стиль – өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние, – дей
келіп, кейбір фразеологизмдердің
(Қу бастан қуырдақтық ет
алған (кекесіннің)),
аузын айға білеген (әсірелеудің), атау-
кереңді іш (қарғыстың) сыр-сипаты оның стильдік функция-
сында жатыр» – дейді. Ал профессор М.Балақаев
3
грамматика
мәселелерін екі ыңғайда қарастырады:
1) тілдің грамматикалық
ережелері мен заңдылықтарын
айқындау мақсаты тұрғысынан;
2) грамматикалық тұлғалар мен грамматикалық тәсілдерді
қалай пайдаланғанда, ойымыз дұрыс, әсерлі шығады деген
тұрғыдан.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты болғанымен,
алдың-
ғысы – грамматика, соңғысы – стилистика ғылымының үлесіне
тиеді. Яғни грамматикалық стилистика грамматикалық кате-
гориялар мен олардың мағыналық түрлерінің қолданылу жүйе-
сін зерттейді. Мәселен, морфологиялық тұлғалардың, оның нұс-
қаларының ойды дәл, әсерлі, көркем жеткізудегі қолданылу
ерекшеліктерін, принциптерін қарастырады. Мысалы:
Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,
Өйткені ол жүрекке жақынырақ.
Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу,
Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ (К. Салықов).
Мұнда бір шумақ өлеңге стильдік рең беріп тұрған мор-
фологиялық тұлға – шырай жұрнақтарының қызметі екені анық.
Немесе «…бір
сағаттан кейін ілгері басқан аяғы кейін кетіп,
Нұрәлі Өріктің жатақханасына келді» сөйлемінде
діңкесі
құрыған, шаршаған Нұрәлі демей,
ілгері, кейін деген қарама-
қарсы мәндегі үстеу
сөздерді әдейі қолданып, «ілгері басқан
аяғы кейін кеткен Нұрәлі» деп жұмсау – Нұрәлінің әлсіздігін
күшейтіп тұрған стильдік амал ретінде танылады.
Синтаксистік стилистика – сөйлеуде не жазуда болсын,
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің құрылысы арқылы
берілетін әртүрлі стильдік рең,
мағына-бояуларды, оны дұрыс
пайдалану тәсілін зерттейді. Сонымен қатар синтаксистік
3
Қазақ тілінің мәдениеті, А., 1971, 136-б.
қайталаулардың, авторлық баяндау мен кейіпкер сөздерінің құ-
рылымдық ұйымдасу ерекшеліктерін де нысанаға алады. Мы-
салы,
«Есебім былғанған да жоқ, былғанбайды да»,– деп жауап
қайырды (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемде синтетикалық және ана-
литикалық формадағы болымсыз баяндауыштардың қатарласа
қолданылуы болымсыз мағынаға стильдік мән берудегі тәсіл
болып саналады.
Абай «Байлар жүр жиған малын қорғалатып…» 18 жол-
дағы
қорғалатып, құдай атып, бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп,
ырылдатып, қалжыратып…– образды етістіктің өткен шақ -ып,
-іп көсемше тұлғасы поэтикалық-көркемдік
міндетті өтейтін
стильдік құрал ретінде қолданылған.
Қорыта айтқанда, тіл құралдарының стилистикасы тілдік
өлшемдердің (дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің) жұмсалу заң-
дылықтарын зерттейді, тілдік тәсілдердің
дұрыс жұмсалу нор-
масын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: