М.Қанабекова


 Сөз мағыналарының стильдік қызметі



Pdf көрінісі
бет33/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

3.2.1. Сөз мағыналарының стильдік қызметі 
Сөздің о баста бір ғана мағынада жұмсалатынын білеміз. 
Ал адамның күнделікті іс-тәжірибесінің, ойлау қабілетінің 
дамуы нәтижесінде жеке сөздерге үстеме мағына жүктеледі. 
«Қалғып жатқан толқын ем, дауыл тербеп оятты» (Баян) 
кейіпкердің бейнесі толқын зат есімімен ауыстырылып, ауыс-
палы мағынада әсерлі жеткізілген, ой-сезімге бірден әсер етеді. 
Қосымша мағынаның аз-көп болуы сөздің негізгі лексикалық 
мағынасымен тығыз байланысты. 
Мысалы: «Сүбелі мал (семіз). Бура найман – сүбелі елдің 
бірі; Бұл – жинақтағы сүбелі де көркем туынды». Тіл білімінде 
бұларды сөздің ауыспалы мағынасы дейді. 
«Бір кісі емес жазғаным жалпақ жұрт қой, шамданбай-
ақ, шырақтар, ұқсаң жарар» (Абай). 
Сөздің ауыспалы мағынасы әуелі шешендік сарындағы 
стильдерден, өсиет сөздерден, мақал-мәтелдер мен түрлі айтыс, 
қисса, жырлардан, жұмбақтан және ауыз әдебиетінің басқа үлгі-
лерінен көріне бастайды да, біртіндеп әдеби тілге енеді. 
«Бірақ қалайда мынадай өлім үстінде ат мініп, аспан 
асынып жұлқысу жоқ болатын» (Абай). 
«Сыртым бүтін, ішім түтін бақытсыз адаммын, – деді 
Ақтамақ» (Ғ. Мұстафин). «Шүленнен шөл туғызған мен деп пе 
едің? – деп, кейіспен бір кекетті» (М. Әуезов). 
Бұл келтірілген мысалдағы ауыспалы мағынадағы тіркес-
тер бір-бірімен қосарлана жұмсалып, мағыналық топ жасап, 
сөйлемге өзгеше стильдік өң беріп тұр. 
Ауыспалы мағынадағы сөздер өздерінің жасалу, қалып-
тасу орнына қарай түрліше болып келеді. Кейбір сөздер ауыс-
палы мағынада кішіпейілділікті, қарапайымдылықты білдіреді. 
Білмеймін май төбесі – қай төбесі, 
Мен үшін шын еді ақын мәртебесі. 
Ауылына Алатаудай ақсақалдың, 
Келдім мен бір кішкентай жыр иесі (Қ. Аманжолов). 
Ауыспалы мәндегі сөздердің біразы ауызекі сөйлеу ті-
лінде жұмсалады да, жұртқа молынан тарайды, енді біразы шы-
ғарма стилінде пайда болады. Кейде мұндай ауыспалы мағы-
налы сөздер жазушы стилінде қалып қоймай, жалпы-халықтық 


сипат алып кетеді. Мұндай ауыспалы мағыналы сөздерге түспен 
байланысты айтылған сын есімдер жатады. Мыс.: ақ жарқын, 
қара қазақ іші, қызыл көз. Осы сияқты түспен байланысты кей-
бір сын есімді сөздердің ауыспалы мағынасы жеке өлең жолда-
рынан, прозалық суреттеулерден жиі байқалады: Қап-қараңғы 
айсыз түн түсті. Бұлттарды қызғылтым нұрға малынған күн-
нің ақырғы сәулесі әдемі түстей ада болды. Жан-жақтан тау-
лар түксиді. 
Тек шеткі қара күркеден бір кезде: 
- Арманда кеткен асылым-ау, 
- Кімге де барып айтамын-ау, ойбай! — деп булыға 
шыққан үн естілді. 
Бердіқұлдың жесірі. Кісісі өлген үйде бір жеті бойы от 
жағылмас, түтін түтетілмес. Ол үйдің қаралы жандарына 
жақындары, ағайын-ауылдастары ас пісіріп апарар. Ал, бүгін 
бір ғана Бердіқұлдың үйінде емес, бүкіл Алсайдың жиырма тү-
тіні бірдей тұтанбады... Қараңғы түн. Түнде жорыққа қор-
қаулар шығады. Ал, қараңғы түнде қара күркеден жас жесірдің 
жоқтау айтып жылаған үні естілгенде қанша қорқау болса да, 
бұл қаралы ауылға ешкім шаба қоймас-ау?!. Жазушы 
Ш.Мұртаза қара сөзін қайғылы өмір, жесір қалған әйел, қаралы 
қаза сияқты мағыналық реңктерді беруде шебер қолданған. 
Мәтінде берілген қараңғы, қаралы сөздерінің түбірі қара сын 
есімі екендігі белгілі. Автор қайғылы үй, қайғылы ауылды қа-
раңғы түн, қаралы ауыл, қара лашық тіркестері арқылы шебер
суреттейді. Қайғы мен қаза қаламгер туындысында қара сөзінің 
мағыналық аясында тілден ерекше көрініс табады. Демек, 
суреткерден сөз кестесін, сөз айшығын білгірлікпен қолдана 
білу керектігі, ауыспалы мағынада жұмсалғанда тілдің заңды-
лығын естен шығармау қажеттігі талап етіледі. 
Жазушы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы сөз 
мағынасын ауыстыру негізінде пайда болған бейнелі тіркес-
тердің сөз қолданысына назар аударалық:
«Қара сұр бұлт жыртылып, жыртығынан жарқ етіп 
күн көрінгенде сонау батыста Асаудың арғы бетінен Айша-би-
бінің күмбезі жарқырайды. Бұлттың жыртығы қайта жама-
лып, күн көрінбей қалады. Күннің өзі әлгі жыртықтан құлап 
түсіп, Айша -бибі күмбезіне айнала салған сияқты. 


Ұлы Таластың інісі Асау өзені ғашықтардың киесі Айша 
бибі Асаудың арғы бетінде, Айша бибінің сүйген жігіті 
Таластың бергі бетінде: екеуін айырып тұрған - екі өзен, екеуі 
бір-біріне жете алмастан, ынтазар көңілдер көнши алмастан, 
бір-біріне күмбез болып қол бұлғасқан дауылды дүние. Өзендер 
толқыны солардың арманындай, ешбір өксігі басылмай, таусы-
лып болмай, жүз-жүз жылдар жылап жатқаны таңқаларлық». 
Бұл қысқаша мәтінде автор қаламынан сөзбен сурет са-
лынғандай әсерде қаламыз: қара сұр бұлт жыртылып, жыр-
тығынан жарқ етіп күн көрінгенде, бұлттың жыртығы, күн-
нің өзі әлгі жыртықтан құлап түсіп, ғашықтардың киесі, да-
уылды дүние, өксігі басылмаған өзен, өксігі басылмай, таусы-
лып болмай, жүз-жүз жылдар жылап жатқан өзен сияқты 
тіркестер тек Ш.Мұртаза қаламынан ғана туындаған ауыспалы 
мәнде жұмсалған тіркестер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет