М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет124/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131
Стилистикалық бояу – әртүрлі деңгейдегі тілдік бірлік-
тердің ұғымдық мазмұнынан басқа қосымша мағыналық рең-
дерге ие болуы. Яғни контекстен тыс ерекше стилистикалық 
әсер беретін сөздің қосымша мағынасы.Стилистикалық бояудың 
екі түрі бар: эмоционалды-экспрессивті және функционалды.
Стилистикалық мағына – айрықша экспрессивтік бояу-
ға ие болатын тілдік бірліктердің жүйесі, қолданыста ерекше 
көркемдік мәнге ие болатын айшықты сөз үлгілері. 


Стильтүзім – тілдік және тілдік емес факторлардың 
нәтижесінде нақты сөйлеу кезінде пайда болатын құбылыс.
Стильдік контраст – жазушы идеясына тәуелдi болып, 
көркем әдебиет стилiнiң ерекшелiгiне орай жұмсалатын бөгде 
стильдiк элементтердің ерекше эстетикалық мәнге ие болуы. 
Кейіпкер тілін даралаудың ұтымды тәсілі, стилистикалық әсері 
айрықша құбылыс. 
Эклектизм – функционалды стильдердің өзіндік норма-
белгілерін ескермеуден, бөгде стильдiк элементтердi көркем 
шығарма тiлiнде мақсатсыз қолданудан пайда болған құбылыс. 
Лингвистикалық факторлар – тілдік-стилистикалық 
белгілер. Яғни интонация, жеке дыбыстардан бастап, лек-
сикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалардың, көріктеуіш 
құралдарының қолданыстағы ерекшеліктері, мәтін ішіндегі 
көрінісі негізге алынады.
Экстралингвистикалық факторларстильдердің қа-
лыптасуына, сөз сипатына тікелей әсер ететін тілден тыс стиль 
құраушы факторлар. Оларға: қарым-қатынас аясы, қоғамдық 
қызмет түрлері, қоғамдық сана формасы, сөздің ауызша не 
жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, баяндау түрі, 
жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің 
түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады.
Функционалды стиль – тарихи және әлеуметтік катего-
рия, тілдің әр түрлі қызметімен тікелей байланысты болатын 
әдеби тілдің бір түрі. Мәселен, тұрмыстық сөйлеу стилі (қаты-
нас жасау), ғылыми, ресми стиль (хабарлау), публицистикалық, 
көркем әдебиет стилі (әсер ету) сияқты түрлері ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет