М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
дары (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы. Тіл құ-
ралдары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталады. Тіл 
құралдары стилистикасы барлық тіл деңгейлеріндегі тұлға-бір-
ліктердің қызмет ету амалдарын қарастырады, яғни тілдің сти-
листикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (ды-
быстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-
қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданы-
латын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың 
құрамына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары – 
оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда
жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық 


құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құ-
райды. 
Бұлардың ішінде жеке ғылыми бағыт ретінде қарқынды 
дамып келе жатқан көркем әдебиет стилистикасының отандық 
ғылымда 
жеке 
сала 
болып 
қалыптасуы 
академик 
В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты екендігі белгілі. 
Негізгі нысаны – көркем әдебиет тілі, оның стилі. Көркем 
әдебиет стилистикасы туралы ғылыми бағыт жөнінде 
В.В.Виноградовтың пікіріне жүгінсек: бұл лингвоәдебиеттану-
шылық сипаттағы тарихи ғылымды білдіреді. Ол тарихи тұр-
ғыдан дамуда әдеби тіл мен көркем әдебиеттің әртүрлі стильдік 
ерекшеліктерін зерттейді, ол бәрінен бұрын нақты бір даму 
деңгейіндегі әдеби тіл мен көркем әдебиеттің стилистикалық 
бағытын, талабын қаншалықты қамтамасыз ете алатындығын 
қарастырады. В.В.Виноградовтың іліміне тән тың пікірлерінің 
бірінде қалыптасқан ұлттық әдеби тілдің негізінде функцио-
налды стильдердің даму мүмкіндігі көрсетілген. Ал негізінде 
ХІХ ғасырдағы орыс әдеби тілі осы бағытта болатын. Бұл ба-
ғытқа жеке сөйлеу стилистикасы немесе жазушы стилі мен жеке 
көркем шығарма стилін жатқызуға болады. Белгілі зерттеуші 
В.В.Виноградов негізін салған көркем әдебиет стилистикасының 
негізгі мәселелерінің бірі – көркем шығармадағы автор сурет-
теуінің берілуін зерттеу болып табылады. 
Практикалық стилистика тілді тұтынушыны стилистика-
лық сауаттылыққа тәрбиелеу, әрбір функционалды стильдің 
нормалық табиғатын, өзіндік белгілерін терең тану мен оны 
тілдік тәжірибеде орынды қолдануға дағдыландыру, сөйлеудің 
өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес ойын дұрыс құрастыру қабілетін 
арттыру болып табылады. Лингвист-ғалым В.Матезиус мектепте 
тек грамматиканы ғана емес, сонымен қатар стилистиканы да 
тиімді оқыту қажеттілігі туралы нақты пікір айтқан. Бұл сөйлеу
мәдениетін жоғарылататынын нақты деректер арқылы пайым-
дайды.
Практикалық стилистика бағытының пайда болуы ешқан-
дай нақты теориялық негізі болмағандықтан, «ортологиядан» 
(«дұрыс сөйлеу» ілімінен) бөлініп шыға алмағанына тарих куә. 
Қазіргі кезеңде практикалық стилистика өзінің функционалды 
бағытын тереңдетуде белсенді рөл атқарып отыр, ал оның пә-


ніне барлық функционалды стильдерде және тіл мен сөйлеудің 
әртүрлі жағдаятында тіл құралдарының стилистикалық нормада 
дұрыс қолдануын қарастыру қажеттігі туындайды. Демек, прак-
тикалық стилистика коммуникативті сөйлеу қызметінде стилис-
тикалық дағды мен қабілетті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс
әрбір сөйлеушінің стилистикалық сөйлеу мәдениетін қалыптас-
тыруға, сауаттылық деңгейін көтеруге тәрбиелейді.
Ғылымдағы зерттеулерге сүйенер болсақ, стилистика ғы-
лымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты өзге де пән-
дермен арақатынасы, байланысы артты. Жалпы тіл ғылымында 
ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар 
саласында парадигматика мәселесі орнықты, қарым-қатынас 
процесіндегі тілдің қызметі мен грамматиканың белсенді әрекеті 
(қызметі) сөйлеу жағдайындағы күрделі мәселеге ғалымдар 
ерекше назар аудара бастады. Адамды тіл арқылы, тіл арқылы 
адамды зерттеу мәселесін шешу де стилистиканың да зерттеу
нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мәдени, әлеуметтік талап-
тарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін 
ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл-ойының, 
көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философия-
дағы сана, психологиядағы сезім, когнитологиядағы таным ар-
қылы қарастырылады. Сана, сезім, таным белгілі таңбалар ар-
қылы айтушы мен қабылдаушының өзара әрекеттестігінде 
белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық құбылысқа 
«ой салып, түрткі болып оятатын» таңбаның әрекеті. Олар функ-
ционалды стильдер өрісінде де қолданыс табады да, нәтижесін 
беріп отырады. Стилистика ғылымы аясының кеңеюіне сөйлеу 
актілерінің теориясы мен прагматиканың дамуы зор ықпал етті. 
Яғни, тілді оқып үйрену дәстүрлі тілдің құрылымдық зерттеу 
аспектілерінің аясынан ығыстырыла бастады. Адамның тілді 
пайдалану мәселесі психология, логика, когнитивті лингвисти-
ка, әлеуметтану, лингвомәдениеттану т.б. көптеген салаларда 
кеңінен қарастырыла бастады.
Осыған орай қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму ба-
ғыттарының бірнеше түрі айқындалып, ғалымдар тарапынан 
ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі зерттеле бастады. Олар-
дың қатарына ортостилистика, мәтін стилистикасы, прагмас-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет