Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет26/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93
Жүйелілік тұғыр
В.С.Данилова мен Н.Н.Кожевников атап өткендей
жүйелілік тұғырды қолдануда зерттеудің келесі кезеңдерін жүзеге асыруды 
көздейді [195,с. 45]. 
– дербес құрылымдар ретінде зерттелетін бүтіннің элементтерін бөліп 
көрсету; 
– элементтердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын тұрақты 
байланыстардың құрылымын зерттеу; 

нақты құбылыстар мен үдерісті зерттеу үшін алгоритм ретінде арнайы 
құрылымды қолдану. 
Бұл зерттеулердің авторлары «Педагогикалық жүйелер табиғаты бойынша 
жасанды, ашық жүйелер», – деген ұсыныс берген. Педагогикалық жүйелердің 
проблемалары Ю.К.Бабанскийдің еңбегінде қарастырылды [211]; педагогикаға 
жүйелілік тұғыр енгізу және тәрбиешіні даярлау, атап айтқанда, В.П.Беспалько 
[24,с. 192], мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі білім беру жүйесі 
А.М.Новиковтың зерттеу нысаны болды [212]. 
Аталған формалардың әрқайсысының өзіндік оқу-тәрбие әлеуеті бар. 
Практикада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогін даярлау жүйесін іске 
асыруда бұл формаларды жоғары оқу орнының педагогтері қолданады. Болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогінің көркемдік және бейнелеу іс-әрекетінде 
креативтілікті дамыту теориясы мен әдістемесін зерттеу бойынша оқу-тәрбие 
қызметін ұйымдастырады, бұл білім алушыларға оны кеңінен пайдалануға 
мүмкіндік берді. 
Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көп 
салалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады 
[213]. Жүйелік тұғыр – нақты гносеологиялық жағдаяттағы диалектикалық 
әдістердің көрінісі. Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің 
бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты 
құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады. 
Жүйелік тұғыр
– объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізінде, жалпы 
ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (жүйе, грек тілінен 


61 
аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті 
құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қатынаста және байланыста болатын
элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым. Жүйелердің 
типтері көпқырлы: материалды және рухани, органикалық емес және тірі, 
механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, ашық және 
тұйық т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі 
элементтерден тұрады. Құрылым а) тұтастығы мен өзіне ұқсастығын 
қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; ә) 
күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатынасындағы тұрақты тәсілі 
(заңы). Жүйелі тәсілдің ерекшелігі, зерттеудегі объектінің тұтастығын ашуға 
және оның тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының 
көптеген типтерін анықтауға, оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға 
бағыттайды.
Зерттелуші объектіні жүйе
ретінде, оның элементін, олардың арасындағы 
байланысты және оны жіктеп, құрылымын ұйымдастыруды, тұтастай білім беру 
ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің 
ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын 
жүйелер (қайта құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара 
немесе әрекет жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері 
арқылы құрылады және олардан бөлек болмайды, солар арқылы жүзеге асады. 
Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбиелеу үдерісінің негізгі 
сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады. Теориялық 
білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де қажет. 
Демек, ол нысанның даму болашағын болжамдау үшін де керек. Теориясыз 
түсінік жоқ, сондықтан да түсінік – теорияның стратегиялық миссиясы 
зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың 
көптеген элементін анықтайды. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-
әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта 
құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе 
әрекеттік-жасаушы және т.б.) [34,с. 287]. Мектепке дейінгі ұйымның 
педагогикалық жүйесі - педагогикалық үдерістегі пәндері (педагогтар, балалар, 
ата-аналар), білім мазмұны (эмоционалды-еріктік тәжірибесі, дағдысы, 
шығармашылық тәжірибесі), педагогикалық үдерістің әдістері мен формалары, 
базасы (құралдар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет