Мамытбаева жанат абдиманаповна


– Олар білім алушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт  аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;  –



Pdf көрінісі
бет28/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93

Олар білім алушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт 
аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады; 

Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасақан әртүрлі оқу 
орнында отырып қол жеткізуге болады; 

Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының оқу сапасын 
арттырады. Компьютердің көмегімен білім алушы өз бетінше, сондай-ақ, өзге 
білім алушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Innovаtion) «иновацияға 
кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол 
бір мәдениет жетістіктерін сауда, тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару 
дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, содан 
соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі 
білім беру ұйымдарының практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған 
түрлі өзгерістерді зерделейді.
Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде дамуына ғалымдар 
К.Ангеловский [215], В.И.Загвязинский [25,с. 21], В.П.Квашанның [216], 
еңбектері негіз болды. 
Қазақстан Республикасында педагогикалық инноватиканың теориялық-
әдіснамалық 
негіздерін 
зерттеген 
ғалымдар 
К.Ажибеков 
[217], 
Б.Р.Айтмамбетова [218], К.Құдайбергенова [219], А.Қ.Мыңбаева [37,с. 9], және 
т.б . 
50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде 
педагогикалық жаңалықтарды жүйелеу орталығы пайда болып, білім беру 
саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады 
(мысалы, «informаtion аt innovаtion en educаtion Educаtioаl innovаtion in the 
United Stаtes» және басқалар). 
Жобалау әдістерінің басты идеясында 
– мектеп жасына дейінгі 
балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда, өз беттерінше және педагог-
тәрбиеші мен ата-аналардың көмегімен өз білімдерін қолданыста пайдалануы 
ақпараттық кеңістіктерде сыни ойлауын дамыту жатыр.
Жобалап оқыту бір мәселені шешуде және оны қолданыста пайдалануда 
әртүрлі білім беру салаларынан мағлұматтарды алу арқылы ықпалдастыра 
алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің 
жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға 
тырысады. Зерттеу тақырыбымыз жоғары оқу орнында маман даярлау мәселесі 
болғандықтан, мамандықтың білім алушылары жоғары білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысып келгенін ескере отырып, 
алдымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны түрлі іс-әрекеттерді 
ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатынын 
анықтай алдық.


64 
«Жүйелік», «іс-әрекеттік» тұғырларды негіздеуші В.А.Сластенин [198,с. 
127], сияқты ғалымның идеялары жұмысымыздың негізгі тірегі болды.
В.И.Загвязинский [25,с. 63] педагогикалық зерттеудің негізін қалаушы 
қағидалардың 
арасынан 
ғылымилық 
қағидаларын, 
логикалық 
пен 
тарихилықтың бірлігі қағидасын, тұжырымдамалық бірлік қағидасын, нақты 
мен міндеттінің байланысы қағидасын, сонымен қатар зерттеу жұмысы мен 
тәжірибелік оқу-тәрбие жұмысының бірлігі қағидасын атап көрсетеді.
Келесі кезекте біз жоғарыда талданған ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне 
сүйене келе, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудағы әдіснамалық
тұғырлардың рөлін белгілей алдық (кесте 8). 
 
Кесте 8 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудағы әдіснамалық
тұғырлардың рөлі 
 
Әдіснамалық 
тұғырлар 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудағы әдіснамалық
тұғырлардың рөлі 
Акмеологиялық Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби даярлаудың жоғары 
шегіне жетеді, акмеологиялық технологияларды өз дәрежесінде 
қолдануға мүмкіндік береді. 
Іс-әрекеттік 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуда оқытушы мен студенттің 
өзара әрекеттесу формасы ретінде пайдаланылады. Оқытушы студентті 
әдістемелік дайындауда іс-әрекеттік тұғырды жүзеге асыра отырып, 
сонымен бірге жобалап оқыту технологиясын үйретеді, осылайша 
болашақ тәрбиешінің кәсіби-педагогикалық қызметке бағытталуы 
қалыптасады. 
Жүйелілілк
Тапсырманы әртүрлі жағынан көре білу, көптеген шешімдерді талдай 
білу, алған білімді, жаңа ақпараттарды жүйелей алу, диагностикалық 
әдістемелерді жүйелеуге, жобалап оқыту технологияларын жүйелі 
орындауға мүмкіндік береді. 
Аксиологиялық Аксиологиялық тұғыр болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың маңызды құрамдас бөлігі, оны жүзеге асыру оң мотивацияны, 
ерекше білімді көзқарасты, қызығушылықты және осы қызметті жүзеге 
асыруға деген тұрақты ынтаны қалыптастыруға ықпал етеді. 
Инновациялық Педагогикалық инновациялық технологияларды меңгеруге, мектепке 
дейінгі білім берудегі инновацияларды пайдалана алуға, жаңа 
ақпараттарды талдауға, АКТ технологияларын игеруге, мектеп жасына 
дейінгі балалармен ойын әрекетін әртүрлі форматта ұйымдастыруға 
ықпал етеді. 
 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту бірнеше әдіснамалық 
қағидаттарға сүйенуді талап етеді. Оларға мыналар жатады: 


65 
– Жалпы дидактикалық қағидаттар ғылымилық, жүйелілік, реттілік, 
көрнекілік, қолжетімділік, беріктік, оқытудың практикамен байланысы, 
болашақ маманның зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы 
арқылы дамытуға бағытталған, білімді жүйелілікпен меңгеру және оның 
тәжірибелік сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдану қажеттілігін 
айқындайды. 
– Бірлескен шығармашылық іс-әрекет қағидаты білім алушылардың 
әрекетіндегі кәсіби-шығармашылық бастауына, олардың өзін іс-жүзінде ілгеріге 
қарай жылжуына бағдарланған екі жақты (педагогтер мен білім алушылар) 
міндетті іс-әрекет барысында педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара 
әрекеттестігін ойластырады. Бұл әдіснамалық қағидаттардың барлығы да 
болашақ маманның зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту арқылы дамытудың 
жекелеген компонентерінде жетекшілік қызмет атқарады. Біздің жұмысымыз 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту арқылы дамытуды зерттеумен байланысты болғандықтан, келесі 
кезекте болашақ маман тұлғасының ғылыми-тәжірибелік алғышарттарын 
іздестіруді мақсат етеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет