М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет6/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
тилистика, экспрессивтік стилистика, диахрондық (тарихи) 


стилистика және синхрондық стилистика, салыстырмалы-сал-
ғастырмалы стилистика, жалпы стилистика, дара стилис-
тика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы жатқы-
зылады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағытта-
рының жоғарыдағыдай түрлерінің пайда болуы стилистика 
табиғатының өте күрделі ғылым саласы екендігін айқындайды. 
Жалпы тіл ғылымында тарихи стилистика көп зерттеле 
қойған жоқ (орыс тіл ғылымында осындай көзқарастар кезде-
седі). Қазақ тіл ғылымында қазақ әдеби тіл тарихы бойынша 
функционалды стильдердің қалыптасуына байланысты зерт-
телген Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, С.Исаев т.б. еңбектерін 
атауға болады. Демек, тарихи стилистика диахронды зерттеулер 
негізінде функционалды стильдердің пайда болу, қалыптасу 
дәуірін, олардың даму тарихын толық басшылыққа ала отырып 
зерттеуді мақсат етеді. Диахронды аспектіде зерттеулер қазақ 
тілі стилистикасында енді зертеу нысанына алына бастады, бұл 
тұрғыдан қазақ әдеби тілінің даму тарихында функционалды 
стильдердің алатын орны, рөлі мен маңызы көбірек сөз болады. 
Қазақ стилистикасы үшін де бұл әлі күрделі мәселе болып отыр.
Ғалым Д.Әлкебаеваның пайымдауынша, кез келген ғылым 
саласы үшін диахрондық аспектіде зерттеу тарихи тұрғыдан сол 
ғылым саласы үшін өте қажет екендігі баса айтылады
5
. Қазіргі 
уақытта қазақ тілі үшін тәжірибеде пайдалы нәтиже бере ала-
тын, ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқындайтын, прагма-
тикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы стилистика
мәселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Стилистиканың жаңашыл да маңызды бағыттарының бірі 
экспрессивтік стилистика. 
Экспрессивтік стилистика – тілдегі экспрессивтік құрал-
дар мен әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін, қызметін қарастырады. 
Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әде-
биет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль 
түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге 
асатын шеберлік тәсілдері экспрессивтік стилистикада жан-
жақты көрініс табады. Сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы 
ойды көркемдеп жеткізудегі ұтымды экспрессиялы құралдар-
5
Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. А., 2007.- 8 б.


дың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилистиканың 
маңызды саласы екендігі С.Қоянбекованың
6
зерттеуінде дәлел-
деніп, теориялық негіздері дәйектеліп беріледі. Яғни экспрес-
сивтік стилистиканың мазмұны мен ұғымдары, жалпы стилис-
тикалық жүйедегі орны анықталып, сөз мәдениетіне ықпалы 
көрсетіледі, экспрессивтіліктің әр түрлі стилистикалық амал-
тәсілдер жүйесі арқылы жасалатыны талданады. 
Зерттеушілер М.Серғалиев, Д.Әлкебаева стилистиканың 
қазіргі бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының ара-
сындағы кодтау және декодтау стилистикасы да жататынды-
ғын дәлелдейді. Ғалымдардың пайымдауынша, кодтау стилис-
тикасы – қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай 
тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл туынды ав-
торының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет 
етеді. Ал декодтау стилистикасы – қабылдаушының (тыңдар-
манның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы 
мәтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Шы-
ғарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар ау-
дару, тілдік бірліктердің көркемдік ерекшелігін көрсету мәселесі 
т.б. қарастырылады. 
Стилистика бағыттары арасынан салыстырмалы (немесе 
сыртқы) стилистиканы да ерекше бөліп қарастыруға болады. 
Бірақ ол салыстырмалы лингвистика (грамматика, лексиколо-
гия) сияқты нақты емес, бұның ара-жігі тек Батыстық тіл білі-
мінде ғана нақты көрініс тауып, жеке бағыт ретінде қарасты-
рылғанын байқауға болады. Әдетте, ол салыстырылып отырған 
тілдердің, мәселен, неміс тілі мен француз тілі т.б. тілдердің 
ұлттық белгілерін, сипатын көрсеткенде ғана аталып көрсе-
тіледі. Шындығында, соңғы кездері салыстырмалы түрде қарас-
тырылатын тілдердің қызметі, заңдылықтары мен стилисти-
калық құралдары салыстырмалы зерттеулерде кездеседі.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мәтін стилистикасы ерекше 
бағытта қарастырылып, зерттелуде. Бұл мәселе кеңінен жан-
жақты талдауды қажет етеді. Мәтін стилистикасын зерттеуге 
6
Қоянбекова С.
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері: Фил.ғыл. 
докторы авторефераты. – А., 2008. 


байланысты еңбектер жеткілікті дәрежеде дамып келеді. Мәтін 
стилистикасы термині тіл білімі саласында кеңінен қолданыс 
тауып отыр, алайда осы ұғымның табиғаты жайында ғылымның 
даму үрдісінде біржақты анықтама берілген жоқ.
Теориялық тұжырымдар мен нақты тілдік талдау үлгіле-
рінде мәтін стилистикасының анықтамалары В.В.Виноградов 
еңбектерінен бастау алып, Г.О.Винокур, Б.А.Ларин т.б. зерттеу-
лерінде жалғасын табады. Аталған зерттеушілердің еңбектерін-
дегі пікірлерге сүйене отырып, В.В.Одинцов тіл білімі тари-
хының жаңа сатысында стилистиканың қазіргі таңдағы жаңа 
бағыттағы мәтін лингвистикасына қатынасын анықтады. Өз ең-
бектерінде ол мәтін стилистикасына неғұрлым терең және тео-
риялық 
тұрғыдан 
негізделген 
сипаттама 
береді. 
В.В.Одинцовтың анықтамасы бойынша, «Мәтін стилистикасы 
сөйлесу шығармашылығы (көркем әдеби) композициялық-сти-
листикалық түрлер мен формалар, конструктивті әдістер мен сөз 
құралдарындағы сөз қызметінің құрылымдық-стилистикалық 
мүмкіндігі. Мәтін стилистикасы сөйлеу стилистикасының құ-
рамына кіреді»
7
Сөйлеу стилистикасының құрамдас бөлігі бола тұрып мә-
тін стилистикасы белгілі бір мазмұнды беру, жеткізуде қарым-
қатынас процесінде қолданылатын күрделі тілдік стилистикалық 
құрылымдарды қарастырады. Мәтін стилистикасы, біріншіден, 
көркем шығарма тілін немесе сөйлеушінің тілін терең әрі толық 
түсінуге көмектеседі. Екіншіден, мәтінді құрудың немесе дұрыс 
сөйлеудің жолдарын көрсете отырып, тілдік мәдени бірліктер 
мен дағдыларды жетілдіруге, дамытуға көмектеседі. Ол үшін 
мәтінді талдаудың методологиялық негіздері мен әдістемелік 
ұстанымдарын білу керек. Мәтінді стилистикалық талдау тілдік 
шығарманың басты идеясын, негізгі ойды терең түсіне білуге 
үйретуді көздейді.
Кез келген сөйлеушінің ойы, көзқарасы, оның өз ойын 
қалай жеткізуі мен тілдік материалды тиімді, түсінікті, анық, 
көркем етіп ұйымдастыра алуымен танылады. Міне, осы жерде 
7
Одинцов В.В. О языке художественной литературы. М., 1973, с.97. 


мәтін стилистикасының маңыздылығы келіп шығады. Мәтіннің 
қалай берілгендігін, қалайша көркем, анық, түсінікті беріліп 
тұрғанын, мәтін композициясын анықтау мәтін стилистикасы-
ның міндеті болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 
мәтін стилистикасы тілдік шығармалардың құрылымдық, сти-
листикалық мүмкіндігін, композициялық-стилистикалық фор-
маларды және олардың түрлерін, сөйлеу тіліндегі тілдік бірлік-
тердің қолданысқа ену жолдары мен конструктивтік тәсілдерін 
зерттейді. Осылайша, мәтін стилистикасы тілдің статикалық 
емес, динамикалық күйін зерттеуге бағытталады. Тілдің динами-
калық күйін зерттеу қатысымдық, яғни коммуникативтік линг-
вистикаға негізделеді. 
Стилистиканың мән-мазмұны мен тілдің коммуникатив-
тік-прагматикалық аспектісі тұрғысынан қазіргі жаңашыл бағы-
тымен айрықша орын алатын прагмастилистика ғылымы да 
зерттеуге алына бастады. Прагмастилистика стилистиканың 
жаңа бағыты ретінде дискурс пен мәтіннің тілдік ауызша және 
жазбаша қатысым барысындағы стилистикалық сипаты мен маз-
мұнын зерттеуді өз нысанына алады. Ғылыми еңбектерде дис-
курс сөздің ауызша формасы болса, мәтін шығарманың жазбаша 
түрдегі сипаты деп көрсетіледі және екеуі де прагматикалық 
стилистиканың зерттеу нысанын құрайды делінеді. Дискурс пен 
мәтін қатысымдық, тілдік бірлік ретінде танымдық, коннота-
тивтік, эмоционалды-экспрессивті мазмұнның көрсеткіші болып 
табылады, сондықтан мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұ-
нын тану стилистика мен прагматикалық мақсатты бірлікте ала 
отырып зерттегенде ғана мүмкін болады. 
Сөйтіп, стилистиканы жеке пән ретінде қалыптастыруда 
В.В.Виноградов бастаған бірқатар зерттеушілердің ғылыми ой-
тұжырымдары негіз болған. Өткен ғасырдың 60-жылдарында 
іргесі қаланған лингвистикалық стилистиканың қазіргі таңда 
қызмет ету аясы кеңіп, жаңаша бағытта қарастырыла бастады. 
Қазіргі таңда стилистика аясы біртұтас күрделі нысандарды 
зерттеуге, оның түрлерінің және жаңа бағыттарының қалып-
тасуына үлкен ықпал етуде. 
Жинақтай келгенде, жалпы стилистика зерттеу бағыт-
тарына қарай мынадай басты құрылымдарға тармақталады: 


1. Тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы – тіл құ-
ралдарының ( құрылымдық) стилистикасы. 
2. Әртүрлі қарым-қатынас аясындағы тілдің қолданылу 
заңдылықтарын қарастыратын – функционалды немесе қолда-
ныстық стилистика. 
3. Көркем әдебиет стилистикасы. 
4. Нормативті-практикалық стилистика.
5. Мәтін стилистикасы. 
6. Экспрессивтік стилистика. 
7. Прагматикалық стилистика. 
8. Тарихи стилистика. 
9. Кодтау және декодтау стилистикасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет