Бейнелі тұрақты тіркестер Мұндай топтағы сөз тіркестері тек ауыспалы мағынада
жұмсалып қоймай, сонымен қатар ерекше образды-мәнерлегіш-
тік сипатта жұмсалады. Ондағы ой метафоралы сөз орамдары
арқылы тұжырымды, өткір, әсерлі бейнеленеді. Сондықтан бей-
нелі сөз тіркестері деп аталады. Онда тұрақты эпитет, теңеу, тұрақты әсірелеу, тұрақты литота тәрізді поэтикалық тіл
үлгілері бар.
Тұрақты теңеу:үріп ауызға салғандай, тонның ішкі бауындай, инемен құдық қазғандай, көздің қарасындай, сөзі түйеден түскендей, бит шаққандай т.б. Тұрақты этитет:ай қабақ, ит жанды, жылқы мінезді т.б. Тұрақты әсірелеу:көзі шарасынан шығу, телегей-теңіз, көп түкірсе көл, қара қылды қақ жарған, күн десе көзі, ай десе аузы т.б. Тұрақты литота:дүниені бір уыс қылу, көз ілінбеу, кірпік қақпау, иненің жасуындай, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей т. б. Антитеза(шендестіру) жолымен құрылған сөз тіркес- тері: бірде бие, бірде түйе, мың асуға бір тосу. Дамыту:тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер; оқу – білім бұлағы, білім– өмір шырағы
т.б.
Параллелизм:қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі; Киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер. Анафора:бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды; қол қолды табады; көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады т. б.
Эпифора:Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ, аласаны атқа санама, жақынды жатқа санама. Фразеологизмдерге бейнелілік, мәнерлілік сипат беретін
дыбыс үйлесімі, ырғақ және ұйқас: сабыр түбі сары алтын; айтпа, айтқандарыңнан қайтпа; қысыла-қысыла қыз болдым т.б.