Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет24/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93
Іс-әрекеттік тұғыр 
- педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық 
негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практикалық және 
абстрактілі-теориялық (танымдық) тұғырлармен байланысты шешіледі.
Бұл ұғымға бірнеше түсініктеме берілген. Әрекет объектінің бірлігін және 
оның механизмін (философия мен әлеуметтану теорияларына сәйкес), адамның 
іс-әрекет, оның қызметінің құрылымы мен қызметін қарау арқылы қоршаған 
ортаны білуі мен өзгертуін ашудан тұрады деп санайды. 
– Іс-әрекеттік тұғырын психологияда зерттеген ғалымдар А.Н.Леонтьев
еңбектерінде кеңінен талдаулар жасалынды, болашақ педагогог іс-әрекеттің 
субъектісі ретінде қарастырды. Болашақ педагогтің іс-әрекетте және басқа 
адамдармен қарым-қатынаста қалыптасу сипаты анықталды [29,с. 7]. 
– Іс-әрекет тұрғысынан оны қоршаған әлемді, өзін және өмір сүру 
жағдайларын тануға, шығармашылыққа айналдыруға бағытталған арнайы адам 
әрекеті ретінде анықтауға болады; 
– Іс-әрекеттік тұғыр қоршаған ортадағы шындыққа белсенді әрекеттерден 
тұрады; 
– Іс-әрекет белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамның іс-қимыл 
жүйесі. Жоғары оқу орнында іс-әрекетке деген көзқарастың негізгі идеясы іс-


57 
әрекеттің өзімен емес, білім алушының субъективтілігін қалыптастыру және 
дамыту құралы ретінде байланысады. 
Іс-әрекеттік тұғыр әртүрлі мәселенің арнайы ұйымдастырылған оқу 
міндеттерін шешуде білім алушының іс-әрекетін субъектіге бағытталған 
ұйымдастыру және басқаруы деп біледі. Бұл міндеттер білім алушының пәндік, 
коммуникативті және зерттеушілік іс-әрекет түрлерін ғана емес, сонымен бірге 
оны жеке тұлға ретінде де дамытады. Бұл білім алушының алдында 
мүмкіндіктердің барлық спектрін ашуды және оның осы немесе басқа 
мүмкіндікті еркін, бірақ жауапты таңдауға көзқарасын құруды қамтиды. 
Іс-әрекетке деген көз-қарас білім алушылардың өмірінің жалпы 
контекстінде мақсатты білім беру қызметін жобалауды және басқаруды 
зерттеушілік іс-әрекетінің бағыты, оқыту мен тәрбиенің мәнін түсіну. 
Іс-әрекетке негізделген білім беру қызметі келесі құрылымға ие болуы 
керек: 
– проблемалық жағдай туғызу; 
– мақсатты орнату; 
– қызметке ынталандыру; 
– проблемалық жағдайдың шешімдерін жобалау; 
– іс-әрекеттерді (тапсырмаларды) орындау; 
– қызмет нәтижелерін талдау; 
– қорытындылау. 
Іс-әрекеттік тұғырда қолданылатын әдістер мен формалар: диалог, жоба, 
зерттеу жұмыстары, зерттеушілік іс-әрекеттер, ойын мотивациясы, мақсат қою, 
таңдау жағдайын туғызу, рефлексивті, педагогикалық қолдау, сәттілік жағдайын 
құру, білім алушының өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің өзін-өзі жүзеге асыру 
формалары: 
көрмелер 
(тақырыптық 
және 
авторлық, 
білім 
алушы 
жұмыстарының жеке көрмелері, презентациялар, ойын жобалары) білім 
алушының өзін-өзі жүзеге асыруының міндетті шарты оның жобаға қатысуы 
және білім алушының іс-әрекетінің өнімі, коллекциялар. 
Сонымен, іс-әрекеттік тұғырды сипаттай отырып, біз іс-әрекет тұғырын 
дәстүрлі оқыту үдерісі мен білім беру қызметіне салыстырмалы талдау 
жасаймыз: 
– білім алушыны дәстүрлі оқу үдерісінде - ойлаудың репродуктивті жағы 
белсенділік тұғырымен ойлаудың шығармашылық жағы. 
– педагогтің дәстүрлі оқу үдерісінде-білім мен шындықты педагогтің білім 
алушыға дайын түрде беруі; белсенді көзқараспен – педагог білім алушылар 
проблемалық жағдайларды құру, проблемаларды шешу үдерісінде жаңасын 
ашуға бағытталған білім алушылар зерттеу, іздеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру 
арқылы ойлауды дамытады; 
– білім алушының іс-әрекеті дәстүрлі оқу үдерісінде білімді соңғы 
сатыдағы шындық ретінде дайын түрде қабылдау және есте сақтау; іс-әрекеттік 
проблемаларды шешу, жаңа білім мен іс-қимыл тәсілдерін ашу үдерісінде


58 
ізденіс, зерттеу сипатына ие болады.
Жоғарыдағы ақпараттарды зерделей келе, біз келесідей қорытынды 
жасаймыз: тәрбиенің мәні, іс-әрекетке деген көзқарас тұрғысынан, бұл тек іс-
әрекетке ғана емес, білім алушылардың ересектермен бірлескен іс-әрекетіне, 
бірге жасалған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Педагог 
дайын үлгілерді ұсынбайды, оларды білім алушылармен бірге жасайды
дамытады, зерттеушілік іс-әрекет үдерісінде өмір сүру нормалары мен 
заңдылықтарын бірлесіп іздейді және іс-әрекетке көзқарас аясында жүзеге 
асырылатын оқу үдерісіндегі мазмұнды құрайды. Іс-әрекетке деген көзқарас 
білім алушының психикасы оның қызметімен және іс-әрекетімен тығыз 
байланысты деген қағидатқа негізделген. 
А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің келесі құрылымын ұсынды: «іс-әрекет операция 
және мотивациялық» саланың құрылымы: «мотив-мақсат-шарттар». Олардың 
арақатынасы: «мотив-әрекет; мақсат - әрекет; шарттар-операциялар» [29,с. 8]. 
С.Л.Рубинштейн «Әрекет әрекеттесуді тудырған қажеттілік ретінде жауап 
беретін білім алушылардың сыртқы әлеммен (оның ішінде басқа адамдармен) 
белсенді мақсатты өзара әрекеттесуінің бір түрі», – деп тұжырымдаған [203].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет