М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет125/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Функционалды стилистика – қоғамның әр түрлі сала-
сында (тұрмыстық сала, эстетикалық сала, құқықтық сала, 
бұқаралық ақпарат саласы, білім мен ғылым саласында) жұм-
салатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарасты-
рады. Немесе қолданыстық стилистика деп те аталады. 
Өйткені тілдік құралдардың нақты қолданыс кезіндегі қызмет 
ету салаларын қарастырады.
Құрылымдық (тіл құралдары) стилистикасы – тіл 
деңгейлерінің стилистикалық құрам-байлығын, яғни тілдік 
тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіштік қасиетін, 


стилистикалық сапа-белгілерін қарастыратын стилистиканың 
саласы. 
Көркем әдебиет стилистикасыжазушы шығарма-
шылығының тілдік-стильдік ерекшеліктерін, көркем шығарма 
жүйесіндегі поэтикалық сөз қолданыстарын қарастыратын 
ғылым саласы. 
Автор бейнесіқұрылымдық-көркемдік, тілдік-стильдік
категория, шығарманың көркемдік әлемін туғызушы субьект.
Фонетикалық стилистика – сан алуан дыбыстық қайта-
лауларды, ассонанс, аллитерациялық құбылыстарды, интона-
цияның, екпін түрлерінің стилистикалық сапаларын, әуезді 
мәнерін зерттейтін стилистика саласы. 
Грамматикалық стилистика – грамматикалық катего-
риялар мен олардың мағыналық түрлерінің қолданылу жүйесін 
зерттейді.
Лексика-фразеологиялық стилистикаәдеби норма-
дағы сөздердің де, бейнормалық элементтердің де стильдік 
қызметін, сөз мағыналарының жұмсалу ерекшеліктерін қарас-
тырады, фразеологиялық сөз орамдарының да әсерлілігін
мәнерлілігін зерттейді.
Практикалық стилистика – стилистикалық дағды, са-
уаттылықты қалыптастыру, тілдік-стильдік амал-тәсілдерді 
тиімді жұмсауға дағдыландыру міндеттерін қарастырады. 
Мәтін стилистикасы – мәтіннің құрылымдық-стильдік 
ерекшеліктерін, мәтіндік бірліктердің түзілуін, автор бейнесі
мен тілдік тұлға т.б. мәселелерді қарастыратын стилистика саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет