М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әдебиеттер
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.  Қазақ 
тілінің стилистикасы. Алматы, 1966, 1974, 2005. 
2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005. 
3. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 2003.  
4.Мұсабекова  Ф.  Қазақ  тілі  стилистикасының  мәселелері 
(көмекші құрал). Алматы, 1979. 
5.Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының 
негіздері. Алматы, 1991.  
6. Серғалиев М. Стилистика негіздері (оқулық). Астана, 2006. 
7.  Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет  стилистикасы  (оқу  құралы). 
Алматы,1999.  
8. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. Алматы, 1966. 

9. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы (оқу құралы).     
Алматы, 2007. 
10.    Серғалиев  М.  Cтилистикалық  ұғымдар  мен  категориялар  // 
ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. 1977. № 8. 
11.  Серғалиев  М.  Лингвистикалық  стилистиканың  түрлері  мен 
бағыттары // ҚазМУ хабаршысы. Филология  сериясы. 
1999.  № 31. 
12.  Қанабекова  М.  Қазақ  тілінің  стилистикасы. (Дәрістер  жина-
ғы). Алматы, 2004. 
13.  Матезиус  В.  Язык  и  стиль  //  Парижский  лингвистический 
урок. М.,1967. 
14.  Виноградов  В.В.  Стилистика.  Теория  поэтической  речи. 
Поэтика. М., 1963. 
15.  Виноградов  В.В.  Итоги  обсуждения  вопросов  стилистики  // 
Вопросы языкознания, 1954. № 1.  
16. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1983. 
17.  Cтилистика  русского  языка.  Под  ред.  Н.М.Шанского.  Л., 
1989. 
 
 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА СИПАТЫ 
 
2.1. Функционалды стильдерді                      
қалыптастырушы факторлар 
 
Функционалды  стилистика  (стилистика  речи)  –  лингвис-
тикалық  стилистиканың  үлкен  бір  саласы,  негізгі  зерттеу  ны-
саны  –  функционалды  стильдер.  Қоғамдық  өмірдің  маңызды 
саласында  пайдаланылып,  өзінің  айрықша  тілдік  белгілерімен 
ерекшеленетін, тілдік ұжымның қарым-қатынас қажетін өтейтін 
әдеби сөйлеу түрі – функционалды стилистика деп танылады.  
Функционалды  стилистика  ғылымда  айқындалған  маңыз-
ды екі қырымен сипатталады: бірі – таза лингвистикалық фактор 
(тілдік-стильдік белгілері) болса, екіншісі  – экстралингвистика-
лық фактор  (қолданыс  аясы,  әлеуметтік қызмет  түрлері,  қоғам-
дық  сана  формалары).  Функционалды  стильдерді  қалыптасты-
руда маңызды рөл атқаратын, оның табиғатын тереңірек тануға 
мүмкіндік беретін – тілден тыс, яғни экстралингвистикалық фак-

торлар  екені  даусыз.  Бұл  факторларға  орыс  тілі  стилистикасын 
зерттеушілер мыналарды жатқызады: 
- қолданыс тілінің мазмұны (тақырыбы); 
- қолданыс тілінің мақсаты; 
- қарым-қатынас жағдайы (қолданыс аясы); 
- сөйлеушінің не жазушының сипаты; 
- қолданыс тілінің жүйелері, т.б.
1
  
Қандай  да  бір  мәтіннің  не  айтылымның  белгілі  бір  мә-
селеге арналғандығы қолданыс тілінің мазмұнын сипаттайды, ол 
көбінесе тақырыптық атаудан көрінеді. Мәселен, қазақ тіл ғылы-
мына  байланысты  «Шешендік  сөздердің  прагматикасы»  деген 
тақырып осы ғылыми зерттеудің  негізгі мазмұнын ашып, оның 
шешендік сөздердің прагматикалық мәселесіне арналғанын бір-
ден  айқындап  тұрады.  Ғылыми  стильдің  тақырыбының  өзі-ақ 
зерттелгелі  отырған  сол  ғылым  саласының  негізгі  мазмұнын 
қамтитын терминдік атау арқылы беріледі. Өзге бір мәтіндерде 
қоғамның  өткір  мәселелері  не  белгілі  бір  ғылым  саласының 
өзекті проблемалары қамтылуы мүмкін. Ал әлеуметтік-тұрмыс-
тық  қатынастағы  тілдесу  кезінде  күнделікті  өмірдегі  әр  түрлі 
жағдаяттар әңгіме өзегіне айналады. Басқа жағдаяттарда радио-
теледидардан тыңдарман, көрермен қауым саяси ақпараттардан 
хабардар  болып    не  әдеби  қойылымнан  көркем  дүниелерді  қа-
былдайды,  тыңдайды.  Соған  орай  берілген  мәтіндер  мен  айты-
лымдардың  мазмұны,  тілдік  ұйымдасу  ерекшелігі  әр  түрлі  бо-
лады, қалайда қарым-қатынастың бір түрі айқындалады. 
Қолданыс  тілінің  мақсаты  қатысымдық  тұлғалардың  бел-
гілі бір мәтінге немесе айтылымның сипатына байланысты мін-
детінен  туындайды.  Зат-құбылыстың,  ақиқат  дүниенің  мәнді 
белгісін  көрсетіп,  шындықты  ұғым  түрінде  бейнелеу  ме,  әлде 
белгілі  бір  мақсатқа  үндеу  ме,  не  зат-құбылысты  бейнелеу  ар-
қылы оқырман сезіміне әсер ету ме, нақты мәліметтер беріп, ха-
барлау  ма,  өзара  тілдесу  ме  –  осындай  мақсаттық  ерекшелікте-
ріне қарай  белгілі  бір  мәтін  түзіледі,  ол  қандай  да  бір стильдің 
көрінісі болып табылады. 
                                                           
1
 Стилистика русского языка, Л., 1989, с.141 

Қарым-қатынас жағдайы қолданыс аясының ресми не бей-
ресми  сипатына  қарай  анықталады.  Ресми  аяда  сөйлеу  үлкен 
жауапкершілікті, зор дайындықты талап етеді. Қолданыс тілінің 
барынша жазба әдеби тіл нормаларына сай сөз саптауда айқын-
дылық,  дәлдік,  икемділік  талаптарының  болуы  шарт.    Ал  бей-
ресми аядағы  жағдай тікелей қарым-қатынас жасау барысында 
жүзеге  асады.  Негізгі  мақсаты  өзара  тілдесу  не  тікелей  хабар 
беріп, хабар алу болғандықтан, норма талабы сақтала бермейді. 
Тілдік  құралдардың  ықшамдылығы,  сөз  таңдаудың  еркіндігі, 
оның  эмоциялық  мәні  басым  болатындығы,  паралингвистика-
лық  факторлардың,  бейвербалды  элементтердің    қатысуы,  бей-
әдеби  бірліктердің  қолданысы  жиі  байқалады.  Дегенмен  де, 
қарым-қатынастың  қандай  аясында  болмасын,  тілді  жұмсауда 
мәдениеттіліктің  болуы,  этикалық  норманың  бұзылмауы  шарт. 
Сайып  келгенде,  қарым-қатынас  жағдайында  сөйлеушінің  өзін-
дік сипаты, сөз қолдану мәнері оның жеке интеллектуалдық қа-
білетіне,  рухани  дәрежесіне,  білім  деңгейі  мен  мәдени  болмы-
сына,  адамгершілік,  сыпайылық,  т.б.  қасиеттеріне  қарай  таны-
лады.  
 
 
2.2. Функционалды стильдерді жіктеудегі                      
ғылыми көзқарастар 
 
Әдеби  тілдегі  стильдер  жүйесіне  арналған  еңбектерде 
функционалды  стильдерді  топтастыру  әртүрлі    принциптер  не-
гізінде  болып  келгенімен,  оларда  көбінесе  жанрлық  принцип, 
тілдің  жанрлық  ерекшеліктері  негізге  алынады.  Сондықтан  бұл 
еңбектерде  стильдердің  саны  бірдей  емес,  бірақ  ұқсас  болып 
келеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев
2
 алдымен кітаби (жазба) және сөй-
леу  стильдері  деп  бөліп,  кітаби  стильдің  өзін:  ресми  іс  стилі, 
көркем  әдебиет  стилі,  публицистикалық  стиль,  ғылыми-көпші-
лік  әдебиет  стилі  деп  жіктейді.  А.И.Ефимов
3
  мынадай  стиль-
дерді саралап көрсетеді: көркем-беллетристикалық стиль, қоғам-
дық-публицистикалық  стиль,  ғылыми  стиль,  профессионалды-
                                                           
2
 
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. М., 1965, с. 18-25 
 
3
 
Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1954, с. 21-27 

техникалық стиль, ресми іс қағаздар стилі, эпистолярлық стиль. 
Ал Р.А.Будагов
4
 стильді бұл жағынан екі түрге ғана бөледі: көр-
кем  стиль  және  ғылыми  баяндау  стилі.  Д.Э.Розенталь
5
  еңбек-
терінде де осы стильдердің көбі қайталанып көрсетіледі. Демек, 
«Прага  мектебі»  ғалымдары  мен  француз  стилистикасындағы 
Л.В.Баллиден бастау алатын бұл жіктелістің орыс тіл біліміндегі 
көптеген  зерттеушілердің  еңбектерінде  қолдау  тауып,  орнық-
қаны белгілі.  
Жалпы  көптеген  әдебиет  жанрларының  пайда  болып 
дамуы  стиль  түрлерін  қалыптастыруда  айрықша  рөл  атқарады. 
Мысалы,  ХХ  ғ.  басында  публицистика  жанрының  өркендеуі, 
ғылыми әдебиеттердің жазылуы, ресми іс қағаздарының жүйелі 
түрде  жазылуы  т.б.  қазақ  тілінің  әр  түрлі  стиль  түрлерінің  қа-
лыптасып,  орнығуына  әсер  етті.  Бірақ  қанша  жанрлар  болса, 
сонша  стильдердің  болуы  шарт  емес.  Міне,  осы  жағынан  кел-
генде, әдеби тіл тарихына қатысты зерттеулерінде белгілі ғалым 
С.Исаев
6
  қазақ  әдеби  тілінде  қалыптасқан,  өзіндік  белгілері  бар 
басты  үш  түрлі  стильді  атап  көрсетеді:  көркем  стиль,  ресми 
стиль және бейтарап (нейтралды) стиль. Дегенмен, орыс тіл білі-
міндегі  теориялық  таным-түсініктердің  негізінде  қазақ  зерттеу-
шілерінің  де  жіктелісінде  функционалды  стильдердің  дәстүрлі 
түрлері  айқындалып  қалыптасқандығы    белгілі:  ауызекі  сөйлеу 
стилі, ресми іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистикалық 
және көркем әдебиет стильдері.  
 Қазақ әдеби тіліндегі функционалды  стильдер жүйесі не-
гізінен қоғамдық сананың формаларына сәйкес келеді, олардың 
қалыптасуы  қоғамдық  сананың:  тұрмыстық  сана,  эстетикалық 
сана, ғылыми сана, саяси сана, діни сана тәрізді түрлерімен ты-
ғыз байланысты жүзеге асады. Қоғамдық сана түрлерінде тілдік 
ұйымдасу,  ең  алдымен,  әдеби  тілдің  функционалдық  стильдік 
тармақтарына  тән  негізгі  белгілерді  ажырата  білумен  айқында-
лады.  Өйткені  функционалдық  стильдердің  айырым  белгілерін 
білген автор қарым-қатынастың міндетіне, сипатына сәйкес бел-
гілі  бір  функционалдық  стильге  тән  тілдік  бірліктерді,  амал-
                                                           
4
 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1968, с.131-165 
5
 Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. М., 1965, с. 12-13 
6
 Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996, 16-22-б. 

тәсілдерді,  стильдік  нышанды  (маркерлі)  сөздерді  талғап,  сара-
лай алады. Бұл мәселенің тілдік жағы болса, ендігі тұста тілдік 
емес  жағына  да,  яғни  экстралингвистикалық  факторларға  мән 
берілуге  тиіс.  Экстралингвистикалық  факторлардан  функцио-
налдық стильдердің жіктелуінде әлеуметтік  қызмет түрлері, қо-
ғамдық сана түрлері маңызды рөл атқарады. 
Функционалды  стильдерді  қалыптастыруда,  ең  алдымен, 
тілдің әлеуметтік  қызмет түрлері негізге алынатындығы дәлел-
деніп  келді.  Академик  В.Виноградов  әдеби  тілдің  стильдерін 
ажыратуда,  жоғарыда  айтқандай,  тілдің  басты  үш  түрлі  әлеу-
меттік  қызметі  маңызды  рөл  атқаратындығын  атап  көрсетеді. 
Олар: 
-
 
қатынас жасау, тілдесу (функция общения); 
-
 
хабарлау не ақпарат беру қызметі (функция сообщения); 
-
 
әсер ету қызметі (функция воздействия). 
Тілді  осындай  түрліше  қызметте  жұмсау  нәтижесінде  әр  
түрлі  стильдер  қалыптасады.  Осы  қызметтеріне  сәйкес  тіл 
стильдерінің: тұрмыстық сөйлеу (қатынас жасау), ғылыми, рес-
ми (хабарлау) және публицистикалық, көркем әдебиет стильдері 
(әсер  ету)  сияқты  түрлері  сараланып,  бір-бірінен  өзіндік  белгі-
лері арқылы ажыратылады. 
 
қарым-қатынас жасау                            
қызметі 
ауызекі сөйлеу стилі 
 
хабарлау қызметі 
ғылыми стиль;  
ресми-іскери стиль 
 
әсер ету қызметі 
 көркем әдебиет стилі;                                                          
публицистикалық стиль 
 
Демек, әдеби тілдің қоғамдық  қызметінің кеңеюімен бай-
ланысты оның жанрлық-стильдік тармақтары қалыптасып, дами 
түседі.  Әдебиеттің  әр  түрлі  жанрлық  түрлерінің  тууына  лайық 
олардың  өзіндік  тіл  өрнектері  қалыптаса  бастайды.  Жалпы 
тілдік тұрғыдан келгенде, әдебиеттің жанрлық түрлерінде ешбір 
айырмашылық  болмағанымен,  оның  да  жұмсалу  мақсатына 
қарай  тілдік  элементтердің  қолданылуында  өзіндік  ерекшелік-
тері  болып  отырады.  Әдебиет  жанрының  бір  түрінде,  мысалы, 
көркем  шығармада  көп  мағыналы  қасиеті  бар,  экспрессивті 
мәнді  тілдік  элементтер  көбірек  қолданылса,  екінші  түрінде 

(мыс.,  ғылыми  әдебиетте),  керісінше,  нақтылы  мағынасы  бар 
тілдік  элементтер  жүйесі  қолданылып  отыруы  мүмкін.  Мұндай 
саралану әдебиеттің жанрлық түрінің лексикалық құрамынан да, 
грамматикалық құрылысынан да, сөз тудыру жүйесінен де көрі-
ніп отырады. Осыдан барып әдеби тілдегі бұрыннан бар стиль-
дік тармақтар айқындалып, саралана түседі не стилішілік шағын 
түрлері қалыптасып дамиды. Функционалды стильдердің шағын 
түрлері  «белгілі  бір  мәтіндердің  жиынтығы  ретінде  көрініс 
береді,  ал  сол  мәтіннің  әрқайсысын  шағын  стильдің  құрамына 
енетін  жанр  деген  жөн  сияқты»  деп  есептейді  ғалым 
М.Серғалиев
7
.  Ғалымның  пайымдауынша,    іс  қағаздары  ресми 
стильдің бір түрі болып есептелсе, анықтама – сол шағын ресми 
кеңсе  стилінің  жанры  болып  табылады.  Сондай-ақ  радио-
телехабарлардың  тілі  публицистикалық  шағын  стиль  екендігі 
белгілі, ал репортаж сол шағын стильдің жанры ретінде қабыл-
данады.  Екеуара  немесе  үшеуара  әр  түрлі  тақырыпта  әңгіме-
дүкен құрып отырса, ол – бейресми ауызекі шағын сөйлеу стилі, 
ал олардың ауа райы жөніндегі әңгімелерінің мәтінінің тілі – сол 
шағын стильдің жанры. 
Олай  болса,  қазіргі  стилистика  ғылымында  қазақ  әдеби 
тілінің  функционалды стильдері қатысымдық әрекеттің  нақты-
лы  жағдаят-міндеттеріне  байланысты  шағын  түрлерге  (стилі-
шілік  жанрларға)  жіктелетіндігі  даусыз.  Мәселен,  көркем  әде-
биет стилінде проза, поэзия, драматургия жанры; публицистика 
стилінде ақпараттық мақала, бас мақала, репортаж, газет, очерк 
жанрлары;  ресми  стильде  іс-қағаздар  жанры  (өтініш,  арыз,  іс-
парақ, бұйрық, жарлық т.б.), құқықтық құжаттар жанры (консти-
туция,  заң,  нұсқаулық,  ереже  т.б.),  дипломатиялық  қатынас 
жанры  (нота,  хаттама,  құттықтау  т.б.);  ғылыми  стильде  моно-
графия,  ғылыми  мақала,  ғылыми  анықтамалық  жанр,  ғылыми 
ақпараттық  жанр  (реферат,  аннотация,  резюме  т.б.),  оқулық 
жанры, ғылыми-көпшілік әдебиет жанрлары болады. 
Функционалды  стиль  түрлерінде  стильаралық  «ауыс-
түйістер» орын алады, яғни бір стильде басқа стильдің элемент-
                                                           
7
 Серғалиев М. Стилистика негіздері, 2006, 55-б. 
 

тері  кездесе  береді,  функционалды  стильдердің  әр  түрінің  эле-
менттері  қабаттаса  қолданылып,  көп  қабатты  стильдік  құбы-
лыстар  пайда  болады.Тілдік  құралдар  қызмет  ету  барысында 
қарым-қатынастың  жағдайы  мен  мақсатына  сәйкес,  олардың 
дәстүрлі  қолданылу  ерекшеліктеріне  байланысты  бір-бірімен 
сан  алуан  қарым-қатынасқа  түседі.  Соның  барысында  кейбір 
тілдік тұлға-бірліктер жиі, кейбірі сирек қолданылады. Осының 
нәтижесінде  тілдік  әрекеттің  әр  түрлі  саласында  тілдік  ұйым-
дасу  түрліше  сипатқа  ие  болып  келуі  мүмкін.  Осыдан  барып 
стиль қалыптасады.   
Әдеби  тілдің,  әсіресе  оның  жазба  түрінің  жетілген  ша-
ғында қоғамдық қызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі. Ол 
өзі  қызмет  етіп  отырған  қоғамның  ресми  тіліне  айналады. 
Соның  негізінде  ол  мемлекет  тарапынан  жүргізілетін  барлық 
ресми  іс  қағаздарының,  әр  түрлі  әдебиеттің,  баспасөздің,  оқу-
ағарту  жұмысының,  білім-ғылымның  тілі  болып  қалыптасады. 
Ғылымдағы біршама анықталған критерийлерге (ұстанымдарға) 
қарай  тілдегі  стильдік  жүйені  әуелі  жұмсалу  сипатына  байла-
нысты  ауызша  және  жазбаша  деп  ажыратушылық  бар.  Соған 
орай  стильдік  жүйенің  екі  түрі:  ауызекі  сөйлеу  тілінің  стилі 
және жазба стильдер болып қалыптасқан (әдеби тілдің екі фор-
мада  қызмет  ететіні  белгілі).  Жазба  стильдердің  өзі  мынадай 
тармақтарға  бөлінеді:  ресми-іскери  стиль,  публицистикалық 
стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі. Дегенмен де әр 
функционалды  стильдің  ауызша  әдеби  түрі  айқындалып,  тілі-
мізде орныққан (мәселен, елшілік кездесулерде, сот процесі ке-
зінде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қаты-
насында ресми стильдің ауызша түрі қолданылады). 
Функционалды  стильдердің  стильдік  сипатын  жан-жақты 
танып,  талдау  жүргізуде  мынадай  құрылымдық  ерекшеліктері 
ескерілуі қажет: 
1.
 
Қарым-қатынас аясы 
2.
 
Қарым-қатынас мақсаты 
3.
 
Қарым-қатынастың стильдік сипаты: 
а/  қарым-қатынас  түрі (ауызша  және  жазбаша); 
ә/стильдік    ерекшелігі  (ресмилігі,  бейресмилігі,  образды-
лығы, логикалылығы, бағалауыштығы, т.б.); 
б/  баяндау  тәсілдері; 

в/  адресат  сипаты 
4.
 
Тілдік ерекшеліктері: 
а/  фонетикалық-интонациялық;  
ә/  лексика-фразеологиялық ; 
б/  морфологиялық; 
в/  синтаксистік 
 
 
2.3.  Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды  
стильдері 
 
                           2.3.1.  Ауызекі сөйлеу стилі 
 
Ауызекі  сөйлеу  стилі  –  функционалды  стильдің  бір  түрі. 
Ол  күнделікті  қарым-қатынас  барысында,  оның  барлық  сала-
сында  (тұрмыста,  өндірісте,  таныс  ортада,  т.  б.)  ауызша  қолда-
нылатын  сөйлеу  үлгісі,  бұл  –  әдеби  тілдің  қарама-қарсысында 
танылатын  құбылыс,  өзіндік  нормасы  мен  тілдік-стильдік  бел-
гілері бар. Негізгі қолданылу формасы – диалог, монолог. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде ауызекі сөйлеу стилі, оның лек-
сикалық,  синтаксистік,  прагматикалық  ерекшеліктері  арнайы 
зерттеу  нысанына  алынды.  Зерттеушілерден
8
 
Р.Әміров, 
М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина, З.Ерназарова т.б. ғалымдар ауызекі 
сөйлеу  тілін  стилистикалық  та,  коммуникативтік-функционал-
дық  жүйе  тұрғысынан  да  тани  отырып,  тілдік-амал  тәсілдердің 
прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) бай-
ланысты қарастыратын еңбектерінің, сонымен қатар тілдік ком-
муникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қаты-
сушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалды / 
бейвербалды  түрінің  ерекшеліктерін  теориялық  әрі  әдістемелік 
тұрғыдан  қарастырған  Ф.Оразбаеваның
9
  да  зерттеулерінің  сти-
листика,  сөз  мәдениетінің  коммуникативтік-нормативтік  аспек-
тісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызы зор.  
                                                           
8
  Әміров  Р.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  синтаксистік  ерекшеліктері.  А.,  1971; 
Серғалиев  М.,  Нұрғожина  Ш.  Қазақтың  сөйлеу  тілінің  эмоционалды-
экспрессивті лексикасы. А., 1995; Ерназарова З. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік 
бірліктерінің прагматикалық негіздері. Фил. ғыл. док...дисс. А., 2002 т.б. 
9
 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы және  әдістемесі. А., 2000. 

Ауызекі сөйлеу стилінің басқа стильдерден біршама өзге-
шеліктері  бар.  Мұнда  екеу  немесе  үшеуара  сөйлесу  барысында 
тілдің  сөз  мәдениеті  тұрғысынан  талап  қою  дұрыс  бола  бер-
мейді.  Негізгі  мақсаты  тікелей  және  тез  хабар  беріп,  хабар  алу 
болғандықтан,  ауызекі  тілде  әдеби  тілдің  нормасынан  тыс  сөз-
дер  мен  сөз  тіркестерінің  –  варваризмдер,  кәсіби  сөздер,  жар-
гондар,  диалектілердің,  т.б.  жиі  кездесетіндігі  түсінікті.  Бұл 
ауызекі тілі стилінің заңдылығын бұзу деп есептелінбейді. 
Ауызекі  сөйлеу  стилінің  тағы  бір  ерекшелігі  –  әңгіме  та-
қырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа-райы тура-
лы  сөйлесіп  тұрып,  күтпеген жерден  өндіріс  мәселесін сөз  етуі 
мүмкін).  Тілдегі  экспрессивтілік,  эмоционалдық  қасиеттер  көп 
жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады. 
Ауызекі  сөйлеу  стилінде  лингвистикалық  факторлармен 
қоса,  бейвербалды  факторлардың  (паралингвистикалық)  да  қа-
тар пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табы-
лады  (сөз  болып  отырған  оқиға  тыңдаушысына  түсінікті  болса 
да, бет пішінінің, қолының қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағы-
ның (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл – фонетикалық ерекше-
ліктері, сөздерге әр түрлі екпін түрлерін түсіру арқылы да ойға 
түрлі экспрессивтік  реңк, бояу беріп айтылуы да жатады. 
Ауызекі  тілді  жалпыхалықтық  тілдің  бір  түрі  ретіндегі 
әдеби сөйлеу тілінен ажырата  білудің елеулі мәні бар. Сөйлеу-
дің ауызша түрі, яғни әдеби формасы функционалды стильдер-
дің  барлығында  кездеседі.  Мұндай  түрін  стильдердің  ауызша 
түрі деп қараған жөн (радио-теледидар хабарлары, ондағы сөй-
ленетін  сөздер,  сахнада  көркем  шығарманың  оқылуы,  дәріс, 
баяндамалардың жасалуы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі т.б.). 
Ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы грам-
матикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты (толымсыз, жа-
лаң  сөйлемдер,  эмоциялы  жай-күйді  жеткізуде  лепті,  сұраулы 
сөйлемдер  жиі  қолданылады.  Сөз  қайталау  тәсілі  бар,  сөйлем 
мүшелері  инверсияланып  жұмсалады,  кейбір  морфологиялық 
тұлғалар ықшамдалып беріледі (кеп, боп, келгесін…). 
Ойдың  әсерлі  жұмсалуының  да  шарттары  ауызекі  тілде 
жүзеге  асады:  эмоциональды-экспрессивті  реңдегі  сөздер,  сөй-
леу  сипатындағы  фразеологизмдер,  қарапайым  сөздер  де  жұм-
салады. 

Ауызекі  сөйлеу  стилінің  элементтері  басқа  стиль  түрле-
рінде  мақсатқа  сай  қолданыла  береді.  Әсіресе,  көркем  әдебиет 
стилінде  кейіпкерлер  тілінде,  шығарманың  жанрлық  сипатына, 
мақсатына  орай  авторлық  баяндауда  да  қолданыла  береді. 
Мысалы:  Қ.Ысқақов  «Ақсу  –  жер  жаннаты»  деген  романында 
кейіпкерлерінің  аузына  әкри,  шорту  сияқты  одағай  іспеттес 
ауызекі  элементтерден  бастап,  бет-мордасы  (бет-әлпеті  деген-
нің  орнына),  түйекөтен  (помидор),  қотқа  жүрмейді,  ассалау 
деген  әдеби  нормадан  тыс  элементтерді,  сондай-ақ  қарапайым 
мәндегі  фразеологизмдерді  (ит  жанды,  ит  жоқта  шошқа  үреді), 
дөрекі  сөздерді  (малғұн,  жемтік,  тыраштанып)  салады.  Бұл 
сөздердің бірқатары тұлғасын өзгертіп, кекесінмен, мысқылмен 
қолданылған,  өйткені  шығарма  юмормен  жазылған  дүние,  сон-
дықтан стильдік мақсатта жұмсалған әрі эмоционалдық-экспрес-
сивтік бояуы қалың тілдік ерекшеліктер болып саналады. 
Төмендегі  үзінділерден  ауызекі  сөйлеу  стиліне  тән  ерек-
шеліктерді анық аңғаруға болады: 
Дәт ақсақал: 
  –  Бөтен  жақтың  аты-жөніңді  білмес,  ажарыңды  та-
нымас  адамымен  кәйтіп  саудаласып,  қол  соғысып  жүресін, 
Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына 
базардан  ат  іздетіп  жүрмей-ақ  қоялық.  Бұ  яқтағы  ел  де 
Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәмет-
тің  үйіне  барып  табамыз.  Жүрелі!  –  деп  Мағаштар  жатқан 
Әбсәметтің үйіне әкелген.  
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп: 
–  Табанынан  жарылған  жануар-ай!  –  деп  екі  қолын  жұ-
дырығын  түйе  созып  көрсетіп.  –  Айызыңды  қандырды-ау! 
Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен 
таңдай  қақты.  Шұлғып  қалды  ғой  мүлдем.  Атама,  әкем  тегі. 
Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң 
да  жақсы,  атың  да  жақсы  босын  десем,  десемдей  екесің, 
Мағаш  мырза!  (М.Әуезов).  Осы  үзінділерде  жазушы  жергілікті 
сөйлеу  тілінің  ерекшеліктерін  Дәт,  Жамбыл  сияқты  кейіпкер-
лердің тілінде стильдік мақсатпен орынды пайдаланған. 
Ауызекі сөйлеу стилінің қысқаша талдау үлгісі: 
1.Қарым-қатынас  аясы  –  адамдармен  еркін  әңгімелесу 
жағдайында, таныс ортада. 

2.Қарым-қатынас  мақсаты:  өзара  тілдесу,  жедел  ақпарат 
беру. 
3.Стильдік  сипаты:  бейресмилігі,  сөйлеу  еркіндігі,  ойдың 
автоматты түрде берілуі, айтушы эмоциясының басымдығы. 
4.Тілдік құралдары: 
-  бейтарап  және  эмоционалды  сөздер,  диалектизмдер, 
дөрекі  сөздер,  қарапайым,  тұрмыстық  сөздер,  варваризмдер, 
сөйлеу тілінің фразеологизмдері; 
-  көріктеу  тәсілдері  (метонимия,  синекдоха,  табу,  эвфе-
мизмдер) қолданылады; 
-  дауыс  ырғағына  қарай  сөйлеуші  қаратпа  сөз,  қыстырма 
сөз, одағай сөздерді қолданады; 
- сөздердің орын тәртібі еркін болады; 
- әдеби тілдің қалыпты нормалары толық сақталынбайды; 
5.Тілдік  емес  (бейвербалды)  белгілері,  паралингвистика-
лық амал-тәсілдерді пайдалану ерекшелігі.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет