М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет2/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

ББК
ISBN 
978-601-224-48-30
© Қанабекова М.Қ.2013  
© «Қыздар университеті» баспасы,2013 


КІРІСПЕ 
 
Қазіргі қазақ тілі стилистикасының теориялық негіздері 
қарым-қатынастың бірден-бір құралы ретінде танылатын тілдік 
бірліктерді қолданыстық, қызметтік (функционалдық) тұрғыдан 
жүйелі қарастырудың және оны тиімді оқытудың қажеттілігін 
көрсетіп отыр. Тіліміздің қолданыстық аясын кеңейту мен да-
мыту – мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік рөлін арттыру-
дың, оған дұрыс бағыт-бағдар берудің бірден-бір жолы.
Қазіргі таңда стилистика ғылымының қоғамдық-әлеумет-
тік, функционалдық-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі 
теориялық әрі практикалық мәні артып, қолданыс аясы кеңейе 
түсуде. Бұл, әсіресе, лингвостилистиканың ғылыми жаңаруы-
ның үрдісін айғақтайтынын, дамудың жаңа бағыт-бағдарларына 
сүйенетіндігін аңғартады. Стилистика мәселелерін зерттеушілер 
тіл білімінің бұл саласына қатысты бірқатар соны теориялық 
ізденістерге барып, жаңаша тұрғыдан зерттеулер жүргізуде. 
Соңғы жылдары ғалымдар тілдік бірліктердің қызметін сөйлеу 
актісімен, прагматикамен байланыстыра қарастыруды басшы-
лыққа алып отыр. Адамзат баласының дүниетанымының қалып-
тасуы тілдік бірліктер қолданысындағы стилистикалық күрделі 
категорияларды терең меңгеруіне де тікелей қатысты. Тілдік 
бірліктерді қарым-қатынас аясына қарай қолданыстық тұрғыдан 
меңгеру стиль ұғымын қалыптастырады. Стиль табиғатын жан-
жақты тану қолданыстағы тілдік бірліктердің мағыналық-сти-
листикалық өрісін анықтаумен тығыз байланысты. Белгілі бір 
қарым-қатынас аясындағы тіл бірліктерінің стильдік қызметін 
айқындау стилистика ғылымының өзекті де өміршең міндет-
терінің біріне айналды.
Қазақ тіл білімінде стилистикалық бағыттағы ізденістер 
біршама жетістіктерге жеткенімен, оны оқыту, меңгеру жүйе-
сінде жаңаша сипаттағы оқулық пен оқу құралдарын дайындау 
ісі жолға қойылып отыр. Бұл тұрғыдан студенттерге теориялық 
жүйелі білім беруде үш рет басылып шыққан алғашқы оқулық-
тан (М.Балақаев, т.б. авторлар) бастап, бүгінгі таңда жалғасын 
тауып, бірді-екілі стилистикалық оқу құралдары жарық көрді, 
көпшілік қауымның рухани игілігіне айналды.


Демек, қазақ тілі стилистикасынан дәрістер тыңдап, тәжі-
рибелік сабақтар жүргізудің теориялық та, практикалық та 
маңызы зор. Бұл тұрғыдан аталмыш оқу құралында стилисти-
каның жалпы теориялық іргелі мәселелері, тілдің стилистикалық 
құрылымы, функционалдық аспектілері, жаңа бағдарлық зерт-
теулердің қарқынды дамуы назарға алынып, студенттерге ғы-
лыми сипатта жаңаша мазмұнда игертіледі.
Оқу құралының мақсаты – студенттерді стилистика ғылы-
мының негізгі теориялық ұғым-категорияларымен, оның қазіргі 
даму бағыттарымен таныстыру, жаңаша зерттеу аспектілерін 
зерделеу, «функционалды стиль» ұғымының қазақ тіл білімінде 
түсіндірілу үрдісін айқындау, әдеби тілдің стилистикалық 
құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріліп, олар-
дың тілдік-стильдік белгілерін көрсету, стилистикалық норма 
негіздерін меңгерту. 
Бұл еңбек теориялық біліммен қатар практикалық дағды-
лар беруді де міндет етеді, соған байланысты тақырып маз-
мұнына сай стильдік талдауға қажетті материалдар да бағдар-
ламаға сәйкес іріктеліп беріледі. Стилистикалық ұғым-катего-
рияларды меңгерту, тілдік амал-тәсілдерді тиімді жұмсауға дағ-
дыландыру міндеттері әр түрлі мәтіндерді талдау арқылы жүзеге 
асырылады. Сол арқылы студенттер стилистика теориясына, 
функционалды стиль түрлеріне қатысты тұжырымдарды сарап-
тап, ондағы пікірлерге сыни тұрғыдан баға бере білу, ауызша 
және жазбаша қатынас түрінде тіл бірліктерін орынды жұмсау, 
мәтінде не сөйлеу актісінде стилистикалық қателерді болдыр-
маудың жолдарын тани білу, шығармашылық қабілетін арттыру 
тәрізді құзыреттіліктерді, яғни стилистикалық дағды мен сти-
листикалық сауаттылықты қалыптастыра алады.
Қазақ тілінің стилистикалық жүйесін, функционалдық 
стиль түрлерінің ерекшеліктерін жете меңгеруге жаттықтыру 
мақсатында практикалық тапсырма түрлері мен бақылау 
сұрақтары, сондай-ақ тақырыптық мәселелер бойынша білімін 
тексеруге арналған тест тапсырмалары берілді. 
Оқу құралы 1991 жылдан бастап осы университетте оқы-
тылып жүрген «Қазақ тілі стилистикасы» пәнінің дәрістер не-
гізінде түзілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет