М.Қанабекова


 Сөз таптарының стилистикасы



Pdf көрінісі
бет51/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

4.2. Сөз таптарының стилистикасы 
Сөз таптарының стилистикасы жекелеген сөз таптары 
және оның тұлғаларының стилистикалық мүмкіншіліктерін 
зерттеу аясында кеңінен дамып келеді. Мәселен, зат есімнің 
стилистикалық жүйесін алғаш рет Ф.Мұсабекова зерттеп, ол 
жайында оқулық, әдістемелік құралдарын ұсынса, ғалым 
Ш.Сарыбаев еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық ерек-
шеліктерін сипаттай келе, оның стилистикалық мүмкіншілігі 
жоғары екенін талдап көрсетеді. Сондай-ақ Ә.Болғанбаев, 
Б.Сағындықұлы, Ф.Оразбаева сынды ғалымдардың зерттеуле-
рінде сын есімдердің стилистикалық мәндестігі, синонимиясы 
кеңінен қарастырылды. Р.Сыздық еңбектерінде алғаш рет етістік 
категориясының, оның тұлғаларының көркемдік қызметі, поэти-
калық қырлары Абай шығармалары негізінде талдауға түсті, 
одан әрі аталмыш сөз табының стилистикасы ғалым 
Г.Әзімжанованың зерттеуінде жалғасын тапты.
 
4.2.1. Зат есімнің стильдік қолданысы 
Сөз таптарының ішінде әр түрлі стилистикалық мағына-
бояуға ие, түрлі грамматикалық тұлғаларда жұмсалатын сөз 
табы – зат есім. Ғылыми зерттеулердің көрсеткіші бойынша 
функционалдық және экспрессивтік тұрғыдан зор стилистика-
лық мүмкіншілігімен, қолданылу белсенділігімен танылатын 
сөздердің бір тобын зат есімдер мен етістіктер құрайды. Зат 
есімдердің стилистикалық қасиеті әсіресе жазба-кітаби стиль-
дерде ерекше көрінеді, мәселен, ономастикалық атаулар мен 
адамдардың қызмет, мекеме атауларын нақты беретін деректі 
зат есімдер ресми стильде жиі қолданылса, ал дерексіз зат есім-
дер (категория, инверсия, түйсік, сана) ғылыми стильде термин 
ретінде қолданылып, ақпарат беру, хабарлау қызметін атқарады. 
Көркем әдебиет стилінде де дерексіз зат есімдер (арман, қиял, 
сағыныш, бақыт, өкініш) экспрессиялық ерекше стильдік мә-
нерде көбірек жұмсалады. Сондай-ақ зат есімдердің көркем-
деуіш-бейнелеуіш тәсілдерді (метафора, метонимия, синекдоха, 
эпитет теңеуді) жасаудағы мүмкіншіліктері жоғары екендігі 


белгілі. Мысалы, мына үзіндіде мәтіннің көркемдік қуатын арт-
тыруда жиі жұмсалған зат есімнің семантикалық-стилистикалық 
мағынасының сан алуан қызметін көруге болады, ерекше стиль-
дік мән туғызған эстетикалық болмысы да, бейнелі сөздер туды-
рудағы қызметі де анық танылады. 
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам 
бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы – Әділбек, 
Асылбекпен бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе 
өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің 
қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы 
Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. 
Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен 
Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей 
сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері 
– баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. 
Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың 
жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қана-
тының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас 
жүрекке шабар жендеттің жебесіндей. 
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсына, 
сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды. 
Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның 
жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді. Абай көпке 
шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалды 
(М.Әуезов). Бұл мәтін ішінде нақты зат атауын білдіретін 
қаншама сөздердің (шам, білезік, сырға, бөрік, шолпы, т.т.) 
образдылық қасиетке ие болуы арқылы бейнелі ойдың суреті 
салынады, оқырман сезіміне ерекше әсер етеді. Зат есімнен жа-
салған көріктеуіш тәсілдер (теңеу) арқылы да кейіпкердің порт-
реті әдемі айшықталып берілген: қарлығаш қанатының ұшын-
дай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке ша-
бар жендеттің жебесіндей; жіп-жіңішке қасы да айдай боп
сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды; ел-
біреп барып дір еткен қанат лебіндей. Демек, зат есімдердің 
қолданыс аясы өте кең, әр түрлі мақсатта (мәлімет беруде, ақпа-
рат жеткізуде, ойға образдылық сипат беруде, т.т.) жұмсалып, 
түрлі стилистикалық мәнерде қызмет атқарады. 


Зат есімнің стилистикалық мәнері мен экспрессивтілік 
қасиеті көбіне морфологиялық құралдардың көпше не жекеше 
түрде қолданылу сипатынан көрінеді. Көптік жалғаулары қазақ 
тілінде көптік ұғым туғызу үшін қолданылады. Кей сөздер 
жалғаусыз тұрып та көптік мағына бере алады: шаш, өсімдік, 
бидай, адам, аң т. б. Ал контекст ішінде осы сөздердің бірқата-
рына жалғау қосылып, автор өз ойын тұспалдап жеткізу үшін 
қолданады: талай шаштар ағарды. «Мұғалімдеріңді сыйлау 
керек» дегенде мұғалімнің көпке ортақтығын, көп кісіге қатыс-
тылығын білдіреді. Ал «көздерін алайтып» деген тіркесте көп-
тік жалғауын қосып қолдану мағына айқындығы, ойды саралап 
жұмсау қажеттілігінен туындап отыр. 
«Көз, құлақ, аяқ, бет, қабақ» тәрізді зат атауларының көп-
тік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Негі-
зінен, қазақ тілі заңдылығында көптік жалғау жалғанбайды. 
Алайда қазіргі тілімізде мағына айқындығы үшін, ойды саралау 
үшін қажетті стильдік амал ретінде жұмсалады: «Мынау қолдар 
трактор жасаған қолдар» (Ғ.Мүсірепов). Көптік ұғым беретін 
сөздер мен тұлғаларды қолдану көркем әдебиет тілінде ерекше 
мән алады. Бұл – әдеби туындының жанрлық сипатымен немесе 
жазушының субъективтік айрықша тәсілімен ұштасып жатуы 
мүмкін. 
Зат есімнің септік жалғаулары да жалғанған сөзіне әр 
түрлі қосымша мән үстейді. Кейбір септік жалғауларын түсіріп 
айту да стильдік мақсаттан туады. Өткен ғасырлардағы ауызша 
поэзия тілінде бар тәсілдер – бүгінгі таңда жиі қолданылатын 
көркемдік амалдар. Мысалы, ілік, барыс, табыс септіктерінің 
түсірілуі және тәуелдік жалғауларының да түсіріліп жұмсалуы – 
өлең шартынан туатын ерекшеліктер: Арғымағың(ды) жаман-
дап, Тұлпар(ды) қайдан табарсың? (Асанқайғы), Тоғай(ға) 
қондым, өкінбен (Доспамбет), Күйбеңдескен көп жаман(ның), 
Сөзі тигенге ұқсайды (Шалгиіз), Ей, Қатағанның хан(ы) Тұрсын 
(Марғасқа). Мұндайды тіл ғылымында өлең синтаксисіндегі ық-
шамдау тәсілінің бірі дейді. Керісінше, кейде жалғауларды сөзге 
қосып жұмсауда әртүрлі стильдік мән болады: Бала кітапты 
оқыды – тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар. 
Кейбір сын есімдердің зат есім мәнінде жұмсалуы – сөздің 
жинақы, ойдың әсерлі болуы үшін ұтымды тәсіл. Мысалы: 


Жылы менен суықтың бәрін көріп, 
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. (Абай) 
Немесе: «…арсызбен жолдас болма», «күншілге жолама» 
– ауызекі сөйлеу стилінде ұшырасатын сөз оралымдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет