М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет32/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

 
3.2. Лексикалық стилистика 
Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның 
сөздік қоры. Қоғам өмірінде болып жатқан жаңа үрдістермен 
байланысты көптеген жаңа сөздер пайда болып жатады. Тілде 
мұндай сөздер неологизмдер деп аталады. Қай тілде болмасын, 
лексика стильдік сипатына (бояуына) қарай да ерекшеленеді. 
Бұл тұрғыдан үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі лексикасы, бейта-
рап лексика және кітаби лексика. 
Стиль түрлерінің барлығында қолданылатын тілдік құбы-
лыстарды (сөздерді) бейтарап немесе стильаралық лексика 
дейді: жер, су, өзен, ауа т.б. 
Таза ауа, ауа атмосферасы, ауадай қажет (әр стиль түр-
лерінде жұмсалады). 
Дерексіз мағыналы сөздер де барлық стильдерде қолда-
ныла береді (жігер, арман, қасиет т.т.) 
Сонымен қатар, стиль түрлерінің кейбірінде ғана қолда-
нылатын сөздер де бар. Мұндай сөздер талғаммен екшеліп 
жұмсалады. Кейбірі – ауызекі сөйлеу тілінің лексикасын құраса, 
ал кейбір сөздер тек жазба әдебиет үлгілерінде қолданылады. 


Соған орай сөйлеу тілінің лексикасы және кітаби лексика деп 
ажыратылады. 
Қолданылу аясына байланысты сөйлеу тілі лексикасына: 
қарапайым сөздер, диалект сөздер және кәсіби сөздер, табу, 
эвфемизмдер жатады. Мұндай сөздер тек сөйлеу стилінде ғана 
емес, көркем туындылар тілінде стильдік-көркемдік мақсатпен, 
әр түрлі образ-бейнелер жасауда қолданылады (кейінгі тақы-
рыпта арнайы сөз етіледі). 
Бір жағдайды, хабарды тура айтпай тұспалдап жеткізетін 
сөздер табу (эвфемизм) делінеді. Стильдік тұрғыдан ұтымды 
тәсіл болып танылады: 
Бұларың кім? – деді Ұлпан. 
Төрттен астам аулының жігіттері ғой «Алтыбақан» 
құрып жатқан. 
Төрттен астам?..
Төрттен астам – Бесбай аулы дегенді білдірер (Ғ.Мүсірепов). 
Кітаби лексика – ойды нақты, дәл, анық беру үшін жазба 
әдебиеттерде қалыптасқан сөздер мен сөз оралымдары. Кітаби 
лексикаға көбіне саяси-әлеуметтік терминдер, әр алуан техни-
калық, экономикалық, іскерлік атаулар т.б. жатады. Белгілі бір 
стиль түрлерінде қолданылу аясына қарай ерекшеленеді. Мә-
селен, әр түрлі салалық терминдер ғылыми еңбектерде, әр түрлі 
оқулықтар тілінде көбірек ұшырасады. Ал көркем әдебиетте, 
ресми іс қағаздары тілінде, публицистикалық стильдерде сирек 
ұшырасады. 
Байырғы сөздер, сирек қолданылатын сөздер көркем 
әдебиет стилінде көбірек жұмсалады. Көркем әдебиет, ғылыми 
шығарма, публицистика т.б. түрлерінде кітаби лексика элемент-
тері қолданылады. 
Шайтан – сайтан нұсқалы сөздердің алғашқысы – бей-
тарап лексика, стиль түрлерінің бәрінде қолданылады, ал сайтан 
«сиқырлы» деген ауыс мәндегі сөз көбінесе көркем әдебиет 
стилінде, ауызекі сөйлеуде жұмсалады. 
Елбасы – Президент жарыспалы қатарларының ресми құ-
жаттарда Президент сөзі, газет-журналдар тілінде, яғни пуб-
лицистикада, көркем әдебиетте суреттеме нұсқасы Елбасы сөзі 
қолданыла береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет