М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет4/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

 
1
.2. Стилистиканың дәстүрлі салалары мен қазіргі 
даму бағыттары
 
Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, 
грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер. 
Бұл тұлға-бірліктер қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға 
ие болады, оның жиынтығы стилистикалық құралдарды құрай-
ды. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес бейтарап 
элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек, бұл мәселенің 
әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз. 
Қазіргі қазақ тілінің стилистикалық құралдары тілдің 
барлық деңгейлерін қамтиды: фонетикалық, лексикалық, морфо-
логиялық, синтаксистік. Тілдің ең бай стилистикалық бейнелі 
құралдарының қатарына мәнерлеуіш-көріктеуіш тәсілдері жа-
тады (метафора, метонимия, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер, 
синонимдер, т.б.). 
Тілдік құралдардың стилистикалық жұмсалу мүмкіншілік-
тері өте кең, әртүрлі фонетикалық құралдардың мүмкіндігі ды-
быстардың әр түрлі стильдік мақсатта қолданылу ерекшелігіне 
байланысты. Мысалы, дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы 
(ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері т.б. бай 
стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Сөздердің 
көп мағыналылығы, олардың ауыспалы мағыналарда, синоним-
дік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, та-
рихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсатта жұмсалуы – 
бұлардың бәрі лексиканың стилистикалық мүмкіндіктерін көр-
сетеді. Ал морфологиялық стилистикалық құралдарға сөз тапта-
рының, оларға тән әр түрлі категориялардың стилистикалық 
мақсатта жұмсалуы жатады. Ғалымдардың пікірінше, синтак-


систің стилистикалық мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарым-
қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері не-
гізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық 
түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, инверсия-
ланып жұмсалуы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері, 
синонимдік қатарлары - бұлар бай стилистикалық ресурстардың 
қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы – тіл 
құралдарының (ресурстар) стилистикасы деп аталынады. Көп-
теген орыс тілі ғалымдары стилистиканы тіл білімінің аталған 
салаларымен тығыз байланысты екендігін баса айтады. Мәселен, 
Г.О.Винокур: «Стилистика обладает тем свойством, что она 
изучает язык по всему разрезу его структуры сразу, т.е. и звуки, 
и формы… но зато с особой точки зрения. Это особая точка зре-
ния и создает для стилистики в чужом материале ее собствен-
ный предмет»
3
десе, В.Виноградов: «Стилистика общенарод-
ного национального языка охватывает все стороны языка: и лек-
сику, и грамматику, и фонетику»
4
- деп баға береді. 
Қарым-қатынастың әр түрлі саласында, пікір алысудың 
мақсат-міндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы 
аталған тұлға-бірліктерді таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға 
ортақ принциптері қалыптасады. Бұл жағдай тілдік құралдардың 
қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды стильдердің 
жасалуына негізделеді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың 
белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерек-
шеліктеріне қарай функционалды стиль түрлері ажыратыла бас-
тайды. Бұл – функционалды стилистиканың міндетіне жатады.
Жалпы тіл білімінде жаңа бағыттардың пайда болуы 
стилистика ғылымының да дамуына ықпал етіп, стилистикада 
тілдің функционалды қырлары көбірек назарға іліне бастады. 
Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен
сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі
антикалық риторика және поэтика, көркем әдебиет, шешендік
өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
3
Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М., 1959, с. 223 
4
В.В.Виноградов. Итоги обсуждения вопросов стилистики//Вопросы 
языкознания, 1954. № 1. 


Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік 
немесе әдебиеттік тұрғыдан жіктелуі де оның мазмұны мен даму 
бағыттарының әртүрлі екендігін көрсетеді.
В.В.Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байла-
нысты, бірақ өзіндік мәселелері, мақсат-міндеттері, өлшемдері 
мен категориялары бар басты үш түрін бөліп көрсетеді. Олар: 
1) «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы 
немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стиль-
дерін де зерттейді; 
2) сөйлеу (сөз) стилистикасы, ол ауызша және жазбаша 
сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы 
мағыналық және экспрессивтік-стилистикалық сипаттағы айыр-
машылықтарды зерттейді (мыс: дәріс, пікірталас, баяндама, 
әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құттықтау хат т.б.); 
3) көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, 
жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді. 
М.Н.Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе 
аспектісін көрсетеді: 
1) тілдің стилистикалық байлығын (қорын) зерттейтін ба-
ғыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады, өйткені ол тілдегі бар-
лық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құры-
лымдардың бейнелеуіш қасиеттерін, мағыналық-функционал-
дық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір ныса-
нына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады; 
2) функционалды стилистика. Ол функционалды стиль-
дерді зерттейді; 
3) көркем әдебиет стильдері туралы ғылым немесе көркем 
әдебиет стилистикасы; 
4) практикалық стилистика.
Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың қалыптасқан 
дәстүрлі салалары төмендегідей: 
- тіл (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы; 
- функционалды (қолданыстық) стилистика; 
- көркем әдебиет стилистикасы; 
- практикалық стилистика. 
Тіл құралдарының (құрылымдық) стилистикасы тілдік құ-
ралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін олардың нақты қол-
дану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданыстық 


(функционалды) стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың 
қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда 
(мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшеліктері, ауызша, жазбаша 
т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет 
стилистикасы тілдік құралдардың ерекше эстетикалық салада, 
ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер құ-
былысы ретіндегі қызметін зерттейді. Ал, практикалық стилис-
тиканың міндеті – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптас-
тыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және 
оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қол-
данудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптас-
тырады. 
Жоғарыда көрсетілген стилистика салаларына қатысты 
ой-пайымдауымыздан қысқаша мағлұмат берер болсақ, стилис-
тиканың басты дәстүрлі саласы – функционалды стилистика 
қоғамның әр алуан саласындағы коммуникативті міндетке 
тәуелді тіл қызметінің заңдылықтарын қарастырады әрі сөздің 
базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлар-
дың ықпалынан пайда болған бағыты. Функционалды стилис-
тика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Ол бәрінен 
бұрын функционалды стильдердің жұмсалу заңдылығы мен 
өзіндік қызметін және өзге де функционалды-стильдік өзгеше-
ліктерді, яғни «стилішілік» («подстильдік») жанрлық жағдаят-
тықты және т.б. зерттейді. Тілдің жеке стилистикалық мүмкін-
діктерін қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипа-
тына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым-
қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу 
функционалды стилистика міндетіне кіреді, басқаша айтқанда, 
әрбір сөйлеуші мен айтушының есінде болатын стилистикалық 
басты ұстанымдарының негізгісі – қарым-қатынас саласына бай-
ланысты тіл құралдарын орынды әрі тиімді қолдану керек, одан 
кейін оның мақсаты мен міндетін, жағдаят, айтылым мазмұны, 
жанр және т.б. экстралингвистикалық факторлары да қатаң ес-
керілуі қажет. Сонымен, функционалды стилистика дегеніміз – 
әртүрлі қарым-қатынас саласында, адамның іс-әрекеті түрлеріне 
сай қолданылу заңдылығын, сонымен қатар функционалды 
стильдер мен басқа да функционалды түрлерінде, белгілі бір 


қарым-қатынас аясында тілдік құралдарды таңдау мен үйлес-
тіруді зерттейтін лингвистикалақ ғылым.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың пайымдауларында қа-
зіргі заманғы стилистиканың ең негізгі және ірі де көлемді, бо-
лашағы зор бағыты болып табылады. Дәл осы бағыттың қалып-
тасуы ХХ ғасырда стилистиканың жеке ғылыми пән ретінде 
қалыптасуымен тығыз байланысты. Функционалды стилистика-
ның ерекшеліктері мен негізгі мәселелерін зерттеудің маңызды-
лығы және өзектілігі туралы отандық ғалымдармен қатар шетел 
тілші-ғалымдары, сондай-ақ орыс тіл білімін зерттеушілер бір-
неше рет ой-пікір таластырып, тәжірибе алмасқаны байқалады.
Қазіргі кезеңдегі функционалды стилистиканың өзектілігі 
мен дамуы құрылымдылықтан гөрі функционалдық аспектіде 
жүргізілген лингвистикалық зерттеулердің жалпы сипатталуы-
нан көрінеді. Осыған байланысты прагматикалық бағыттарға, 
соның ішінде стилистикаға осы сипатталу бағдары жатады, 
өйткені стилистиканың негізгі қарастыратын мәселесі – мәтін, 
яғни тілдің функциялану заңдылықтары енетіні кездейсоқтық 
емес. Стилистиканың негізгі екі бағыты – «тіл құралдарының 
(ресурстар) стилистикасы» және «функционалды стилистика», 
бұлар – тілдің құрылымдық және функционалдық екі аспектісін 
көрсетеді. Функционалдық тек стилистикаға ғана қатысты емес, 
сонымен қатар тіл ғылымының басқа да салаларымен тығыз 
байланысты екені белгілі.
Стилистиканың әріден келе жатқан дәстүрлі саласының 
тағы бірі – тілдің стилистикалық қорын зерттейтін тіл құрал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет