М.Қанабекова


-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қол-



Pdf көрінісі
бет94/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

16-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қол-
данысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жа-
саңыз. 
Мына батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-
ау?! Тағы бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құй-
рығын болыстың қорқау көмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын 
не береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға 
бармаспын деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің ара-
сында сырқатты сызат түсіп еді. Мынау не жорық, қақпанға 
қайта түсті-ау, арланым, - деп Ахат іштен тынып бір күрсініп, 
Рысқұлды жұтып жіберген сайдың түбіндегі үрейлі қараңғы-
лыққа үңіле қарады (Ш.Мұртаза).
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем 
шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? 


Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі өтеді, 
Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, 
байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес 
еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір 
байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім 
Ескендірдің қасында (сонда).
17-тапсырма. Мәтін үзінділерінен ішкі монологтердің 
қолданылу уәжін, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз. 
...Бір болыс о дүниеге кетер, одан бұл дүниеде не өзге-
реді? Баяғы зар заман сол заман қалпында қалар. Әттең, дүниеде 
не көп, мен сияқты зорлық көргендер көп. Құлақ кесті құл 
болып жүре бермей, бәрі де үдере көтерілер күн болар ма? Әне, 
сонда әділетсіздік артын қысар еді. Менікі не? «Бүлінгенді бөрі 
жердің» кері емес пе? 
...Жоқ деді ол пішендегі шашыратқының қураған көк 
гүліне қол соза беріп, «Біреуге шұқыр қазса – алдыңнан ор шы-
ғады» деген қайда? Жазығым не? Бауыздарда лақша бақырады. 
Лақ құрлы болмай, тұяқ серіппей кете беру керек пе? Жоқ! 
Саймасай алшаң басып, аранын ашқан дүниеде маған орын жоқ. 
Атасына нәлет! (Ш.Мұртаза). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет