М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет127/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Коннотация – қосымша мағына беретін стилистикалық 
категория, тіл бірліктерінің ерекше мағыналық реңк, бояуға ие 
болатын қасиеті. 
Қосүнді сөз – автор мен кейіпкердің субъективтік көз-
қарастарын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіндік беретін 
стильдік тәсіл. Қосүнді сөз араласқан баяндау экспрессивті-эмо-
ционалды, әсерлі болып келеді, көбіне лепті, сұраулы сөйлемдер 
арқылы құрылады. Өйткені ол сөйлемдер түрлі сезімдерді 
бейнелеп, ерекше эмоциялы бояумен жеткізіледі. 
Күрделі синтаксистік тұтастық – бірнеше сөйлемдер 
тізбегінен құралған, мағыналық және құрылымдық жағынан 
тұйықталған, белгілі бір күрделі ойдың төңірегінде топтасып 
тұратын синтаксистік-стильдік категория. Күрделі синтаксистік 
тұтастықтың құрамына енген әрбір сөйлемнің мән-мағынасы, 
экспрессивтік бояуы, стилистикалық мәнері мәтін ішінде 
анықталады. 
Каламбур – сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы 
жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық оралым, сөз 


құбылту амалы. Омонимдердің каламбур тудырудағы қызметі 
зор (Тағы сынды жан едік, тағы келдік тар жерге... Махамбет). 
Перифраз – суреттеп атау тәсілі, яғни зат не құбылыстың, 
іс-әрекеттің ең негізгі қасиетін, бір белгісін астарлы мәнде 
жұмсау. Абай, М.Дулатұлы шығармашылығында кездесетін пе-
рифраздар: надандық – қараңғылық пердесі; сауатсыздық – на-
дандық шәрбаты; шәкірт – жарқыраған жарық сәуле; сана-
лылық – жүректің көзі; өмір – опасыз дүние, сұм дүние, бұлдыр 
заман, сұм жалған; т.т. 
Окказионализм – белгілі бір әдеби-эстетикалық, идеялық 
мақсатты көздеуден туған лингвостилистикалық құбылыс. Жа-
зушы танымына тәуелді, жеке тұлғалық қасиетін танытатын 
өзіндік сөз қолданыстары, тың бояуымен ерекшеленетін тіл бір-
ліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет