М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет126/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Тарихи стилистика – функционалды стильдердің қалып-
тасу, даму тарихын, әдеби тіл тарихындағы алатын орны мен 
маңызын қарастыратын диахронды аспектідегі зерттеу саласы. 
Прагмастилистика – стилистиканың жаңа бағыты, тілдік, 
қатысымдық бірлік ретіндегі дискурс пен мәтіннің стилис-
тикалық сипаты мен мазмұнын прагматикалық тұрғыдан зерт-
тейтін тың саласы. 
Дискурс – прагматиканың негізгі зерттеу саласы, күрделі 
коммуникативті-прагматикалық құбылыс. Тіл білімінде алға-
шында «сөйлеу» не «ауызша сөз» мағынасында қолданылған. 
Бұл – сөйлеу әрекеті жағдайында пайда болатын тілдік құбылыс
қазіргі түсінік бойынша өзара байланысты мәтінге негізделген


коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша сөйлеу формасы ретінде 
танылады. Сондай-ақ дәстүрлі стиль ұғымын нақтылау үшін де 
жаңаша қалыптасқан термин сөз. Мәселен, ғылыми дискурс
педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем 
әдебиет дискурсы, әдеби сын дискурсы, ресми дискурс деп 
аталып жүр.
Мәтін – күрделі коммуникативтік (қарым-қатынас) құ-
ралы. Тілдік қарым-қатынастың толық жүзеге асқан өнімді 
нәтижесі ретінде танылады. Яғни мәтін – сөйлеу әрекетінің, 
шығармашылық өндірістің жазбаша формасы.
Экспрессивтік стилистикатілдегі экспрессивтік әдіс-
тәсілдерді, яғни ойды көркемдеп жеткізудегі экспрессиялы 
құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилис-
тиканың жаңа бағыты.  
Экспрессияэмоцияны, ерікті ойды білдіруге, мәнер-
лілікті күшейтуге қызмет ететін стильдік категория. Яғни тілге 
эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің көркемдік қасиеті. 
Экспрессивтілік – сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы 
ойды әсірелеп, бейнелеп жеткізуде қолданылатын сөз өрнектері. 
Тілде экспрессивтілікті білдірудің сан алуан тәсілдері бар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет