Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет17/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   93
 
– 
деп тұжырым жасадық. Таным іс-әрекетті қабылдаудағы, ғылымилық 
негіздемесінің барлық, дәлелденгендегі жобаны жүзеге асырумен 
ерекшеленеді.
М.М.Иманбековтың «Мектeп жасына дeйінгі білім бeру мен тәрбиелeудегі 
қазіргі педагогикалық технологиялар» атты оқу құралында «Жобалау нысаны 
мектeпке дeйінгі ұйымның пeдагогикалық жүйeсіндегі, мақсатқа жeтуде 
көмектесетін пeдагогикадағы үдерістің барлық факторлары, білімдерді бeруіне


37 
бағдар бола алады», 
– 
деген тұжырым жасаған [172]. Жобалап оқыту 
технологиясының ерекшеліктері мектеп жасына дейінгі балалардың жасайтын 
іс-әрекеттерін жобалай алудағы дағдысының болуында. Жобаларға қойылатын 
негізгі талаптар: шешімдерін іздейтін мәселелердің болуы, жоба 
байсалдылықпен ойын арқылы орындалатын, мектеп жасына дейінгі балалар 
мен ата-аналардың ортақ шығармашылығы деп пайымдайды. Демек, болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогін даярлауда осы мәселелер ескерлігені жөн деп 
есептейміз. 
К.Ж.Бұзаубақова «Педагогика» оқулығында «меңгерілмеген білімді білім 
алушы ақпарт көздерінен немесе өз бетінше іздену барысында пратикалық және 
танымдық дағдыларын дамытуы», - деп ұсынады. «Мектеп жасына дейінгі 
балаларға араналған коммуникативтік біліктерін игеруге жағдай жасауды 
қарастырып, мектеп жасына дейінгі бала өзінің таңдап алған іс-әрекеттерін 
үлкен қызығушылықтармен орындай алады; іс-әрекеттер тек ұйымдастырылған 
іс-әрекет салаларында ғана құрастырылмайды; баладағы қызығушылығының 
пайда болған сәтінен; шынайылық оқытуда біржақты болмайды», 

деп 
қосымша берілетін мәліметтердің де маңыздылығына тоқталған [173]. 
К.Ж.Бұзаубақова мен С.Н.Жиенбаеваның «Мектепке дейінгі білім 
инновациясы» атты зерттеу еңбегінде жобалап оқытудың ұраны ретінде 
«барлығы өмірден, барлығы өмір үшін», - деген тұжырым жасалған [174].
Ғалымдар танымдық үдерістер жүйесін, қоршаған ортаны бастапқы зертхана 
ретінде қарастырған. Білім алушылар үшін қажетті білімді әртүрлі ақпарат 
көздерінен өз бетінше оқып үйренуі, танымдық және практикалық міндеттерді 
шешуге алған білімді пайдалану, әртүрлі жобаларды орындай отырып мәселенің 
шешімін анықтауға бағдарланған. 
Ф.Б.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова «Қазіргі заманғы педагогикалық 
технологиялар» атты еңбектерінде білім беруде технологиялар мен 
инновацияларды қолданудағы педагогикалық технологиялардың түрлері білім 
беруде жүзеге асырылуы оның мақсаттары мен элементтерін, шарттарын 
топтасыру арқылы ұсынады [175]. Әрбір технология мен инновацияларды 
жобалаудың көмегімен байланыстырған. 
А.Әлімовтың «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында 
қолдану» атты оқу құралында білім алушылардың білімін бағалауда 
қолданылатын 
әртүрлі 
тәсілдер 
негізінде 
интербелсенді 
әдістерді 
(интербелсенді лекциялар мен семинарлар, пікірталастар, саse-study, рөлдік 
және іскерлік ойындар, тренингтер, жобалық тапсырмалар) практикалық 
тұрғыдан сипатталып қолданылады [176]. Аталған интербелсенді оқытуда 
қолданылатын түрлі әдістердеге «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту», 
«Street Lаw», «Тәй-тәй («Step by step») бағдарламаларын, «Модульдік оқыту 
технологиясын» жобалау арқылы жүзеге асыруды ұсынған. 
М.Жанпейісованың 
«Модульдік 
оқыту 
технологиясы» 
еңбегінде 
«Модульдік оқыту технологиясы 
– 
жеке білім алушының өз-өзін дамытуға, 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын 


38 
қалыптастыратын бірден-бір технология»,

деген ұсыныс берілген [177]. 
Зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр 
білім алушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, 
ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді. 
Ғалым Г.С.Аяпбергенова «Жобалар болашақ педагогтердің өз бетінше 
зерттеушілік іс-әрекеттерінің нәтижесін презентация түрінде таныстыру 
барысында қандай да бір мәселені шешуге мүмкіндік беретін оқу-танымдық 
технологиялардың белгілі бір жиынтығын болжайды», 
– 
деген тұжырым 
жасады [178]. 
Автордың тұжырымынша, зерттеушілік іс-әрекетке жобалап оқыту 
технологиясы ретінде жобалап оқыту технологиясындағы проблемалық, 
зерттеу, іздеу, шығармашылық технологиялар жиынтығы кіреді. Жобалап оқыту 
технологиясы 
біздің 
зерттеуімізде 
зерттеушілік 
іс-әрекетін 
зерттеу, 
зерттеушілік, конструктивистік қызмет технологиясы ретінде қарастырылған.
Б.Т.Жубатырованың «Ойынның педагогикалық-психологиялық негіздері» 
еңбегінде балалардың іс-әрекеті ретінде ойынның өзіндік ерекшеліктері
балалар өмірін ұйымдастыруда ойынның рөлінің маңыздылығындағы 
альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері; жобаланған нәтижелер; бағалау 
критерилері; танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу 
және т.б. ойындар қолданылады [179]. Бұл зерттеу жұмысында келтірілген 
нәтижелерді жобалау арқылы білім алушының жан-жақты ойлана алуына 
болжай білуіне, шешім қабылдауына, тәуекелділік жасауға жобаланған іс-
әрекетте маңызды қызметтер атқарады. 
Отандық ғалымдардың еңбектеріне талдаулар жасай келе, болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамыту үдерісін былайша топтастырдық (кесте 4):
Кесте 4 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үдерісі
Білімі 
Зерттеуге қабілеттілігі, 
білігі мен дағдысы 
Тәжірибе, іс-әрекет 
Құндылық бағдар 




Ғылыми
негіздері; 
зерттеудің 
негізгі 
терминдері; 
қазіргі ғылыми 
зерттеулердің 
негізгі; 
бағыттары 
(МДҰ 
деңгейінде); 
зерттеу
Проблеманы таңдау; 
зерттеу нысаны мен 
пәнін анықтау; зерттеу 
тақырыбын 
қалыптастыру; 
зерттеудің мақсаттары 
мен міндеттерін 
тұжырымдау; 
болжамды құру; 
зерттеу жүргізу 
жоспарын құру; 
тақырып үшін қажетті
Әртүрлі білім 
көздерімен, АКТ-
мен жұмыс істеу; 
нақты зерттеу 
жүргізу үшін қажет 
әдістерді таңдау; 
қарапайым 
құралдармен жұмыс 
жасау; әлеуметтік 
сауалнама,анкета,сұх
бат және т.б. 
ұйымдастыру,
Зерттеу мәселесіне 
терең бойлауы; 
беймәлімді тануға ішкі 
қажеттіліктері және 
үдемелі 
қызығушылықтарының 
қалыптасуы; 
жаңашылдыққа, 
жетістікке жетуге деген 
ішкі мотиві болуы; 
қажеттілікті 
қанағаттандыратын іс- 


39 
4 - кестенің жалғасы 




қызметінің 
кезеңдері; 
зерттеу 
нәтижесін 
ұсыну түрлері; 
зерттеуді 
бағалау 
критерийлері; 
этикалық 
норма. 
ақпарат көздерін 
таңдау; идеялар табу, 
мәселелерді шешу 
жолдарын ұсыну; 
құбылыстар мен 
үдерістердің себептерін 
болжау; 
талдау, салыстыру, 
қорыту және шешім 
шығару. 
ұжымда, жұпта және 
жеке жұмыс жүргізу; 
зерттеу нәтижелерін 
белгілеу және өңдеу; 
зерттеу нәтижелерін 
рәсімдеу және 
оларды қорғауға 
ұсыну,сөз сөйлеу; 
зерттеу 
нәтижелерінің 
тәжірибелік мәнін 
табу. 
әрекет етуі; 
сенімділігі, белгілі 
мұраттар мен 
принциптерге 
адалдығы, осы 
мұраттар мен 
принциптерді іске 
асыру жолында ерік 
күшін аямауға 
қабілеттілігі,өмірлік 
ұстанымдарға орай 
белсенділігі, мақсатқа 
жетудегі табандылығы. 
Бұл кестеде біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға ықпал 
ететін құрамдас бөліктерін көрсеттік. 
Жобалап оқыту технологиясы қазіргі таңда – болашақ педагогтер немесе 
білім алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, зерттеушілік іс-әрекет, 
шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге 
бағытталған оқу танымдық іс-әрекет. Проблемаларды кең тұрғыда шешу 
әрекетімен және келісілген әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен 
сипатталады. 
Шетелдік жобалап оқыту технологиясының тарихы тереңде, 1900 
жылдардың басында Джон Дьюи «оқытуды жүргізу арқылы жүзеге асыру» 
деген идеясының мақсатында көптеген зерттеулер жүргізді [134,с. 95]. Ғалым 
педагогтерге жүргізілген тәжірибеден алынған оқытумен салыстырып 
қолданысқа енгізді.
Мектепке 
дейінгі 
тәрбие 
мен 
білім 
беруде 
жобалап 
оқыту 
технологиясының маңыздылығы зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру болды, 
сондай-ақ, 
зерттеушілік 
іс-әрекетке 
анықтамалар 
берген 
ғалымдар 
А.Н.Леонтьев 
[29,с. 
2], 
А.В.Запарожец 
[180], 
В.В.Давыдов 
[181], 
Д.Б.Элькониннің зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың 
зерттеушілілік дағдысын дамытудағы маңыздылығы қарастырылды. Шетелдік 
білім беруде және педагогикалық білім беру саласында жобалап оқыту 
технологиясы кеңінен қолданылды. Мысалы, Канадада балабақшадан бастап 
жобалап оқыту технологиясымен айналыса бастаған, мектеп жасына жеткен 
баланың бойынан зерттеуге деген ынтасы мен таным үдерісінің орын алуына 
негіз болды. Ал орта мектептерде жобалап оқыту жұмысының түрлері кеңейе 
түсті [182]. 
Неміс ғалымы М.Нолл өзінің «300 Jаhre lernen аm Projekt» («жобаны 300 
жыл оқимыз») мақаласында жоба әдісінің қалыптасуы мен даму тарихындағы 


40 
бес кезеңді бөліп көрсетті: 
- бірінші кезеңде: 1590-1765 жылдары Еуропаның сәулет мектептерінде 
жобалық жұмыстың бастау алуы; 
- екінші кезең: 1765-1880 жылдары АҚШта жоба әдеттегі әдістемелік әдіс 
және оны қабылдау ретінде бастау алуы;
- үшінші кезең: 1880-1915 жылдары жалпы білім беретін еңбек 
мектептеріндегі жобалар бойынша жұмыс; 
- төртінші кезең: 1915-1965 жылдары жоба әдісін жаңадан түсіндіру және 
оны АҚШтан Еуропаға қайтару; 
- бесінші кезең: 1965-2011 жж. жобалық идеяны қайта қарау және жаңа 
(үшінші) таралу толқыны болып жүзеге асырылды [151,с. 338]. 
Педагогика дамуының қазіргі кезеңінде жобалап оқыту технологиясына 
арналған көптеген зерттеулер жетерлік: 
- терминологиялық аппаратты, жеке элементтерді зерттеу, жобалау 
технологиясының ерекшеліктерін анықтауды Е.С.Полаттың еңбектерінде 
кездестіруге болады [143,с. 17]; 

білім алушылардың зерттеу іс-әрекетіне дайындаудағы жаңа 
бағыттарына: болашақ педагог-тәрбиешінің тұлғасын зерттеу қызметінің 
субъектісі ретінде қарастыру; болашақ педагог-тәрбиеші тұлғасының 
мотивациялық саласы жағдайын зерттеуге сүйену; білім алушылардың 
танымдық, зерттеу және өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетінің интегративті өзара 
әрекеті айқындалады [183]; 
Зерттеу жұмысымыздың шетелдік ғылыми кеңесшісі, ғалым Serkan 
Kelesoglu (Түркия, Анкара университеті) өз еңбектерінде білім алушыларды 
жобалап оқыту технологиясы негізінде зерттеушілік іс-әрекетке баулуда
көптеген зерттеу көздерін пайдалана алуға мүмкіндік жоғары деп 
тұжырымдайды. Ғалым жобалап оқыту технологиясының қолданылу аясы мен 
түрлерін жіктей келе, болашақ педагогтер үшін құнды зерттеулер жүргізген. 
[184,185]. 
Жобалап оқыту технологиясына жаңа қызығушылықты тудырған негізгі 
себептер: Батыс Еуропа мен АҚШ-та жобалап оқыту технологиясы белсенді 
дамып келеді, дегенмен ғалымдардың тұжырымдамалары мен еңбектеріне 
сүйене келе жобалап оқыту педагогикалық және басқада білім беру саласының 
кез-келген бөлігінде зерттеушілік іс-әрекеттің негізгі тетігі болып келетінін 
түсінуге болады.
И.Д.Чечель білім алушылардың жобалау өнімдерін бағалауда әртүрлі 
әдістерді қолданған дұрыс деген тұжырым келтірген [185].
И.Бил, 
И.Шнайдердің 
ғылыми 
еңбектерінде 
жобалап 
оқыту 
технологиясының мақсаты, студенттердің танымдық дағдыларын дамыту және 
олардың білімдерін құра білуге үйрету зерттелген [186]. Жалпы, мектепке 
дейінгі оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және заманауи аспектілері АҚШ, 
Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония елдерінде түрлі жағынан 
қарастырылып келеді. Негізгі проблема мектепке дейінгі педагогианың жаңа 


41 
проблемаларын айқындау, дер кезінде шеше білу. Әр елдің ұлттық дәстүріне 
сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту проблемалары әр түрлі болуы 
мүмкін.
Ф.Фребель танымдық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі 
балалардың «талант» қабілетінен туындайтын жүйесін құрды [187]. 
Балалардың талантына қарай бірнеше таланттың түрлерін анықтады. 
Д.Дьюи кез келген тапсырманы шешудің 5 кезеңі болатынын анықтады: 
[134,с. 2] мәселені нақты көрсету; мәселенің зерттеушілік барлық аспектілерін 
дәйекті түрде анықтау; бірнеше гипотезаларды көрсету; нәтижеге сәйкес 
келетін гипотеза түрлерін тексеру және анықтау, сонымен қатар ол болашақ 
педагогтерді педагогикалық мәселені шешуге бағыттады.
Шетелдік педагогикалық ғылыми зерттеулердегі И.Бил, И.Шнайдердің 
еңбегіне талдаулар жасай отырып, жобалап оқыту технологиясы [186,с. 141]
«Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің дербес қызметін ұйымдастыру 
арқылы оқуға деген қызығушылығын ояту, зерттеушілік іс-әрекетке деген 
қызығушылықтарын дамыту арқылы арттыру олардың алдына мақсаттар мен 
проблемалар қою үдерісін көрсетеді, шешімі жаңа білім мен дағдылардың 
пайда болуына әкеледі», 
– 
деген тұжырымдама жасадық. 
Ғалымдар G.Saiman, S.Hаines зерттеулерінде жобалар әдісі емес [135,с. 3] 
жобалап оқыту технологиясы қарастырылған, бұл «оқытудың негізгі әдістерін 
толықтыратын және оқытудың түрлі деңгейінде, кез-келген жаста және білім 
алушылардың қалыптасқан дағдыларының деңгейінде қолдануға болатын 
оқыту тәсілі немесе «алшақтықты жеңуге көмектесетін» құрал»,
– 
деп атап 
көрсетті.
D.L.Fried-Booth «зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыруда жобалап оқыту 
әдісінің негізін алмастырушы – зерттеушілік жобалап оқыту іс-әрекетін жүзеге 
асыра алатын педагог», 
– 
деп қарауға болады деген идеяны ұсынды [188]. 
Жоба технологиясы бүгінде дизайн сөзімен тікелей байланысты 
Дж.К.Джонс дизайн «түпкілікті нәтижеге деген сенімділік пайда болғанға дейін 
қайталанатын болжамды әрекеттерді модельдеу», «интуицияның өте күрделі 
әрекетін жүзеге асыру», «белгілі бір шарттар кешеніндегі шынайы 
қажеттіліктердің мөлшерін оңтайлы қанағаттандыру», 

деп санайды [147,с. 
257]. Яғни дизайн белгілі бір жоспар негізінде жасалатын өнімнің шығуында 
оның жобамен тікелей байланысы өнімді жасаумен теңестіріледі. 
Зерттеушілік іс-әрекетті жобалап оқыту технологиясын дамыту арқылы 
Ұлыбританияда жоғары оқу орнындарындағы ғалымдардың зерттеулері 
негізінде болашақ білім алушының нәтижелері зерттелінді.
Ұлыбритания зерттеушілері өзі зерттеулерінде дәстүрлі және жобалап 
оқыту жүйелерін салыстыра отырып, Еуропалық университеттердің болашақ 
білім алушылары жобалап оқыту жұмысына деген көзқарасы туралы 
мәліметтер келтірді [189]. 
Білім 
алушылардың 
бір 
бөлігі 
жоба 
технологиясын 
қолданудың 
оң 
нәтижелері: 
бастаманы 
дамыту; 
қызығушылықты есепке алу; зерттеу тақырыбына тереңірек ену; өз бетінше 


42 
жұмыс істей білу; өз тәжірибеңізді алу; туындаған мәселелерді өз бетінше шеше 
білу; зияткерлік дағдыларды дамыту; шығармашылық қызметтің өнімін ұсына 
білу; ешқашан жасамаған нәрсені игеру деп санайды. Аталған оң нәтижелер 
негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің бойында зерттеушілік іс-
әрекетке деген сенімділік пен шығармашылық, ізденушіліктің нәтижесінде 
дағдының дамуы мен қалыптасуында жобалап оқыту технологиясы үлкен мәнге 
ие. 
ХХІ ғасырдағы шетелдік педагогика ғылымында «жобалау технологиясы» 
ұғымын «жобалау әдістемесімен» немесе «жобалап оқытумен» ауыстыру 
үдерісі байқалады. 
Карл Фрейдің «жобалық әдіс» жұмысында (Германия, 1997) жобаны 
әзірлеу кезінде білім алушылардың зерттеу бағытын білдіреді деген көзқарас 
айтылған [95,с. 39]. 
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында жоба технологиясы шет тілін 
оқытуда белсенді қолданыла бастады (D.L.Fried-Booth «project Work», 1986). 
Жобалық жұмысты сәтті жүзеге асырудың мысалдары (бір-бірімен тақырыптық 
байланысты және тілдік материалдың сабақтастығы мен біртіндеп күрделену 
принципін жүзеге асыратын жобалар тізбегі ретінде), D.Phillips ағылшын 
тіліндегі оқу құралдары шыға бастады [188,р. 5].
S.Burwood, H.Dunford «projects with Young Leаrners» (балаларға арналған 
жобалар) және C.Turkenik «Choices» (жобаларға негізделген жазбаша тілді 
оқыту). Жобалап оқыту идеяларына негізделген конструктивизмнің өкілдері 
(Э.Брухман, Я. Кавай, С. Паперт, И. Карел және т.б.) «Адамдар өздері үшін жеке 
маңызы бар өнімді жасауға қатысса, жаратушы мен айналасындағылар үшін 
маңызды»,
 –
деп санайды [190]. 
Финляндияда зерттеушілік іс-әрекетке жобалап оқытудың технологиясы 
арқылы дағдыландыруда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогіне арналған 4 
зерттеушілік нәтиже қарастырылған: алынған жобаға өз білімінің сәйкес келуі 
немесе жобаның қыр-сырын тезірек меңгеру мен икемделу; жоба негізінде 
алған біліміне сәйкес келмеуі, зерттеушілік іс-әрекетте тұрақсыздықтың 
байқалуы; жоба жасау кезінде бірнеше сала бойынша білім алады, алайда 
зерттеушілік іс-әрекеті нақты алған білім саласы бойынша жүзеге асады; 
жобаны орындау барысында бірнеше сала бойынша білім алады, алайда 
зерттеушілік іс-әрекетте тұрақсыздықтар орын алып, өніміді шығару қиынға 
соғады. 
Финдік ғалымдардың зерттеулерінде әрбір болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогі өз мамандығын дұрыс таңдауы, оны меңгеруі мен зерттеушілік іс-
әрекеттерге байланыстыра алуы маңызды рөл атқарады. Ал, «зерттеушілік іс-
әрекетіне ықпал ететін маңызды факторлар ақпараттық, коммуникативтілік, 
әлеуметтік, психологиялық факторлар негізінде жобалап оқыту технологиясы 
арқылы дамыту», - деп көрсетіледі. 
Қазіргі кезде еліміздегі ЖОО білім бағдарламалары финдік үлгіге сәйкес 
құрастырылуда, соның ішінде 6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және 


43 
тәрбиелеу білім бағдарламасына да біршама өзгерістер енгізілетіні анық. 
Түркияның бірқатар жоғары оқу орындарында (соның ішінде Аnadolu 
University, Yeditepe University және т. б.) педагогикалық мамандықтар үшін 
білім беру бағдарламаларында «оқытудың арнайы әдістері» курсы, онда 
жобалап оқыту технологиясы (Bülent Аlаn, Fredricka L. Stoller, 2005) берілген 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы оқу үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруға 
көмектеседі деп есептейді. 
Шетелдік ғалымдардың ғылыми педагогикалық жарияланымдарын 
талдауда педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлау кезінде жобалап оқыту 
негізінде жатқан бірнеше негізгі тұжырымдамалық ережелерді бөліп көрсетуге 
болады [191]. Жобалық оқытудың басты бағыты білім алушы (гуманизм 
принципі), педагог және болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің оқу 
топтағы ынтымақтастығы негізінде құрылады (ынтымақтастық принципі), 
жобалап оқытуды ұйымдастырудағы жеке тәсіл, оқыту іс-әрекет арқылы жүзеге 
асырылады, яғни іс-әрекетке деген көзқарас жүзеге асырылады, жоба 
тақырыбына деген болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жеке 
қызығушылық принципі, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогін оқыту жеке 
маңызды өнімді құру үдерісінде жүреді, зерттелетін өнімге қатысты болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогінің қызығушылығын тудырады және 
ынталандырады олардың оқуы үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады. 
Орындалатын жобалар мынадай талаптарға сай болуы тиіс: білім берудегі
жобалар; болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі пәннің негізгі ұғымдары мен 
қағидаттарымен бетпе-бет келу мәселелерге бағдарланған жобалар; болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогін конструктивистік зерттеуге тартуы тиісті 
жобалар; болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогіне бағдарлануы тиісті білім 
беру бағдарламасында айтарлықтай дәрежедегі жобалар; жобалар шынайы 
болуы тиіс; жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде жүйелік тәсілдің қажеттілігі 
жүйелік жобалау тәсілі күрделі жүйелерді оңтайландыру мүмкін емес дегенді 
білдіреді, жеке ішкі жүйелерді оңтайландыру арқылы ішкі жүйелердің бір-
бірімен қалай әрекеттесетіні туралы білімді қажет етеді; педагогикалық білім 
беруде жобалап оқытуда шешім қабылдау кезінде техникалық емес сипаттағы 
(педагогикалық, психологиялық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.) әртүрлі 
шектеулерді ескеру принципі де маңызды.
Педагогтердің тиісті дағдыларын дамыту жоспарланған оқу нәтижелеріне 
қол жеткізуге ықпал ететіні анық. Зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясында оқу үдерісіне енгізудің үш стратегиясын анықтайды (сурет 3): 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет