавалды анастомоздар.
Достарыңызбен бөлісу: |