Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



бет24/33
Дата23.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62532
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
ІX. Шеткі нерв жүйесі
126.Жұлын және бассүйек нервтерінің жалпы анатомиясы, олардың құрылуы. Шеткі нервтер таралуының сегментарлығы. Нервтің құрылысы, оның құрамы. Тамыр-нерв қынабы.
127.Жұлын нерві, оның тармақтары: алдыңғы, артқы, менингеальдық, дәнекерлік.
128.Жұлын нервтерінің мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің артқы тармақтары. Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, өрімдердің түзілуі. Жұлын нервтерінің вегетативтік нерв жүйесімен байланысы.
129.Мойын өрімі, оның түзілуі, құрылысы, топографиясы. Мойын өрімінің нервтері: терілік, бұлшықеттік, аралас (көкеттік нерв).
130.Иық өрімі, оның құрылуы, құрылысы, топографиясы. Иық өрімінің қысқа және ұзын тармақтары. Бұғанаүсті және бұғанаасты бөліктері. Нервтендіру аймақтары. Иық пен білектің терілік нервтері, олардың сыртқы проекциялары. Бұлшықет-тері нерві, орталық нерв, шынтақ нерві, кәріжілік нерві, олардың құрылуы, топографиясы, сыртқы проекциясы. Қолдың жеке бұлшықеттік топтары мен тері аймақтарының нервтену заңдылықтары. Қолдың нервтері мен қан тамырларының топографиялық-анатомиялық қарым-қатынасы.
131.Қабырғааралық нервтер, олардың топографиясы және нервтендіру аймақтары.
Бел өрімі, оның құрылуы, құрылысы, топографиясы. Қысқа және ұзын тармақтары. Жапқыш нерв. Сан нерві, олардың топографиясы мен тармақтануы, нервтендіру аймағы, сыртқы проекциясы.
132.Сегізкөз өрімі, оның түзілуі, құрылысы, топографиясы. Қысқа және ұзын тармақтары. Бөксе және санның артқы терілік нерві, тармақтану аймағы.Бөксе және санның артқы терісінің нерві, оның топографиясы және тармақтары. Шонданай нерві, оның топографиясы және тармақтары. Асықты жілік және асықты жілік шыбығы нервтері, олардың тармақтары, сыртқы проекциясы. Аяқтың жеке бұлшықеттік топтары мен терісінің нервтендірулері. Құйымшақ нерві, құйымшақ өрімі, оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
133.Бассүйек нервтері Бассүйек нервтерінің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Олардың сезім ағзаларымен (І, ІІ, ҮІІІ жұптар), бас сомиттерінің миотомдарымен (ІІІ, ІҮ, ҮІ жұптар), желбезек доғаларымен (Ү, ҮІІ, ІХ, Х, ХІ жұптар) байланысты және жұлын нервтерінің негізінде (ХІІ жұп) дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет