Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет32/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Жобалаудың өзіндік кезеңі.
Кезеңнің ішкі процедурасы: бағытын анықтау, 
функциясы, қатысушылардың жобалауындағы тапсырмасы мен жоспары, 
жобалау өнімінің ішкі бағасының болуы;
– 
Рефлексивті кезең.
Кезеңнің ішкі процедурасы: жобалаудың рефлексивті 
нәтижесі бойынша; 
– 
Жобалаудан кейінгі кезең. 
Кезеңнің ішкі процедурасы: жобалау іс-
әрекетінің өнімділігі және қорытындысы, жобалау нұсқасының жалғасуы [144, 
с. 141]. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін дайындаудағы педагогикалық 
жобалау шығармашылық іс-әрекет құрылымында келесі кезеңдерден өтеді:
алдындағы педагогикалық тәжірибенің анализі мен синтезі, болашақтағы 
педагог бала жүйесіндегі шығармашылық іс-әрекеттің ішінен проблеманы бөліп 
алу, тақырыптың шығармашылық мотивтерін бөліп алу, болашақ іс-әрекеттің 
мазмұнды 
шығармашылық 
идеяларын 
ұсыну, 
болашақ 
өзгеріске 
шығармашылық мақсаттар қою. 
Оқуға 
және 
техникалық 
жобаларға 
қойылатын 
талаптар:
жобалаушының позициясы өзі үшін жаңа ақпарат алуы, жобалау идеясы 
тәжірибеде, рефлексиядан білім алуға бағдарлануы, жобалау қиялы 
шығармашылық қиялға жақындығы; жобалаушылық ойлау болашақты 
ойластырумен байланыстығы. 
Жобаны басқару жоспары
– жоба қалай орындалатыны, мониторингті 
қалай жүргізу және жобаны басқару, жоба қалай аяқталатыны көрсетіліп, 
бекітілген ресми құжаттар топтамасы жасалады. 
Мақсаты
– бастапқы идеяны 
қозғалысқа келтіру. Жобаны басқару жоспары 
6 қадамнан 
тұрады: 
1-қадам
. Жобаны басқару жоспарын дайындаудың мүмкін алгоритмі. 


75 
2-қадам. 
Жоспарлау қалай құрылатынын анықтау.
3-қадам. 
Талаптарды жинау және талдау

4-қадам.
Тұжырымдама құру.
5-қадам.
«Нені сатып алу» шешімін қабылдау.
6-қадам.
Топты анықтау.
ИЖҚ құру (иерархиялық жұмыстар құрылымы).
Жоба мазмұнын 
басқарудың бес жүйесі:
талаптарды жинау; мазмұнын сипаттау; жоба 
жұмыстарының иерархиялық құрылымын құру; мазмұнын мақұлдау; 
мазмұнының өзгерістерін бақылау. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда жобалық іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған 
әлемдегі қайшылықтарды дербес таба алмау мен мәселені тұжырымдауда, 
мақсатты (ойды) анықтай алмауы. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдардағы 
тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде проблемалық іс-әрекет ынтымақтастық 
сипатында болады, бұл үдеріске мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен 
болашақ педагогтері қатысады, сонымен қатар ата-аналар мен отбасының басқа 
мүшелері атсалысады. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жоғарыда атап 
кеткендей жобалап оқыту іс-әрекетінің зерттеушілік кезеңдері мектепке жасына 
дейінгі балалардан бастау алады.
Зерттеушілік тәсілдері білім алушы жаңа мәліметтерді меңгеруінде, 
алынған жаңа материалдарды басқада мәліметтермен салыстыруы барысында 
жаңа өнімнің пайда болуында. Зерттеушілік тәсілдер білім алушылардың 
танымдық 
өрістеуіндегі 
танымдық 
әрекеттерінің 
белсенділіктерін 
арттыруында. Оқытудағы зерттеуші тәсілдердің түрлерінің көптігі мәлім, білім 
алушыларға жобалап оқыту технологиясындағы іс-әрекеттің қажетті сипаты 
ретінде зерттеушілік тәсілдер білім алушылардың танымдық дамуы, танымдық 
қызығушылық білімін дамыту болып табылады. 
И.Д.Чечель өз зерттеуінде жобалап оқыту технологиялық жұмыс 
кезеңдерін ұсынды: мақсат қою барысында проблеманы, қайшылықтарды 
анықтау, тапсырмаларды тұжырымдау [185,с. 144]. Зерттеудің ықтимал 
нұсқаларын талқылау, салыстыру болжам жасау, тәсілдерді таңдау. Іс-әрекетті 
жүзеге асыру үшін педагогтен кеңес алу мен қызмет барысын ойластыру, 
міндеттерді бөлу. Зерттеу мәселелері бойынша шешім қабылдау, топтастыру 
арқылы нәтиже шығару, қорытынды жасау негізінде жетістіктер мен 
қателіктерді талдау.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының «Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған 
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар», –
атты 2-тарауында педагог-тәрбиешілер негізге алатын балалардың зерттеушілік 
іс-әрекет дағдыларын төмендегідей бөліп көрсеткен. Олар: 
– Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту. 
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін 
дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, 
қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін, 


76 
тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау 
бойынша міндеттерді қамтиды. 
– Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін 
шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, 
ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу 
арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалады. 
Осы талаптарды ескере отырып, болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін 
дамытудың құрылымын құрастырып шығардық. 
Кесте 11 – Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың құрылымы 
Мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің қызметі 
Жобаның жұмыс кезеңдері 
және мазмұны 
Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогінің қызметі 



Жобалап оқыту технология 
тәсілінің мағынасымен 
таныстырады және білім 
алушыны ынталандырады, 
мақсаттар мен міндеттерді 
қоюға көмектеседі. 
Жобаның мәселесін, 
сюжеттік жағдайды 
тұжырымдайды. 
І. Жоба жасауға кірісу. 
Дайындық: жобаның 
тақырыбы мен мақсаттарын 
анықтау. 
Жоба тақырыбын 
талқылайды және қажет 
болған жағдайда ақпарат 
алады. Жоба мәселесін жеке 
иемденуді, жағдайға 
үйренуді, мақсат пен 
міндеттерді қабылдауды, 
нақтылайды, жүзеге 
асыруды. 
Зерттеушілік 
іс-әрекет 
жоспарын 
жасайды, 
тапсырмаларды таңдайды.
Қызметті ұйымдастырады, 
ұсынады: топтар құру, 
топтарда рөлдерді бөлу, 
жоба міндеттерін шешу 
бойынша іс-шараларды 
жоспарлау, нәтижелерді 
ұсынудың мүмкін 
формаларын жүзеге 
асырады. 
II.Қызметті ұйымдастыру.
Жоспарлау: анықтамасы 
ақпарат көзін анықтау; 
ақпаратты жинау және 
талдау тәсілдерін айқындау; 
нәтижелерді ұсыну тәсілін 
айқындау; нәтижелер мен 
үдерісті бағалау рәсімдері 
мен өлшемдерін белгілеу; 
міндеттерді (топ мүшелері 
арасындағы міндеттерді) 
бөлу. 
Идеяларды ұсынады, болжам 
жасайды. 
Жүзеге асырады: топтарға 
бөлу; топтағы рөлдерді бөлу; 
жұмысты жоспарлау; 
болжамды нәтижелерді 
ұсыну формасы мен әдісін 
таңдау. 
Қызметті бақылайды, кеңес 
береді, жанама түрде 
басқарады. Қажеттілігі 
бойынша жаңа білім береді, 
презентацияны дайындауды 
бақылайды. 
III. Қызметті жүзеге асыру. 
Зерттеу: ақпарат жинау, 
жұмыстың негізгі әдістері 
мен формаларын таңдау. 
Зерттеушілік іс-әрекет 
арқылы зерттеулерді 
орындайды. Белсенді және 
дербес жұмыс істейді, қажет 
болған жағдайда кеңес 
береді, өндіреді. 
Жобаның 
есептерін 
қабылдайды: 
қорытындылайды, 
алынған нәтижелерді;
IV. Нәтижелерді таныстыру.
Ұсыну (немесе есеп беру):
Мәселені, мақсаттар мен 
міндеттерді түсінуді; 
жұмысты жоспарлау және


77 
11 - кестенің жалғасы 



оқытуды бағалайды; 
нәтижелерді ұсынудың 
мүмкін формалары: 
ауызша немесе 
жазбаша есеп, 
презентация арқылы 
өнімді көрсету.
жүзеге асыру қабілетін; 
мәселені шешудің табылған 
әдісін; нәтиже қызметінің 
рефлексиясын; қызметті және 
оның нәтижелілігін өзара 
бағалауды көрсетеді.
Білім 
алушылардың 
күш-
жігерін, 
шығармашылығын, 
сапасын 
бағалайды 
зерттеушілік 
іс-әрекетін 
дамытады, өнімнің сапасы. 
V. жалпы нәтижелер 
мен үдерісті бағалау 
Топтық талқылау және өзін-өзі 
бағалау арқылы бағалауға 
қатысады. 
Тұжырым жасай келе, білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекеті жобалап 
оқыту технологиясы білім алушылар жеке басының белсенділігін көрсетудің 
үздіксіз динамикалық үдерісі, оның негізгі кезеңдері мен құрылымдық 
элементтерінің 
интегративті 
байланыстарымен 
шартталған, 
мақсатты 
көзқарастар, идеяны әзірлеу мазмұны негізінде тұлғаішілік мотивацияны 
қамтамасыз етеді, оны іске асыру және жаңа шығармашылық жобалар құру 
түрінде нәтижелер алу. Сонымен қатар, ЖОО даярланып жатқан болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері, кезеңдері, мектеп жасына 
дейінгі балалармен жобалық іс-әрекетті ұйымдастырудың жұмыс мазмұны 
ұсынылып отыр. Бұл болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
педагогикалық практикада жобалық технологиярды пайдалану тәжірибесінен 
алынды (Қосымша Ж). Жобалап оқыту технологиясының тәсілдерінде педагог 
пен білім алушы жоба жасау барысында тақырыпты терең зерттейді. Жоба білім 
алушының қызығушылық деңгейіне байланысты қысқа немесе ұзақ мерзімді 
болуы мүмкін. Жобалап оқыту тәсілі зерттеу тәсілінен ерекшелендіретіні 
жобалап оқыту тәсілінде ауызша баяндама жасау, мультимедиялық 
презентациялар даярлау, плакат негізінде көрсету, демонстрация түрінде болуы 
мүмкін нақты нәтиженің өнімін жасауға назар аударады. Жобалап оқыту 
технологиясының тәсілі білім алушы өздерінің оқуы үшін жауапкершілікті өз 
мойнына алуға және жеке маңызды артефактілерді жасау арқылы ізденуге 
мүмкіндік береді. Жобалап оқыту технологиясының тәсіліне тиімді пайдалану 
кезінде сипаттамаларға мыналар кіреді: белсенді, бірлескен, айқын, білім 
алушыға бағытталған, жауап беретін, құрылымдалған, ойнақы, тілдік және 
диалогтық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет