Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет16/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
«Project Mаgement: Kazakhstаn»
атты 
халықаралық дәрежеде симпозиумдар өткізілді. Бұл жобаның негізі адам 
баласының зерттеушілік іс-әрекетін жобалау арқылы дамытудағы менеджмент 
талқыланды. Аталаған симпозиумдарда болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтері жобалауды және жоспарлауды, жобаның тәуекелдіктерін 
басқаруды, оның құны мен мерзімін анықтауды, жоба портфелін басқару және 
мамандық менеджментін кәсіби түрде жобалауға қатысты тағы басқа да 
қажеттіліктерді үйреніп шығуын негізге алды. Өткізілген сипозиумдарға сәйкес 
білім берудегі кәсіби маман даярлауда ауылдық және аймақтық елді мекендерде 
жаңартылған бағдарламаларға сай болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарын 
қажет етеді [82,с. 115]. 
К.А.Нұрымжанова мен Г.К.Ахметованың «Қазіргі заманғы Қазақстан 
ауылдық мектебін инновациялық-стратегиялық жаңғырту» монографиясында 
«Ауылдық жерде білім берудің миссиясы: инновациялық және технологиялық 
білім беру мен оқыту, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу арқылы дамуы, жетілу мен 
әлеуметтенудің синтезін құру», 

деп көрсетті. Заман талабына сай ауылдық 
балабақшалар мен аймақтық ЖОО-ның білім беру стратегиялық сапаларына 
өзгерістер жасауды талап етеді. Жобалап оқыту технологиясының өзіндік 
ерекшелігі балабақшалар мен жоғары оқу орнының болашақ педагогі 
практикалық-тәжірибелер негізінде зерттеушілік іс-әрекеттері арқылы жүзеге 
асады [169]. 
Ғалым Ш.Т.Таубаеваның пікіріне сүйене отырып, «болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін нақты бір іс-әрекеттер 
саласында практикалық дағдылары мен іскерліктерде, кәсіби еңбекке қажетті 
моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығынан құралған бірлік», деп 
тұжырым жасай алдық [34,с. 29]. Аталған пікірлерге сәйкес, «Болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекеті жобалап оқыту технологиясын 
орындау барысындағы зерттеушілігі мен зерттеушілік іс-әрекетіндегі 


35 
дағдылардың жиынтығы», 
– 
деген анықтама бердік.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдары өз алдына мынадай міндеттерді қойып 
отыр: ғылымды дәріптеу; жобалап оқыту технологиясы үдерісінде практикалық 
дағдыларына (технологиялық, конструкторлық, зерттеу, зерттеушілік іс-әрекет, 
басқару, кәсіпкерлік), оның ішінде кәсіби зерттеушілік іс-әрекет дағдыларды 
дамытуға; шығармашылық жобалау топтарын құру, іскерлік коммуникация, 
ынтымақтастық, командаларда жұмыс істеу және т. б. дағдыларын дамыту 
міндеттерін қойып отыр. 
Аталған дағдыларды қалыптастыру барысында отандық ЖОО-да білім 
беру барысында жобалап оқыту технологиясының қызметі кеңінен зерттеле 
бастады және ол болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-
әрекетін дамытуда. Жобалап оқыту технологиясы негізінде зерттеушілік іс-
әрекетінің принциптерін болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің іс-
әракеттерін жобалап оқыту технологиясы саласында қатыстырылған жобалау 
табиғатымен объективті расталғанда, іс-әрекетін қалыпына келтіру ретінде 
қарастырылады және үдерістерге негізделеді.
Зерттеушілік іс-әрекетті жобалап оқыту технологиясы негізінде педагогтің 
және болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін білім 
алуында іске асырылады. Білім беру үдерісінде болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогі мен педагогтің біртұтас күрделі зерттеушілік іс-әрекетін танытады. 
Ондағы болашақ педагог пен оқытушының ортақ мақсаты – жобалап оқыту 
технологиясы арқылы білім, іскерлік, дағдымен дамыту, демек, оқыту – өз 
мәнінде екі жақты үдеріс болып табылады. 
Отандық 
ғалым 
Ж.Р.Башированың 
монографиясында 
«Болашақ 
педагогтерді даярлау аспектісінде университеттік білім беруді дамыту», 
«дәлелді қосу» деп атап өтті. Осы идея негізін ғылыми зерттеу жұмысымыздағы
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап 
оқыту технологиясы арқылы дамытуда кеңінен қолдана алдық. Ғалымның 
еңбегінде білім алудағы кемшіліктерді кешенді түрде жоюдың балама жолы 
дәстүрлі оқыту және бірқатар жобаларды әзірлеуге қосымша артықшылықтарды
жүзеге 
асыру 
сондай-ақ, 
жобалап 
оқытудың 
дәстүрлі 
оқытудан 
артықшылықтарын байқауға болады. Болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың артықшылықтарына мыналар кірді: 
– әлеуметтік бағыттағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін жобалау 
қызмет түрі; 
– болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің әлеуметтік-мәдени 
ортасын түсінуге ғана емес, оны өзгертуге де нақты қатысуы; 
– болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін жеке маңызды 
мәселелерді шешу және идеяларды іске асыру мүмкіндігі; 
– өз еңбегінің нақты нәтижелерін алу, жоғары оқу орнында немесе өз 
тәжірибесіне енгізу; 
– өз білімін, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби қызметін 


36 
жеке жобалау технологиясын біртіндеп игеруі, өмірлік маңызды мәселелерді 
шешу; 
– пәндерде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің еркін 
шығармашылық өзін-өзі көрсетуі; 
– жоғары оқу орнында әзірленген және енгізілген жобаның нақты 
пайдасын сезіну; 
– шындыққа эмоционалды-құндылық қатынасының тәжірибесін игеру; 
– білім беру үдерісіндегі субъектілері шешуі керек проблемалардың басқа 
деңгейі, басқа сапасы, басқа мазмұнын анықтау [170]. 
А.К.Мынбаева «Жоғары оқу орындарындағы педагогика негіздері» 
еңбегінде болашақ педагогтің кәсіби педагогикалық мәдениетінің негіздерін 
қалыптастыруда, ЖОО-да кәсіби қызметті сауатты түсіну және жобалау үшін 
педагогикалық ғылымның әдіснамасын, педагогикалық қызмет пен қарым-
қатынас технологияларын білу қажет [37,с. 4]. Автордың пайымдауынша 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің сындарлы іс-әрекеттерді, білім беру 
мазмұнын, оқыту әдістерін таңдайды, іс-әрекеттерін жобалайды. Мұнда 
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім беруде, оқыту әдістерін 
меңгеру тәжірибесін жалпылау үлкен маңызға ие. Елімізде соңғы бес жылда 
жобалап оқыту, жоба жасау бойынша көрсеткіштерінің күрт өзгеруі мен өсуі 
белең алуда. 
Сондықтан да, еліміздегі ЖОО-да берілетін білімнің ғылыми негізде 
жүргізілуін талап ететін құжаттар қабылданып, білімді дамытудың жаңа
стратегиясы ұсынылуда. Ең басты мәселе болашақ жастарымызға берілетін 
білімді тұлғаға бағыттай отырып, олардың болмысына жол ашу, бәсекеге 
қабілеттілігін қалыптастыру болып отыр.
Ғалым Р.К.Бекмагамбетова [48,с. 1] «Мектепке дейінгі педагогика» 
еңбегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның 
ерекшеліктері, ұйымдастыру қағидаттары және оны жобалау үдерістерін 
талдап, жобалаудың маңыздылығын түсіндірген.
Психология ғылымдарының кандидаты М.Қ.Бапаева «Психологияны 
оқытудың белсенді әдістері» атты ғылыми еңбегінде жоба - болашақтағы 
нәтижелерге қол жеткізу үшін білімдердің жиынтығы; 

деген тұжырым 
келтірген [171].
Біз «Білім алушының білімдердің жиынтығына ойын арқылы және 
жобалап оқыту негізінде ойынның түрлері мен іскерлік ойындар бойынша 
имитациялық, инновациялық нәтижеге қол жеткізудегі зерттеушілік іс-әрекет»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет