Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет41/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

Суретте көрсетілгендей, 
модель білім алушылардың білім алуға 
қызығушылықтарын, жобалап оқыту технологиясы негізінде зерттеушілік іс-
әрекетті орындай алуын, жобалық, зерттеушілік іс-әрекетті меңгеруін, өзін-өзі 
реттеуін қамтиды.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту - білім алушының өз бетімен әрі 
үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігі, оның оқуы және әлеуметтенуі 
барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке 
дайындығынан көрініс беретін кіріктірілген сапа.

Сонымен бірге модельде білім алушының жобалап оқыту технологиясы 
негізінде зерттеушілік іс-әрекеттегі қызығушылығы, зерттеушілік іс-әрекеттегі 
белсенділігі, зерттеушілік іс-әрекеттегі ізденісі, жобаны орындаудағы білімі, 


100 
зерттеушілік қабілеті, зерттеушілік икемділігі, жобалық тапсырмаларды сауатты 
қалыптастыру мақсатындағы зерттеушілік іс-әрекетке икемділігі, теориялық 
білімді іске асыру әрекеті, педагогикалық технология мен педагогикалық 
техниканы игеру дағдысы, шешім қабылдаудағы дербестігі, жобаны 
орындаудағы зерттеушілік біліктілігі, зерттеушілік іс-әрекеттегі нәтижесі 
сипатталады.
Осы тұста болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың бағдарлары 
айқындалады. Таңдап алған мамандығына деген құнды қатынастарының 
жиынтығы маманның кәсіби, азаматтық, жеке бағдарларын қалыптастырады.
Ғалымдардың педагогикалық идеяларын талдай отырып (В.А.Болотов, 
С.А.Зайцева, Л.В.Иванова, В.Я.Ляудис, Н.В.Матяш, П.В.Смирнов және т. б.) 
біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалап оқыту технологиясы 
арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың компоненттерін – мотивациялық, 
когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік деп анықтадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет